Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет108/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

* * *


217
Қызыл жебе
Губернатор фон Таубе округтік соттың шешіміне қанағаттанбай 
қалды. Адъютанты арқылы судьяны шақыртты. Қасқабас судья 
хабар  алысымен  бір  минут  кідірмей,  «Рысқұл  ісін»  құшақтап 
губернатордың алдына жеткен.
–  Құрметті  Алексей  Иванович,  управительді  өлтіруші 
бұзыққа бүйрегіңіз сонша бұрғаны қалай? – деп фон Таубе бірден 
алқымға қол салды. – Қай уақыттан бері империя жаулары сіздің 
рақымыңызға  ие  болатын  болған?
–  Ғафу  етіңіз,  Жоғары  мәртебелім,  –  деп  Кузьмин  әңгімені 
аяңмен бастады. – Біздің сот, яғни ұлы патшаның соты, әділет 
принципін  ұстанады.  Гуманизм  деген  бар.  Одан  аттап  кете 
алмайсың.  Киргиз  Рысқұлды  кісі  өлтіргені  үшін  маңдайынан 
ешкім  сипамайды.  Бірақ  барлық  аргумент  Саймасайға  қарсы. 
Егер  управительдер  халыққа  жазықсыз  жәбір  көрсете  берсе, 
халықтың  наразылығы  күшейеді.  Одан  сайып  келгенде, 
империяға зиян шаш етектен, Жоғары мәртебелім. Өртті өршітіп 
алып өшіріп әлек болғаннан гөрі, оны тұтатпау әлдеқайда тиімді. 
Ал  Саймасай  жатқан  жыланның  құйрығын  өзі  басқан.  Іспен 
танысқан боларсыз, басқа қиянаттарын былай қойғанда, «Қызыл 
Жебе»  дейтін  бәйге  атының  өліміндегі  сойқанды  ғана  еске 
алыңызшы.  Сұмдық  қой.  Тағылық  қой  барып  тұрған...
Губернатордың  бір  қызығы  ат  болушы  еді.  Жақсы  ат  ұстап, 
саяхатқа  шығуды  ұнататын.  Ерегіске  бола  ерен  жүйрікті 
бауыздатып  жіберген  управительдің  қылығына  оның  да  ызасы 
келді. Ал болыстың адамға жасаған қиянаты көп деген уәж оның 
құлағына  кірген  жоқ.
–  Тағылық  дегенді  тауып  айттыңыз.  Управительдердің 
арызын  ғана  еске  алыңызшы.  Енді  олар  не  дейді?  Олар  өлім 
жазасын  талап  етіп  еді,  ал  сіз  небары  он  жыл  бердіңіз.  Мұны 
қалай  түсіндіреміз  оларға?
Қасқабас судьяның  көзі  императордың  суретіне  түсті.  Оның 
үкімін император да құптамай тұрғандай суық қарайды.
–  Он  жыл  каторга  жабайы  киргиз  үшін  оңай  жаза  емес, 
Жоғары мәртебелім. Енді ол қайтып Жетісуға оралмайды, бұған 
сеніңіз.


218
Қызыл жебе 
–  Қателесесіз, Алексей Иванович. Ой-ой, қалай қателесесіз, 
көгершінім.  Сіз  айтып  отырған  «жабайы  киргиздардың» 
әйелдерінің өзі ат үстінде толғатып, түйе үстінде туа береді. Бұлар 
итжанды,  өте  шыдамды.  Он  жыл  Сібір  Рысқұлдың  жұмырына 
жұқ  та  болмайды.  Тек  сізге  деген  өзімнің  ыстық  ықыласым 
ғана  сіздің  шешіміңізді  бұзып,  істі  қайта  бастаудан  мені  бас 
тартқызады. Басқа біреу болса, илікпес едім. Сіздің шешіміңізді 
бұзып,  беделіңізге  нұқсан  келтіргім  жоқ.  Тәңірі  жарылқасын.
Губернатор өзінің орынбасары Осташкинді шақыртып, тәртіп 
берді.
–  Он  жыл  каторгаға  кесілген  Рысқұлдың  түс  белгілерін 
хаттап,  өзін  суретке  түсіріп,  жолға  дайындау  жөнінде 
полицмейстерге  нұсқау  беріңіз.  Ұзаққа  созбаңыз.  Не  де  болса, 
біздің  қарамағымыздан  қарасы  үзілсін.  Сол  дұрыс  болар.
Вице-губернатор  өз  кабинетіне  келісімен,  басқа  шаруаны 
былай  қойып,  гербілі  қағаз  алып  жаза  бастады.
«Верный полицмейстеріне.
Верный  округтік  сотының  үкімімен  Шығыс-Талғар 
облысының  киргизі  Жылқайдаров  Рысқұл  Жазалау  Ережесінің 
1453-статьясындағы  3-пункт  бойынша  қылмысты  деп 
танылып,  он  жыл  каторгаға  сотталды.
Осыны  хабарлай  отырып,  Облыстық  Басқарма  Сізден 
Жылқайдаров  Рысқұлды  жер  аударылушы  арестанттар 
тобына  жатқызып,  оның  түр-түсі  жөнінде  мәліметтер 
алуыңызды  сұрайды.  Сонымен  бірге,  айдалу  тізіміне  тігу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет