Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет8/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Дмитриев арнайы ақ патша империясының астанасынан келіп, 
Іле Алатауының заңғар биігі Талғар шыңын зерттемек болғанда, 
оған жол көрсетуші көмекші керек еді. Сөйтсе бүкіл Алматы 
атырабынан Талғардың тасына ешкім көтеріліп көрмеген екен. 
«Ау, енді кім бар-ау?» – деп ұлық әкімдердің өзі сұрау салғанда 
Шығыс Талғар болысында тұратын Тау-ІІІілмембет Рысқұл бар 
деген хабар шығады. Ұлықтың тапсыруымен Саймасай болыс 
Петербордан келген ғалымға жолсерік, жол сілтеуші етіп әйгілі 
аңшы Рысқұлды қосып берген.
Ғалым сонда құйған қоладай батыр тұлғалы тау қазағын 
көріп, келбетіне көңілі толған. Сонымен Дмитриев атқа қонған. 
Ал Рысқұлдың атқа мінбей, тұқыл мүйіз, қоңыр өгіз ерттеп 
мінгенін көріп қайран қалған. Сөйтсе қоңыр өгіз тас қиямен, 
қиямет қылдай жолмен жүруге келгенде арғымаққа бергісіз 
екен. Сол жолы Рысқұл Есік өзенінің сағасымен бастап отырып, 
оқымыстыны Іле Алатауының зүмірет алқасы Есік көлінің 
жағасына алып шыққан. Сонда Дмитриев:
– Мынандай ғажайыпты көргеннен кейін, Талғар шыңына 
шықпағанның өзінде, менің мақсатым орындалды! – деп 
Рысқұлдың арқасынан қаққан.
Есік көлді айналып өткен соң алпауыт Талғардың төскейі 
басталып, жол қиындай берді. Өсімдіктің реңі өзгеріп, биік 
жайлау жаннатындағы жайқалған тау гүлдері атақты ғалымды 
жайраңдай қарсы алды. Дмитриев атынан домалап түсіп, тау 
гүлдерін теңіз кешкендей малтып жүріп, көкемаралды бір сипап, 
киік-отын бір иіскеп, бір кезде:
– О, эдельвейс! – деп айқайлап жіберген. – Эдельвейс 
жанкешті қаһармен ерлердің гүлі. Сені де көретін күн бар екен-
ay!
Рысқұлға мұның бәрі ерсі. «Құдайдың қу шөбіне де өстіп 
таңданады екен-ау. Ғалымбысың деген, ерте күнді кеш қылмай 
баратын шыңына бармаймыз ба?» - деп қалған.
Ғалым әр шөпті сабағынан бәкімен қиып алып, ыждағаттап 
дорбаға салып, қойын дәптеріне әлденелерді жазумен әлек.
– Мынау эдельвейс. Қазақша аты не? – деп сұрайды 
Рысқұлдан.


18
Қызыл жебе 
– Е, құдай, кәдімгі қаргүл ғой. Кейде еңлік деп те атайды.
– Мынаны біз аконит дейміз, қазақтар не дейді?
– Ол тұқымың құрғыр уқорғасын. Мал жемейді, жесе өліп 
қалады.
Есік көлдің желкесі желкілдеген көкорай. Қызыл, жасыл 
жайқалған гүл. Шүмілдік пен ботагөз, қазтамақ пен желайдар, 
рауғаш пен ауша, жанаргүл мен қашқаргүл, сарғалдақ пен құлмақ, 
долана мен үшқат аралас сансыз шөптер аттарын географ ерінбей 
ежіктеп сұрап, хаттап алды.
Сол күні олар Талғар алқымындағы тағы бір алқа – Ақкөл 
жағасына жетіп, сонда түнеп тыныстап еді.
Ақкөл – Есік көлге қарағанда жадағай. Жағасында сызылып, 
сылаң қағып тұрған сұлу шырша мұнда жоқ. Суы да жасыл зүмірет 
емес. Ашаң, ақшыл тартып жатады. Жағасы толған тарғыл тас. 
Өңкиген түйетастар Талғардың апайтөсінен бір заманда құлаған 
Есік көл қанша сұлу болғанмен, өзегіне нәр беріп жатқан Ақкөлге 
қарыздар. Есік көл қазір жазғы күн батып бара жатқан ақшам 
мезгілінде төменде, табан астында қарауытып жатыр.
Мезгіл шілде іші болса да тау омырауы сақылдаған салқын. 
Ақкөлдің айдыны ашулы. Сондықтан да болар, құс баласы 
көрінбейді. Оның есесіне көктеңбіл ханбалық көп екен, мейман 
қармақ салып, әне-міне дегенше бір шелек балық іліп алды. 
Қауқылдасып, даурығысып еді. Қармаққа балық ілінген сайын 
ғалым қатыны ұл тапқандай қуанып, картузын аспанға лақтырды.
– «Ғалымбысың деген», – деп Рысқұл оның мына тірлігін 
қомсынып отырды. Қанша кедей болса да судан балық сүзуді 
кәсіп қылмаған қазаққа бұл бала-шағаның қылығындай көрінді.
Шаршаған қоңыр өгіз біраз оттаған соң әрірек барып ыңқ етіп 
жата кетті де көзін жұмып күйіс қайыруға кірісті. Зеңгі бабаның 
намазы сияқты онысы.
Рысқұл тасжарғанның бұталарын, көл толқыны жағаға 
шығарып тастаған ақсөңке жинап от жақты. Тастан қалап ошақ 
тұрғызып, сырты ысталған қара шәугімді отқа қойды. Көктеңбіл 
хан балық жалғанның шырыны екен, петерборлық мейман 
екеуі тоя тамақтанып алды. Аттар мен өгізді ит-құс, аю жарып 


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет