216
Қызыл жебе
Судья жақтырмай қалды. Рысқұлдан рақмет күтіп тұр еді,
бірақ айыпталушы илікпеді. Қайта талап қойып тұр.
– Ол соттың ісі емес. Бірақ тілегіңді губернатордың назарына
салайық. Ал Жоғары мәртебелінің
атына арыздануыңа болады,
деді сот самарқау ғана. Өзінше істі бір әділ шештім бе деген
сенімде еді, бірақ Рысқұлдан ықылас танымай, іші жиырылып
қалды.
* * *
Түрмеге апарарда айдауылдар, сырттағы баспалдақтан түсе
бере Рысқұлдың аяғын қайта кісендеді. Талыстай еменде бүкшиіп
отырған шоң мұрын Ахат ағасы:
– Не болды, Рысқұл-ау? Не болды? – деп қалтаңдап тұра
берді.
– Он жыл, Ахат! Он жыл, атасына нәлет! Қатырғыға айдайды.
Сен әлі кетпеп пе едің? Не бар отыра беріп? Қайт ауылға.
– Бізде ауыл бар ма, қарағым-ау, ауыл қайда, топалаң тиіп,
топырағы суырылды ғой ауылыңның. Сені әкеткенше осы қаланы
айналақтап, жүре тұрамын, қарағым.
– Анадағы Петербор орысына тағы хат жаздыр. Кім біледі,
жандалбаса ғой. Мүмкін, бір себебі тиюі. Досың Рысқұл он
жылға сотталды, Сібір айдалатын болды де.
– Қайдам, қарағым, ана жолғы хаттан хабар болмады ма?
Әлгі ноғай алдады ма, кім біледі. Тағы барып көрейін. Тұрарды
бір көрсем деймін.
– Тұрарды көргің келсе, үлкен шіркеудің алдынан тос.
Сондағы мектепке түрме бастықтың баласын күймемен алып
барады. Сонда жолығарсың.
– Мә, қарағым, мынау менің тапқаным. Тұрарға апарып
бер, –деп Ахат Рысқұлға бір түйіншек ұсына беріп еді, айдауыл
жұлып алып, түйіншекті шешіп қарады: ішінде бір қалта талқан,
бір уыс құрт, қағазға оралған қораз кәмпит бар екен. Қауіпті
зат таппаған айдауыл түйіншекті Рысқұлға ұсына берді. Екі
айдауыл, бір тұтқын бағанағы трашпенкеге отырып, түрмеге
беттеді. Трашпенке келесі көшеге түсіп, көрінбей кеткенше, Ахат
арттарынан үздіге қарап көп тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: