Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет112/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
Таубайдың тілінен ірің тама жаздап барып, лаж жоқ, тістенді 
де  қалды.  Әйтпесе:  «Бүлінгеннің  бүлдіргісін  алып  жатқан  өзің 
емес пе, болыс мырза? Саймасай бүлінбегенде не болды? Тағында 
отырсың.  Жесірін  жемтік  күткен  күшігендей  күн  санап  күтіп 
отырсың.  Рысқұлдың  Шолақ  Шабдарына  дейін  өз  табыныңа 
қостырдың»,  –  демекші  еді,  айтпады.  Ішіне  без  байланды  да 
қалды.
Ақыры  болыс  писаріне  оязға  арнап  хат  жаздырды.  Кешірім 
сұрап,  құлдық  ұрып,  рақым  тілеп  хабарлағаны:  «Рысқұлдың 
қатыны  Ізбайша  қазір  Шымкент  оязы,  Майлыкент  болысы, 
Түлкібас деген жерде болуы керек. Шығыс-Талғар болысының 
жерінде  Ізбайша  жоқ».
Рысқұл  тұқымының  бәлесінен  қорыққан  Анарбай  Таубай 
старшынға  тапсырма  берді.
–  Әлгі  Ахат  деген  өлмелі  шалы  өз  ажалынан  өлгенше, 
тиіспей,  қонаштамай  қоя  тұрыңдар.  Ол  қай  бір  жұртын  қимай 
отыр дейсің. Туыстарына ілесе алмай, амалсыз шөгіп қалған ғой. 
Арам  қатып  жүрмесін,  қарайласыңдар,  –  деді.
Ояз  Сорокин  үшін  бұл  жайсыз  хабар  болды.  Опырылып  ор 
құлаған жоқ, бірақ мінезі шәлкес фон Таубеден сескенеді. Кейде 
бір болмашы нәрседен ілік іздеп, ізіне түсіп алатын, реті келгенде 
сол  ұсақ-түйекті  бетіңе  салық  қылып  салатын  шатағы  бар 
губернатордың ылғи да ық жағында жүретін ояз қазір насырдың 
алдын  алып,  дереу  Шымкент  уезінің  бастығына  телеграмма 
дайындатты.
Бір  жағынан  қорланды.  Су  құрлы  сұрауы  жоқ  бір  киргиздің 
қатынына бола биік мәртебелі ояздар арасында іздеу салған ресми 
қатынас болмақ. «Таз ашуын тырнаудан алдының» керімен енді 
ояз Шығыс-Талғар болысының управителі Анарбай Үшкемпіров 
пен сондағы приставты мықтап мытып алмаққа бекініп қойды.
Шымкентке жедел телеграмма жөнелтілді:
Шымкенттің  оязы  қайдағы  бір  Ізбайша  дегеннің  кім  екенін, 
қайдан іздерін біле алмай, бұған аса мән бермей, көп жұмыстың 
арасында  ұмытып  та  кеткендей  еді,  екінші  телеграмма  тағы 
сарт  ете  қалды.  Бұл  жолы  қол  қойған  Жетісу  губернаторының 
орынбасары  Осташкин  еді.


226
Қызыл жебе 
«Шымкент уезінің бастығынан.
Жетісу  облыстық  басқармасы  біздің  1905  жылы  17 
желтоқсанда  18374  нөмірлі  телеграммамызға  жауапты 
жеделдетуіңізді  өтінеді.  Киргизка  Ізбайша  Жылқайдарова  өз 
күйеуі  Рысқұл  Жылқайдаровпен  бірге  каторгаға  баруға  келісе 
ме,  жоқ  па?
Вице-губернатор Осташкин».
* * *
Шығыс-Талғар  болысын  жиырма  жылдан  астам  мекендеген 
Тау-Шілмембеттен туған жері Түлкібасқа тұңғыш оралған Омар 
болды. Баяғы көзкөргендердің көбі жоқ. Мұны білетіндер қатары 
селдіреп қалған. Арып-ашып, қайыршылық халге жеткен Омарды 
түлкібастықтар әрең таныды. Қанша айтқанмен, өз жұрты ғой, 
жылу жиып, босағасынан сығылысып орын берді.
Қарақойынның қырқасындағы бұрынғы мекеннен тек шоңайна 
басқан төмпешік қана қалған екен. Омар сол тоқал тамнан қалған, 
сидиған қурай басқан үйіндінің үстіне шығып, бір кезде балалық 
шағы, балаң кезі өткен үйдің енді моладай томпайып жатқанын 
көріп, өкіріп тұрып жылады. Жылағанмен көзіңе ғана әлің жетеді, 
басқа қылар дәрмен жоқ, белді бекем буып, дәт қылып, Дауылбай 
болыстың алдына барып, айыбын кешуді сұрап, аяғын құшты.
Болыс та қартаяйын деген екен, бірақ тақтан таймапты. Мекені 
баяғы сол Күмісбастау. Дауылбай Омарды есіркеген болды.
–  Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң, – деп 
мейірім білдірді. Баяғыдай ақиланбай, байсал танытады. – Жат 
жарылқамас,  өзің  өлтірмес,  басқаңды  былай  қойғанда,  алдыма 
айыптымын деп келсе, Рысқұлды да кешер едім. Есіл ер ақыры 
түрмеде  шіритін  болған  екен.  Өзінен  болды.  Басқа  ешкімнің 
кінәсі жоқ. Қанша жанды азғырып, соңынан ертіп қанша қатын-
баланың көз жасына қалды. Жә, Омар, өз еліңе келген екенсің, 
енді  есің  кірген  шығар.  Қолыңнан  келгенше  қызмет  қыл  да 
бұйырған наныңды жеп жүре бер. Енді бұзықтардың тіліне азып, 
адаспассың.
Дауылбайдың  рақымына  риза  болған  Омар  басы  жерге 
жеткенше  иіліп:
–  Өле-өлгенше құлың болып өтейін, Дәуке! – деп ант етті.


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет