20
Қызыл жебе
Келесі, 1904 жылы осы маршрутты
профессор Сапожников
қайталады. Бірақ Сапожников бұл өзеннің бойымен тек Ақкөлге
дейін ғана жеткен де кері қайтқан. Ал мен болсам Ақкөлден ары
тағы да он-он екі шақырым ең қиын жол жүріп өткенмін.
Бірақ 1903 жылы менің бағыма қарай, маған жол көрсетуші
болып Шығыс-Талғар болысының қазағы Рысқұл Жылқыайдаров
жолықты. Профессор Сапожниковте Рысқұлдай жол бастаушы
болған жоқ.
Бұл өзі Шілмембет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара
шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл
атырапта одан өткен мерген, Іле
Алатауын одан артық білетін
адам болмаған.
Рысқұл мені бұрын ешбір картаға түсірілмеген қиямет қиын
жолдармен алып жүріп, Талғардың ту сыртынан шығарып, Есік
өзенінің басталатын кезінен әрі алып барды. Соның арқасында
менің 1903 жылғы саяхатым елеулі ғылыми нәтижелерге ие болды.
Бұл табыстарым үшін мен өзімнің жол бастаушым Рысқұлға
қарыздармын. Оның мені небір қиын құздардан,
жап-жалтыр
мұздардан жол тауып, асқан жігер күшпен, айла-ептілікпен алып
жүргенін көрсең.
Талғар шыңдарын бірінші зерттеуші ғалым ретінде мен Мұзарт
етегіндегі Есік өзенінің сағасы басталатын алқапты Рысқұл
алқабы деп атап, оның есімін мәңгі қалдыруға өзімнің хұқымды
пайдалана отырып, шешім қабылдадым. Өйткені ғылым алдында
оның еңбегі зор».
Бұл сөздерді ғалым жиырма жылдан кейін жазды. Ал, жиырма
жыл бұрын, Ақкөл жағасында, түнгі от
басында отырғанда ол
мұндай шешімді іштей армандаған. Сол түні отбасында Рысқұл
жүресінен шоқ көсеп отырып, Мұзарт таудың өзін елжіретер
мұңды да қаһарлы әнді ыңылдап салып еді.
Дүние
қудым он жасымнан,
Тартады бойым ауыр қорғасыннан
Су қойса арқасына төгілмейтін
Танады о да бір күн жорғасынан...
– Не туралы? – деп сұрады ғалым.