Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет15/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
* * *
Қара қойдың құны қымбатқа түсті. Болыс бағана «ер мойнында 
қыл  арқан  шірімес»  деп  еді.  Сол  қыл  арқан  қазір  Рысқұлдың 
мойнына бұғалық болып ілінді де, қылқындыра бастады. Болыс 
Рысқұлдың  болмашы  кінәсін  кешпеді.  Қара  қойды  желеу  етіп, 
Рысқұлды тағы бір қиын жолға айдап салды. Айтқанын істемесе 
айыпты болатын болды.
Ел  орынға  отырған  апақ-сапақта  Рысқұл  Шабдар  шолақты 
ерттеп,  атқа  қонды  да,  елеңсіз  ғана  шілікті  сайдың  табанына 
түсіп,  тал-талдың  арасымен  ылдилап  бара  жатты.
Бұл  жорықты  Ахаттан  басқа  ешкім  байқаған  жоқ.  Қарттың 
жүрегі  әлденені  сезгендей  қобалжып  қалды.  «Мына  батырды 
болысы  түскір  тағы  да  жылқыға  жұмсады-ау.  Тағы  бір  лаңға 
қалмасақ  нетті.  Төңірек  біткеннің  қыл  құйрығын  болыстың 
қорқау көмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын не береке тапты? 
Әрең  қойдырып  едік,  өзі  де  «енді  жылқы  алуға  бармаспын» 
деп  серт  беріп  еді.  Мынау  не  жорық,  қақпанға  қайта  түсті-ау, 
арланым», – деп Ахат іштен тынып, бір күрсініп, Рысқұлды жұтып 
жіберген  сайдың  түбіндегі  үрейлі  қараңғылыққа  үңіле  қарады. 
Обыр  қараңғы  түн  болыстың  өңешіндей  үңірейіп  міз  бақпады. 
Шабдар салт атты сай табанындағы жалғыз аяқ соқпақпен ың-
шыңсыз,  жолбарыс  жүріске  салып,  сырғанап  кетіп  барады. 
Бірер рет Рысқұлдың інінің астынан жарқанат зу-зу өтті. Қалың 
шырғанақтың  арасынан  көздері  жарқ-жұрқ  етіп  үкі  қалбаң  ете 
қалды.
«Е, шапыраш көзім, – деді Рысқұл үкіге мырс етіп, – екеуміз 
де түн қарақшыларымыз. Біздің тіршілігіміз түнде біткен. Қоян 
аңдып сорлап отырсың ғой». Бұл жолы Рысқұл осы түнде үйірлі 
жылқы  алып  қайтпас.  Бұл  жолғы  сапар  жалғыз  аттың  әрекеті. 
Сол жалғыз аттан гөрі үйірлі жылқы алып қайту әлде қайда оңай 
еді.  Бұл  сапарда  болыс  Рысқұлды  Тұқымбайдың  әйгілі  Қызыл 
Жебесіне жұмсап отыр.
Қызыл  Жебе  –  арғысы  албан,  бергісі  қаңлы,  ысты,  жаныс, 
жалайыр,  шапырашты  жайлаған  осы  өңірдің  маңдайдағы 
жарқыраған  жалғыз  жұлдызындай  атышулы  жүйрік  ат.


31
Қызыл жебе
Қызыл Жебе – болыс ауылының Керім деген кембағалдау бір 
шаруасының жалғыз салпы қарын қара биесінен туған шінжәу, 
қылаң қызыл құлын еді. Жадағай ғана жабағы кезінде Қаракемер 
жағынан Керімнің бір қаңлы құдасы келіп, қалап алған. Құнаннан 
дөнен  шығар  шағында  Қызыл  Жебе  –  сәуірдегі  құлпырған 
қызғалдақтай жайнап шыға келді де той-томалақ, ас-жиындағы 
бәйгелердің алдын бермей ауызға ілінді.
Осыдан  бір  жыл  бұрын  Қаракемер  жазығында  болған  бір 
бәйгеге Рысқұл Тұрарды артына мінгестіре барды. Тұрар Қызыл 
Жебенің  әруағы  асқан  шағын  сонда  көріп,  Бесағашқа  қайтып 
келген соң балалармен ойнап жүріп, жаяу жарыста: – Мен Қызыл 
Жебемін, – деп айқай салып еді.
–  Иә саған, сен Шолақ Шабдарсың, – деп таласады Қорған 
ұстаның  баласы  Арман.  Арман  осы  Бесағашта  туған  бала. 
Тұрармен түйдей жасты. Әкесі ата-бабаның жұртына оралар күн 
болар  ма  деп  атын  Арман  қойған.
–  Иә саған, мен Қызыл Жебемін, – деп қасарысады Тұрар.
–  Өй, өзің ойлашы, сенің көкеннің мініп жүргені Қызыл Жебе 
емес,  Шолақ  Шабдар  ғой,  –  деп  Арман  құдайшылығын  айта 
бастайды.
–  Шолақ Шабдар мен емес, Оразбақ, – деп Тұрар жөн тауып 
кетеді.
Оразбақ  –  Рысқұлдың  інісі  Молдабектің  баласы.  Ардың-
күрдің  мақтаншақтау.
–  Иә,  иә,  Шолақ  Шабдар  менмін,  –  деп  Оразбақ  тұмсығын 
көтеріп мақтанып қалады. Өйткені Бесағашта Шолақ Шабдардан 
артық ат жоқ. Оразбаққа соның өзі дәреже.
–  Әне,  айттым  ғой,  –  деп  Тұрар  жеңіп  шығады.  Енді  оның 
Қызыл  Жебе  екеніне  ешкім  таласпайды.
Қазір мына Рысқұл сол Тұқымбайдың Қызыл Жебесін қайтсе 
де  алып  қайтуы  керек.  Бағанағы  болыстың  онымен  оңаша 
сөйлесуі  осы  жағдай.
Болыс Тұқымбайдан Қызыл Жебені қалап, сөз салғалы қашан. 
Тұқымбай икемге келмеген соң, Қызыл Жебенің түбі біздің ауыл. 
Тұлпар түбір табады. Керімнің қара биесінен туған құлын екеніне 


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет