Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет7/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123
Қызыл жебе
Ахат сонда жалбыр қасын жалп еткізіп, көзін ашып алды. Көз 
жанары жайдары, жұмсақ екен, әрбір қимылын андып отырған 
Рысқұлдың іші жылып қалды. Тәуіп өз құлағы ауыр болған соң 
жұрттың бәрі саңырау деп ойлай ма екен, жарықтық, әйтеуір:
– Рысқұл! А! Рысқұл! – деп айқай салды. – Аруақ-құдай 
қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. Қатты келген екен, 
әлгі сүзекті айтам. Енді ештеңе етпейді. Беті бері қарады. Түйірі 
бар тамақ ішкізбей қоя тұр. Ұн қуырып, сұйық быламық бер және 
айтарым таба алсаң, қара қойдың қалжасы керек. Тек майын 
алған сорпасын ғана ішкіз. Құдай қаласа, жігітің жазылып кетеді.
Ахат орнынан тұрып, таяғына сүйеніп, бүкшеңдей басып 
есікке беттеді. Шығып бара жатып, артына бұрылып. – Әлгі қара 
қойдың қалжасын ұмытпа, – деді.
Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына 
рақмет айтуды да ұмытып кетіп еді.
– Айтпақшы, адыраспан тұтатып, күн қызылы батқанда 
баланы үйдің сыртына алып шығып, құбылаға қаратып, 
шашыратқының қайнаған суымен ұшықта, – деді тәуіп қайта 
бұрылып.
* * *
Тышқан мұрнын қаната алмас. Тышқақ лағы да жоқ. Жөнді 
жуынды тимеген соң Желтабан да зорман аулап, күні бойы тау 
бөктерлеп үйден безіп кетті. Тау демекші...
Рысқұл дәл қазір құлжа атып алатындай, асыға басып далаға 
шықты. Айнымас досындай кеудесін айқара ашып Талғар тұр 
екен. Иә, Талғарға көтерілмегелі де көп уақыт болып қалыпты. 
Былтыр Петербордан келген оқымысты орысты ертіп шыққаннан 
кейін қайтып, Талғар белуарына көтерілген емес.
О да бір өте шыққан күндер екен. Орыстардың ішінен, әсіресе 
ұлықтарының ішінен ондай мың болғыр оңдысын бұрын көрген 
жоқ. Метрей, ия, Метрей еді ғой аты. Талғардың биік шыңдарына 
жол тауып алып шыққаны үшін Рысқұлға көп күміс ақша беріп, 
Рысқұл үйі сонда битін бір төгіп қалып еді.
Сол орыс кетерінде:
– Егер қысылсаң, хабарла, – деп еді.


16
Қызыл жебе 
«Жағдайымды айтып, хат жазғызсам ба екен?» – деп те бір 
ойлады Рысқұл. – Бірақ сонау жер түбіндегі бір көрген орыстан 
қара қойдың пұлын сұрап, алақан жайғаным қалай болады? Одан 
да мылтық алып, тау кезіп келгенім дұрыс шығар. Жүргенге 
жөргем ілінер деген. Киік семірген кез...»
Талғардың басында ұшпа бұлт тұр. Еш адам баласы басып 
көрмеген шыңдарына Рысқұл мен ол ерткен Петербор орысы 
Метрей шыққан Талғар. Дүниенің төбесіне сонда көтерілген. 
Дүниенің асқақтығын сонда көрген. «Ұлы тауға шыққан бар ма, 
ұлар етін жеген бар ма?» – деген сұраққа:
– Бар! Ол – Рысқұл, – деп жауап берсе болғандай.
Тайқы маңдай тағдырдың дегеніне амал жоқ. Рысқұл енді, 
Саймасайға барып, алдын тағы көрмекші. Мырзаға құр қол бару 
ылайықсыз. Табылса, таудан бір теке атып, соны тарту етпекші. 
Болыстың әуестігі жоқ, ешкі етіне оның қатындары да жерік 
емес. Жиырмаға шығып қалған соқталдай баласы құмар. Киіктің 
асығына құмар. Тебіндеп мұрты шыққанша тасыраңдап асық 
ойнайды. Қолында киіктің асығы жүрсе, көктегі күннен шылым 
тұтатқандай таңқиып мәз болады. Баласының өзге құрбы-
құрдастарынан айбыны асып жүргенін Саймасай да ұнатады. 
Рысқұл жауығып кетсе де, оның қолынан таутеке тартуын 
қабылдап алар еді. Мерген соған сенеді.
Саймасайдың осы Қалдыбек деген баласына екіқабат кезінде 
бәйбішесі Бибісара аюдың етіне жерік болып, болыс ордасының 
ойран ботқасы шықты. Сонда да әжетіне жараған Рысқұл еді. 
Адам баспас асқар таулардан аю атып әкеліп, бәйбішенің жаны 
қалған. Сонда қошеметшіл көп сәуегей: «О болыс-еке, бәйбішеңіз 
асқан батыр ұл табатын болды», – деп жалпаңдасқан. Сөйткен 
Қалдыбек батыр болмады, ақылы ауыстау дәлдір, боркемік 
болбыр, мұрынбоғы жылтыңдап асық ойнаудан басқаны 
уайымдамайтын осал болды.
Аңшы жолға таң құланиектен аттанды. Тау жолын тосырқап 
қалған Шолақ Шабдар Рысқұлдың ыңғайын таныған соң, Есік 
өзенін жағалай ескі соқпақпен аяңдай берді. Өткен, 1903 жылдың 
осындай жазында Рысқұл дәл осы соқпақпен Петербордан 
келген мырзаны алып жүрген. Атақты географ, үлкен ғалым 


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет