3 Дәріс. Әмбебап логикалық модульдер
Функцияның n-аргументтері тең екені белгілі. n өскен сайын функция саны өте тез өседі. ӘЛМ-нің әмбебаптығы оны аргументтің берілген сандары үшін, кез-келген функция күйіне келтіруге болады.
3.1 ӘЛМ-ді күйге келтірудің бірінші әдісі
Күйге келтірудің бірінші әдісі: кейбір кірістерді бекіту болып табылады. Бұл әдіс үшін n аргументтер саны мен 2n күйге келетін кірістер саны арасындағы қатынастар нақтырақ болады. Онда, күйге келтіру коды үшін комбинация саны функция санына тең – . Осы кезде мекен-жайлық кірістерде – функция аргументтері, ал ақпараттық кірістерде – күйге келтіру сигналдары беріледі (3.1 суретті қара).
3.1 сурет - ӘЛМ ретінде мультиплексор қолдану схемасы
Сондықтан, ӘЛМ ретінде мультиплексор қолдану үшін оның кірістерінің мәндерін өзгерту керек.
Шынымен де, әрбір аргумент жинауға күйге келтірудің бір шығысына жіберу сәйкес келеді. Егер осы сигнал осы аргумент жинауда функция мәні болса, онда мәселе шешілді. Әртүрлі функциялар үшін күйге келтірудің әртүрлі кодтары сәйкес келеді: 0 және 1.
3.2 суретте, «4 - 1» мультиплексоры көмегімен мәнді әртүрлі функциялар келтірілген.
3.2 сурет – «НЕМЕСЕ-ні қоспағанда» функцияны жүзеге асыратын ӘЛМ схемасы
Күйге келтірілетін кірістердің үлкен мәндері ӘЛМ-ді жүзеге асыруды қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |