Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет19/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125
Қызыл жебе 
* * *
Айтса  айтқандай,  Тау-Шілмембет  оның  құрған  тұзағынан 
құтыла  алмады.  Рысқұл  осы  келе  жатқанда  сол  ұзын  тұзақтың 
бір ұшы өз мойнында, бір ұшы болыс қолында екенін бек сезініп 
келе  жатқан.
* * *
Тұқымбай  да  сезіктенулі  болатын.  Қызыл  Жебенің  даңқы 
аспандап кеткен сайын байдан да дегбір қаша бастады. Жүйрік 
аттың иесіне жау көп. Бақ қонған жерге күншілдік үйір болады. 
Аттың  иесін  табанына  таптай  алмаған  жерде,  жүйріктің  өзіне 
қастандық  жасау  қашаннан  бар  жамандық.
Соны  білген  Тұқымбай  Қызыл  Жебенің  аяғына  жуандығы 
білектей  кісен  салып,  қараша  киіз  үйдің  ішіне  кіргізіп,  түнде 
табалдырыққа  қарауыл  қоятын  болды.
Рысқұл мұны біледі. Ай үлкен сәске тұсына жетіп, толықсып 
тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен. Жабайы 
алмалы қырқаның етегіндегі жазықта жатқан ауыл ай сәулесімен 
ап-анық  көрінді.  Қой  жатқан  қотанды  қоршалай  тіккен  кілең 
қоңыр  үйлер.  Әдетте  бай  үйі  ақ  шаңқан  болар  еді.  Тұқымбай 
қотан үй тікпейді, Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын 
ала орналасыпты. Бай мекені сол.
Садақша  иіліп  орналасқан  жайлардың  дәл  ортасында,  қой 
қотанның тура іргесінде жеке бір үй қараяды. Қызыл Жебе сонда.
Төбедегі жабайы алманың тасасында тұрып, Рысқұл төңіректің 
бәрін әбден барлап алды да, Шабдарды талға байлап, ауылға жаяу 
беттеді.
Қотан  шетінде  қарауыл  бар.  Қой  күзететін  аран  ауыз  барақ 
төбеттер де сол маңда. Қотан шетінен кірмей Рысқұл не де болса 
тура байдың үлкен қоңыр үйінің тұсынан тартты. Үйдің тұсында 
тұрып тың тыңдады. Бүкіл ауылда ояу жатқан бұл кезде бір адам 
болса  ол  Тұқымбайдың  өзі  болады.  Өзгенің  бәрі  айлы  түннің 
әлдиімен қалың ұйқыға кеткен шақ.
Ұйқысы  сергек,  секемшіл  шал  ояу  жатқан  белгі  бермеді. 
Пеш  түбінде  бұйығып  жатқан  кәрі  мысықтың  пырылындай  үн 
шығады. «Байдың өзі», – деді Рысқұл. Үйшікте қамаулы қалған 
жалғыз  күшіктің  қыңсылағанындай  бір  жалынышты,  аянышты 


39
Қызыл жебе
дыбыс оқта-текте шығып кетеді. «Байдың тоқалы, – деп қойды 
Рысқұл.  –  Е,  сорлы,  қалтырауық,  қауқарсыз  шалға  қор  болған. 
Есіңнен тандырар еркек жатса жаныңда, ұйқың суға батқандай 
тып-тыныш  болар  еді».
Беймезгіл сәтте есіне Ізбайша түсе кетті. Жып-жылы төсекте 
жып-жылы  құшақта  Ізбайшаның  гүлқайырмен  жуған  қолаң 
шашын иіскеп, сәмбі шыбықтай серіппе беліне оң қолды артып 
қойып, атластай сылаңды денесін сипалап жатып, түн баласының 
ләззат  теңізінде  малшып  тыншымай,  аш  бөрідей  ауылдың 
іргесінде  демін  ішінен  алып,  бұқпалап  тұрғанына  өкінді.
Түнді  құдай  тыныштыққа,  күндіз  көрген  азабыңнан  бір 
мезгіл  арылып,  тәтті  құшаққа,  тәтті  ұйқыға  кіруге  жаратқан. 
Ал  Рысқұлдың  талай  түні  қаталдықпен,  қиқумен,  дүрлігумен, 
дүбірмен өтті. «Осыдан жолым болса, бұл кәсіпті үзілді-кесілді 
қойғаным  болсын»,  –  деп  өзіне  өзі  талай  ант  берді.
Бірақ өз еркің, өз қолыңда болса ғой. Көзге көрінбейтін лағнет 
құрығы  бар.  Ырық  бермей,  ерік  бермей,  қақпайлап,  қарғыс 
жолына  сала  береді,  сала  береді.  Өмір  деген  ұзын  арқан,  кең 
тұсау,  көбінесе  қысқарып  та  тартылып  қалады.
Қызыл Жебе қамаулы тұрған үйге бұқпаламай-ақ, жай басып, 
тікесінен  тік  жүріп  барды.  Бұқпаласаң-ақ,  адам  тұрмақ  мал  да 
сезіктенеді.  Күйіс  қайырып,  мекіреніп  қойып  қойлар  жатты. 
Дүрліккен  жоқ.
Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл Жебе үрікпесе болар 
еді. Әнеу күнгі көкпарда қызынған тұлпарды Рысқұл таңдайын 
тақылдатып  тыныштандырғаны  бар.  Үйдің  есігіне  таяна 
бере  естілер-естілмес  таңдайын  қақты.  Ат  елең  етіп,  құлағын 
тікірейтіп, бұған тесіле қарап танауын делбеңдетіп сәл оқыранды.
Табалдырықта талыстай болып, кесе-көлденең түсіп, қарауыл 
жатыр  екен,  оянған  жоқ.  Мұрнынан  дем  ала  алмай,  аңырайып 
аузы ашылып ұйықтайтын дәу неме екен. Рысқұл оның үстінен 
абайлап  аттап  өтті  де,  ашық  аузына  жұмарлап  жұдырықтай 
орамалды тығып жіберді. Екі самайының көк тамырын езіп-езіп, 
есінен тандырып, үймедей немені іргеге қарай сүйреп тастады. 
Қалтасын тінтіп, кісеннің кілтін алды.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет