Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет20/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Жастайынан  жылқы  баласының  иісі  өн  бойына  сіңіп  өскен, 
адал досты адамнан гөрі жылқы баласынан көп тапқан Рысқұлды 
Қызыл Жебе де танығандай, тосырқамай, жай ғана жеңіл иіскеп, 
ішін тартып қойып, мойын ұсынып тұрды.
Рысқұл  асыл  туған  пырақтың  қырым  еті  жоқ  қатқыл  басын 
құшақтап,  ақбөкеннің  тұмсығындай  дөңес  келген  кең  танау 
тұмсығынан  сипалады.  Жануар  елжірегендей  қос  құлағы 
салбырап кетті. Баданадай көздерін жұмып, тұмсығын Рысқұлдың 
кеудесіне  үйкеледі.  Тұлпар  туған  атты  құдай  бақталастардың 
додасына  салмай,  жүйрік  қадірін  қасиеттер  сендей  ерлердің 
пешенесіне жазса, – деп мұңын шағып тұрғандай. Рысқұл оның 
апайтөс омырауын, арыстан бөксе сауырын сипағанда жылқының 
денесі  тұнығына  тас  лақтырған  айдын  судай  дір-дір  етті.
Рысқұл енді еміренуді, еркелетуді қойып, жалма-жан Қызыл 
Жебенің  қоладан  құйғандай  тіп-тік  тұяқтарына  киіз  байпақ 
кигізді.
* * *
Жабайы алманың арасында қалған Шолақ Шабдарға жеткен 
соң,  Рысқұл  ноқталы  Қызыл  Жебені  жетекке  алып  жеделдете 
желе  жортып,  Солдат  сайдағы  болыстың  ауылына  тіке  тартты. 
Алдында  көлбеңдеп,  түлеген  түйенің  мойнында  қалған  өлі 
жүндей  болып  көрінген  жабайы  алма  ағаштары  бар  қырқалар 
бей уайым мүлгіп жатты. Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден 
төніп, бәрін көріп, бәрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай 
қарайтын да тәрізді. Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен 
жұлдыздар сезіп, секем алып: – Әттеген-ай, бекер болды-ау, – деп 
үндері жоқ тек іштен тынып қалғандай.
Талғардың  мұз  дулыға  киген  жеті  шыңы  қабағына  қырау 
қатқан  батырлардай  сұсты.
Айнала төңіректің жауығуынан Рысқұл жабыққан. «Осым не 
далбаса?» – деп налыған. Жүйрікті қолға түсіру әу баста қызық 
та сияқты еді. Қиын әрекеттің өз қызығы, желігі бар. Соған қол 
жеткен соң, ақыл кіріп, желік қайтып, көңілдің құлазыған кезі еді 
бұл.
Бір  сәтке  ол  Тұқымбайға  жаны  ашығандай  да  болды.  Ана 
жолғы  аста  Қызыл  Жебені  беріп,  көкпар  қызығының  дәмін 


41
Қызыл жебе
татқызып, көңілін бір көтерді. Саймасайдың қаһарын қайтарып, 
араша түсті. Тіпті өз ауылынан қоныс беріп, қамқоршы да болмақ 
ниет  танытты.
Сол  жақсылығына  жауап  ретінде  айтқан  рақметі  мынау. 
Домаланған  шақ-шақшал  енді  сақалын  жұлып,  жер  сабалап 
қалатын  болды.
Рысқұлды  артынша  басқа  бір  ой  жеңді.  «Бұлардың 
қайырымдысын көргенім жоқ. Бай біткеннің бәрі бір топырақтан 
домбаздалған.  Мүсіркеген  болады  да,  алдына  сүйек  тастап, 
алдаусыратып, мойныңа қарғы бау тағып, табанына салып алады. 
Өмірі құтылмас қақпанға қаласың. Тұқымбай судан таза, сүттен 
ақ болса, Керім кедейдің құдасынан Қызыл Жебені шырылдатып 
тартып алар ма еді? Түптеп келгенде Қызыл Жебе Тұқымбайдікі 
де емес қой. Оныкі де зорлық, болыстікі де зорлық. Біз пақырға 
күнкөріс  керек.  Менде  жазық  жоқ».
Осыны ойлап, Рысқұл Шолақты тебініп қалды. Қызыл Жебе 
ойнақтай  жөнелді.
* * *
Болыс  та  тағат  таппай,  ұйықтай  алмай  ояу  жатқан.  Үй 
сыртындағы  дүбірді  құлағы  шалып  қалғанда-ақ  төсектен  атып 
тұрып, ақ жейде-дамбалшаң, үстіне жұмсақ түйе жүн шекпенді 
желбегей жамыла салып, аяғына кебісін іле-міле сыртқа шықты.
–  Ой, көк бөрім! – деп ат үстіндегі Рысқұлға қос қолын бірдей 
ұсынды. – Сен алмайтын жау бар ма! Сеніп ем-ау өзіңе. Басқа 
жан баласының қолынан келмейтін ерлік істедің. Әй, көкжалым! 
Аттан түс.
–  Қажып  қалдым,  мырза.  Мен  қайтайын.  Бала-шаға  да 
елегізіп жатқан шығар, – деді Рысқұл енді аялдауға зауқы соқпай.
–  Ой,  ерім,  жас  қатынның  жанына  жетуге  асығасың,  ә?! 
Сабыр  ет,  әлі  шаруа  бар.  Аттан  түс.
–  Шаруа бітпеді ме, мырза. Болары – болды ғой. Ендігісі өз 
қолыңда. Әйтеуір, екі таудың арасында шыбын өліп жүрмесін. 
Менің  алғанымды  білдіре  көрме,  мырза,  уәдеге  құдай  куә.
–  Бұрын мұндай жалтақ емес едің, сен де жасиын дегенсің-ау, 
батыр. Бұл Тұқымбай итке істеген қорлықтың бісмілласы ғана. 
Енді оны мүлде шоңқиту керек.


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет