Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет11/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Қызыл жебе
Рысқұл шерінің көзіне тіктей қарап, арбасып қалды. Енді көзі 
тайып кетсе де хауіп. Тау мен таста жалғыз жүргенде нелер қиын-
қыстау кезеңдер болған: аюмен де алысты, ұялас қасқырлардың 
қамауында да қалды. Бірақ соның бәрі мына қияметтің ширегінен 
де келмес еді. Бұл сын-сынақтың көкесі болар. Бет-аузыңның 
бір жері жыбыр етіп, қорыққан белгі берсең – барыс садақша 
атылып бас салғалы тұр. Қанша балуан болсаң да, бұл арланға 
шыдас беру оңай болмас. Бұ шерің бір соққанда атан түйенің 
белін сындырып жүре береді.
Төменнен ұлар қақылықтады. Барыстың бір құлағы ғана 
сәл тыпырлағандай болды. Әлгі ұлар тағы қақылықтап алып, 
аңғардың бергі бетінен арғы бетіне парылдап ұшып бара жатты. 
Төбеден мұзарт шың төніп тұр. Көмекке келер жан жоқ. Егер 
осы жерде Рысқұл жазатайым болса, іздейтін кім бар? Әрі десе, 
Талғардың бұл биігіне одан басқа ешкім көтеріліп көрген емес. 
Дмитриев болса алыста. Азғана мезгіл ішінде Рысқұлдың басында 
неше қилы ойлар жөңкіліп өтті. Жазатайым кетсе, ит-құсқа жем 
болып, сүйегі шашылып көмусіз қалады. Былтырғы ғалым орыс 
алқапқа Рысқұлдың атын беріп еді-ау. Әлденеге көрінбесе нетті 
Рысқұлдың алқабы – Рысқұлдың қазусыз моласына айналмаса 
нетсін.
Бірін-бірі арбасқан ғаламат секундтар өтіп жатты. Бір кез 
Рысқұл шыдай алмай:
– Әй Шері – деді жәй ғана. – Мен саған тимеймін. Бар, бара 
бер.
Барыс Рысқұлдан көзін тайдырып әкетті де, білдірмей, 
жапырақ, шөп-шалам да сыбдырлатпай, мамық үстімен бара 
жатқандай маң басып, аяқтарын сылаң тастап, сұлу мүсін кете 
барды. Енді бір сәтте ол қарсыдағы жарқабақты қиғаштай 
тартып жоғары шыңға қарай көтеріле берді. Не бір тас, не бір 
қиыршық домалатқан жоқ. Жарқабақпен емес, әуемен қалқып 
бара жатқандай. Оқ жетер жер.
«Атып алсам ба екен?» – деген зәлім ой Рысқұлдың басын тағы 
бір шалықтап өтті. Артынша тәубаға келді. «Осыншама сері, 
сертіне мәрт сұлтан шеріге ту сыртынан ұрланып оқ атқаным – 


24
Қызыл жебе 
өлім болар» деп ойлады Рысқұл. Мұның тәңірдей теңбіл терісін 
жамылғанша Саймасай лақтың тулағын неге жамылмайды.
***
Арқардан жолы болмаса да, барыспен кездесіп, қан төгіспей 
ажырасқанына Рысқұл қуанып, қам көңілі едәуір жеңілейіп, 
көтеріліп қалды. Әлгі барыстың мәрттігіне тәнті болып, оны 
өзінің піріндей көріп, қанаттанған тәрізді. Қайдағы бір ұсақ-
түйек күйбің тіршіліктің уайымына бола, қыл аяғы жаман 
тоқтышаққа бола көңілі ала, жаны нала болғанына ренжіп, дүр 
сілкініп, қайратына қайта мінді. «Бөрі азығы мен ер азығы жолда 
емес пе тәйірі, – Саймасайдың бір қара тоқтысын сұраусыз-ақ 
алсам нетті? Болыстың мойнында менің талай тоқтылық ақым 
кетті, мен неден сонша мүсәпірмін, атасына нәлет», – деп Рысқұл 
болыс ауылының отары жатқан өріске тіке тартты.
«Көжеден басқа асым жоқ, құдайдан басқа досым жоқ», өзіме 
өзім сыйынбасам, маған кімнің жаны ашыған. Болысқа бір тоқты 
деген қауыншының бір көк түйнегіндей емес пе?».
Қара қойдың отары Кекілік сайдың күнгей қабағындағы 
шырмауық аралас шүйгінде шылқып жатыр екен. Таудан түсіп 
келе жатқан жалғыз аттыны алыстан шалып тұрған Ералы қойшы 
көк есегін «ықылап» аңшының алдынан шықты. Салт атты таяп 
келгенде Рысқұл екенін танып:
– Е, бұл кім десем, батырмысың? Аманбысың, әкебай. Үй 
ішің, мал-жан аман ба? Аңнан қайттың ба? Қанжығаң майланды 
ма? –деді.
Жалпақ мұрын шұбар шал жалпаңдап жатыр. Шын көңілі сол-
ақ тау аңғарындай аңқылдақ. Бірақ әлгі аман-саулық сұрасуы 
кекесіндей естілді. «Қанжығаң майланды ма?» – дейді көріп 
тұрып. Қанжыға жылан жалағандай тып-типыл емес пе?!
– Ереке, әне бір құнан қойды ұстап маған өңгерте салшы, – 
деді аңшы.
Қойшы «қалжыңы шығар» деді.
– Байдың малын қайтесің, батыр, – деп күлген болып еді, 
мұрны бұрынғыдан бетер жайылып кетті.
– Ау, Ереке, мен шын айтып тұрмын.


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет