Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет12/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
өлім болар» деп ойлады Рысқұл. Мұның тәңірдей теңбіл терісін 
жамылғанша Саймасай лақтың тулағын неге жамылмайды.
***
Арқардан жолы болмаса да, барыспен кездесіп, қан төгіспей 
ажырасқанына  Рысқұл  қуанып,  қам  көңілі  едәуір  жеңілейіп, 
көтеріліп  қалды.  Әлгі  барыстың  мәрттігіне  тәнті  болып,  оны 
өзінің  піріндей  көріп,  қанаттанған  тәрізді.  Қайдағы  бір  ұсақ-
түйек  күйбің  тіршіліктің  уайымына  бола,  қыл  аяғы  жаман 
тоқтышаққа бола көңілі ала, жаны нала болғанына ренжіп, дүр 
сілкініп, қайратына қайта мінді. «Бөрі азығы мен ер азығы жолда 
емес  пе  тәйірі,  –  Саймасайдың  бір  қара  тоқтысын  сұраусыз-ақ 
алсам нетті? Болыстың мойнында менің талай тоқтылық ақым 
кетті, мен неден сонша мүсәпірмін, атасына нәлет», – деп Рысқұл 
болыс  ауылының  отары  жатқан  өріске  тіке  тартты.
«Көжеден басқа асым жоқ, құдайдан басқа досым жоқ», өзіме 
өзім сыйынбасам, маған кімнің жаны ашыған. Болысқа бір тоқты 
деген қауыншының бір көк түйнегіндей емес пе?».
Қара  қойдың  отары  Кекілік  сайдың  күнгей  қабағындағы 
шырмауық аралас шүйгінде шылқып жатыр екен. Таудан түсіп 
келе жатқан жалғыз аттыны алыстан шалып тұрған Ералы қойшы 
көк есегін «ықылап» аңшының алдынан шықты. Салт атты таяп 
келгенде  Рысқұл  екенін  танып:
–  Е,  бұл  кім  десем,  батырмысың?  Аманбысың,  әкебай.  Үй 
ішің, мал-жан аман ба? Аңнан қайттың ба? Қанжығаң майланды 
ма?  –деді.
Жалпақ мұрын шұбар шал жалпаңдап жатыр. Шын көңілі сол-
ақ  тау  аңғарындай  аңқылдақ.  Бірақ  әлгі  аман-саулық  сұрасуы 
кекесіндей  естілді.  «Қанжығаң  майланды  ма?»  –  дейді  көріп 
тұрып.  Қанжыға  жылан  жалағандай  тып-типыл  емес  пе?!
–  Ереке, әне бір құнан қойды ұстап маған өңгерте салшы, – 
деді  аңшы.
Қойшы «қалжыңы шығар» деді.
–  Байдың  малын  қайтесің,  батыр,  –  деп  күлген  болып  еді, 
мұрны  бұрынғыдан  бетер  жайылып  кетті.
–  Ау, Ереке, мен шын айтып тұрмын.


25
Қызыл жебе
–  Е,  батыр,  жаман  ағаңды  қылжақ  қылғың  келеді,  ә?  Жөн-
жөн.  Өзімнің  қойым  болса,  сөзіңнен  садаға  деп  сол  құнанды 
алдыңа  атып  ұрар  едім,  амал  қайсы,  амал  қайсы,  әкебай?!
–  Болмаса, Ереке, болысқа айта бар, бір қойды Рысқұл тартып 
әкетті де, менен жәбір көрген болып, жыламсырап бар. Қалғанын 
мен  өзім  көре  жатармын.  Қазір  қой  зәру  болып  тұр.  Ал,  айып 
етпе.
Рысқұл отардың шетіне жақындай бергенде кілең семіз жануар 
осқырынып, жабайы арқардай тікшиіп, дүр етіп үрке қашты.
–  Әй,  батыр-ау,  оның  не  бала  құсап,  тыныш  жатқан  малды 
үркітіп.
Рысқұл енді оның сөзін тыңдап тұрмай, атын тебініп қалып, 
шауып  өтіп  бара  жатып,  бір  тоқтыны  ат  үстінен  іліп  алып, 
тыпырлатып  алдына  өңгеріп  жүре  берді.
–  Айып  етпе,  Ереке.  Кешір!  Болысқа  мені  жаманда.  Аямай 
жаманда.
–  Мынау жынданған ба? – деп қойшы көк есегін «ықылай» 
берді...
* * *
Ералы қойшы Рысқұл үйреткендей, жылаған да жоқ, Рысқұлды 
болысқа жамандаған да жоқ. Аңшының әрекеті дөрекі, қиянаттау 
болса  да:  «Рысқұл  да  мен  сияқты  жарлы  ғой.  Қайтейін,  өз 
шынтағыңды өзің тістей алмайсың. Оны ұстап бергенде не береке 
табамын. Мұндай озбырлығы жоқ еді, зәруліктің шырғалаңына 
түскен  кемтарлығы  шығар»,  –  деп  Ералы  өткен  уақиға  туралы 
ешкімге тіс жармады.
Бірақ  ауылдас  үйдің  ұрлығы  жатпайды,  қара  қойды  алдына 
өңгеріп бара жатқан Рысқұлды болыс ауылының бір жандайшабы 
көріп қалып, мырзасына дереу жеткізген. Болыс бұл хабарға мән 
бермеген болды. Қойшыны да қысқан жоқ. «Е, тәйірі, соны да сөз 
деп айтып тұрсың ба!» – деп қайта хабаршыны жазғырып, бетін 
қайтарып тастады.
Бұл әңгіменің куәсі болғандар:
–  Апыр-ай,  біздің  мырза  тым  текті-ау,  кең  ғой,  жарықтық. 
Тұқымбай  болса,  бір  тышқақ  лаққа  бола  ылаң  салып,  боғын 
пышақтар  еді,  –  деп  болыстың  айдынын  шалқыта  түсті.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет