Схемотехника


Логикалық элементтердің статикалық параметрлері



бет3/36
Дата25.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#32208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Конспект лекции (1)

1.1 Логикалық элементтердің статикалық параметрлері

 

Статикалық параметрлер дегеніміз логикалық элементтердің (ЛЭ)  кірісі мен шығысында кескінделетін айнымалылар (0 және 1) шекарасында кескінделетін кернеу мәндері:



1) кірісі бойынша  Uкір1min және Uкір0mах.;

2) шығысы бойынша Uшығ1min және Uшығ0max

және ток мәндері:

3) кірісі бойынша Iкір1max және Iкір0mах;

4) шығысы бойынша Iшығ1mах және Iшығ0mах.

Элементтер дұрыс жұмыс жасау үшін логикалық 1 кескіндейтін кернеу мейлінше жоғары, ал логикалық 0 кескіндейтін кернеу төмен болуы талап етіледі. Бұл талаптар  Uкір1min және Uкір0mах. параметрлеріне қойылады. Осы элементтің кіріс кернеуі алдыңғы элементтің шығыс кернеуі (сигналдар көзі). Жүктемелік шарттарды орындағанда сақталатын элемент шығысындағы элементтер деңгейі Uшығ1min және Uшығ0max параметрлері арқылы беріледі. Шығыс кернеуінің жоғарғы деңгейінде элемент қорек көзінен ток ағып, жүктеме тізбегі токты сіңіреді. Элемент қорек көзінің шығыс кернеуінің төменгі деңгейінде ток осы элементке құйылып, ал қабылдағыш элементтерінің кіріс тізбегінен токтар ағады.

Сигналдың қорек көзі элементтерінің мүмкіндіктерін сипаттайтын  Iшығ1mах және Iшығ0mах токтарын, қабылдағыш элементтеріне қолданылатын Iкір1max және Iкір0mах токтарын біле отырып, схеманың барлық элементтері үшін жүктемелік шектелуді сақтауды бақылауға болады.

Логикалық элементтердің тезәсерлігі олардың бір күйден екінші күйге ауысу жылдамдығымен анықталады. 1.2 суретте ЕМЕС логикалық элементінің жұмысының уақыттық диаграммасы көрсетілген. Логикалық сигналдың өзгеру уақыты  олардың Uтаб, табалдырық деңгейіне жету уақыты болып саналады, ол үшін сигналдың логикалық төмендеуінің ортасын алады 0,5(Uо + U1).



1.2 сурет – ЕМЕС логикалық элементі жұмысының уақыттық диаграммасы

 

ЦҚ тезәсерлігіне, сондай-ақ қайта зарядтауға уақыт  жұмсауды талап ететін сыйымдылықта әсер етеді. Анықтамалық мәліметтерде схема түйіндерінде жүктеме сыйымдылығын есептеуге мүмкіндік беретін логикалық элементтердің кіріс және шығыс сыйымдылықтары келтірілген.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет