Схемотехника



бет6/36
Дата25.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#32208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Конспект лекции (1)

2.2 Екілік дешифраторлар

 

Дешифратордың шығысында кіріс екілік кодқа тәуелді шығыс тізбегінен бір тек қана біреуі қозғалады. n кірісі бар екілік дешифратордың n-разрядты екілік кодта әртүрлі комбинация мәндеріне сәйкес келетін 2n шығыстары болуы керек.



 

 2.1 сурет - Дешифратордың шартты белгісі (а) және  (б) схемасы



 

Дешифраторлардың шартты белгілерінде DC әріптері көрсетіледі (ағылшынша Decoder). Дешифратор кірістері оларды екілік салмақпен белгілеуге қабылдаған. Дешифратордың ақпараттық кірісінен басқа, EN (Enable) деп белгіленетін бір немесе бірнеше кірістері болады.





……………………..



Стандартты дешифраторлардың аз разрядтылығы олардың разрядтылығын өсіру талабын қояды. Ол үшін кіріс сөздер өрістерге бөлінеді. Кіші разрядты өріс разрядтылығы дешифратор кірістерінің сандарына сәйкес келеді. Қалған үлкен разрядтар өрісі кіші разрядтар өрісінің кодын шешетін дешифраторлардың біреуінен жұмыс істеуге сигналдар алу үшін қызмет етеді. 



Мысал ретінде, 2.2-суретте «3-8» және «2-4» дешифраторлары көмегімен бес разрядты екілік код дешифрация схемасы келтірілген. 

 

 

2.2 сурет - Дешифратор көлемінің өсу схемасы



 

Керекті 32 шығысты алу үшін «3-8»  дешифраторының төртеуінен бағана құрылады.  «2-4» дешифраторы  кіріс кодының екі үлкен разрядын қабылдайды.  Осы дешифратордың қозғалған бірлік шығысы бағананың бір дешифраторын оның кіру рұқсатымен ашады. Бағанадан алынған дешифратор кіріс сөздің үш кіші разрядының шифрын шешеді. Әрбір кіріс сөзге тек бір шығыстың қозғалысы сәйкес келеді.

Мысалы, х4х3х2х1х0 = 110012 = 2510 сөзін шешу кезінде дешифратор кірісінің бірінші белдеуінде оның шығысын үшінші нөмірге қозғалтатын 11 коды бар, ол  DC4 жұмысына мүмкіндік береді. DC4 кірісінде 001 коды әсер етеді, сол себепті, бірлік оның бірінші шығысында  пайда болады.

Схемалардың жұмысына  рұқсат пен тиым бірінші белдеу дешифраторының EN кірісі бойынша жүзеге асады.

 

2.2.1 Екілік шифраторлар.



Екілік шифраторлар дешифраторға қарама-қарсы операцияларды орындайды: шифратордың бір кірісі қозғалғанда, оның шығысында қозғалған кіріс желінің екілік коды қалыптасады. Екілік шифратор 2n кіріске және n шығыстарға ие.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет