Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет5/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Төсек тартып жатқан ауру бала – анау отырған алпамса кеуделі 
Рысқұлдың жар дегенде жалғыз ұлы Тұрар еді. Жатқанына жарты 
айдан асты, аузына су тамызып, әке-шеше қасынан бір елі кетпей 
отырғанына да жарты айдан асты. Әуелі оның науқасын ешкім 
елеген жоқ. Жүзі сынық, ойынға зауқы жоқ салғырт тартып бір-
екі күн жүргенде, үлкендер оны жай тұмау-сұмау шығар деген де 
қойған.
Өгей шешесі Ізбайша:
– Күн өтіп кеткен шығар, өмірі бала болып, тіл алып, тақиясын 
киіп жүргенді білмейді, – деді.
– Иә, ол тақиясын тақия телпек ойнап жыртып қойған, – деді 
қарындасы Түйметай. Ал әкесі Рысқұл баланы басынан сипап 
қана қойған. Сонда әке жазған сезіктеніп те қалып еді: баланың 
басы шашына дейін ысып тұр екен. Көнтек алақаны соны 
сезген. Көпті көрген алақан өз сезігін білдіріп-ақ баққан. Әкенің 
алақаны-ай десеңші! Сол алақан аялап өсірген балада арман бар 
ма?
Рысқұл жаманға жорығысы келмеді. Күн тисе – тиген шығар, 
– деді де қойды. Ал Тұрардың өңі солған гүлдей суала берді. 
Кешке жақын тысқа дәретке шыққан бала үйге қайтып кіргенде, 
табалдырықтан аттай бере құлап қалды. Кешкі ас-судың қамында 
жүрген Ізбайшаның:
– Ойбай! – деген дауысы шығып кетті. Жүгіріп барып, 
баланың басын сүйеді. Дауыстап сыртта жүрген күйеуін шақырды. 
Жайшылықта ағасының әрбір ағат қимылын аңдып, бала мінезбен 
бір мұқатып қалатын Түйметай да қазір оқыс шошынып, тұлымы 
селтиіп, жыларман боп тұр еді. Жаман дауыстан жүрегі дір еткен 
әке үйге барысша бір-ақ атылып кірді де, баласының әлпетінен 
іштей сескеніп қалды. Бірақ сыр бермей, сабыр сақтап, Тұрарды 
жерден көтеріп апарып, аласа ағаш төсекке жатқызды.
Міне, сол жатқаннан әлі тұрған жоқ. Рысқұл қатарынан үш-
төрт түнді ұйқысыз өткізді. Ерні кезеріп, күйіп-жанып бара 
жатқан баланың аузына су тамызып отырды. Болыс ауылынан 
Әкрәм молда келіп, үшкірген болды. Бірақ сыңайы ауруды енді 
адам санатына қоспайтындай. Қоштасарда Рысқұлға:


12
Қызыл жебе 
– Е, батыр, ештеңе етпес. Сүзек екен. Әруақ-құдай қолдаса, 
ештеңе етпес, ештеңе етпес, – деп жүзі тайқып, үйден асығыс 
шығып кеткен.
Дүниенің бұраңдаған қисық-қисық жолында маңдайына 
бармақтай бақ құралмаған Рысқұл үшін бұл жалғанның бар 
қызығы осы балалары еді: Тұрары мен Түйметайы. Жер ортасына 
таянғанда көрген жарық сәулелері. Екеуі көзінің екі жанарындай. 
Бұлардан бұрынғы бейшараларға бұл фәниден ұзақ дәм-тұз 
бұйырмаған.
Сөйтіп жүргенде көрген Тұрары ғой, Тұрар деген атының 
өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді. Енді соның өзін есейіп, 
ес біліп қалғанда ажал-құзғын айналдырып, тұзағын талша 
мойынға аяусыз тастап тұр. Намаз оқымас, ораза тұтпас Рысқұл 
енді сасып, амалсыз Аллаға сыйынды. Ақ пайғамбардың
сәбилердің пірі Ұмай-ананың есімдерін ішінен әлденеше рет 
атады. Бәйдібек бабасына, Домалақ атанған Нұрилә анасына 
сыйынды. Енді осыдан бала оңалып, құдай қуат берсе, Түлкібас-
Жуалыдағы туған жерге бір қайырылып, Қаратау қойнында, Бала-
Бөген бойында тұрған Бәйдібек бабасы мен Домалақ анасының 
күмбезіне барып бас иіп, тәжім етуге ант берді. Алдақашан жер 
томпайтып қалған Жылқыайдар әкесін, Бердіқұл ағасын есіне 
алды. Солардың басына барып құран оқытқызбасам ба деді. Қу 
тірліктің тәлкегінде жүріп, оларды еске алып, құран түсіртпегеніне 
кешірім сұрады, – Тұрар ұрпағың еді ғой, мейіріміңді сал, – деп 
Жылқыайдар әкесінің, Сәлік бабасының әруағына жалбарынды.
Тұрардың қатты құлағанына Ізбайша да қиналып, уайым жеп, 
ауру баланың асты-үстіне түсіп, ықыласын салып-ақ бақты. 
Төсектен тұра алмай буын-буыны құрыған дардай баланың 
зәрін тосып алып, айналып-толғанып-ақ жүр. Сөйтсе де құрғыр, 
өгей шеше өзегі Рысқұлдай өртене қойған жоқ. Нардай Рысқұл 
аз күннің ішінде азып-тозып, кәдімгідей шөгіп қалған. Ізбайша 
жанашыр болғанмен, жанкүйер бола алған жоқ. «Тәңірінің ісі, 
аламын десе де өзі біледі, қоямын десе де өзі біледі. Адамның 
жаны – Алланың аманаты, қашан қайтып алуы өзінің ықтияры» 
– деп жүрді ішінен. Пендешілік қой, жас келіншек Тұрардан 
Рысқұлды қызғанып та қалушы еді. Күйеуі өз ұлының жолында 


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет