ТЕРМИНДЕР ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ӘРКЕЛКІЛІК ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАТАРЫНДАҒЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ ОРНЫ
Терминологиялық жұмыстар, соның ішінде терминологияны біріздендіру – арнаулы сала ұғымдарын топтастырып, ұғымдар жүйесін түзу, оларды дәл бейнелейтін терминдер жасап, жи- нақтап, түгендеуден бастап, топтастыру, жүйелеу, терминдерге анықтама беру, қалыптау, стандарттау, үйлестіру (гармонизация) сияқты бірнеше сатыдан тұратын мамандардың кәсіби тұрғыдан атқаратын іс-әрекеті, қызметі. Терминологияны біріздендіруді дұрыс жүзеге асыру үшін оның осы терминологиялық жұмыстар арасындағы орнын нақты білу керек. Бұл тұрғыда терминдер қол- данысы мен ұғымдар орнына қатысты басын ашып, мамандар арасында өзара келісіп алуды қажет ететін бірқатар жайттар бар. Төменде осы мәселеге арнайы тоқталамыз.
Жоғарыдағы глоссарийде осы әдістемелік құралда (нұсқау- лықта) қолданылатын негізгі терминдер берілді. Сондықтан біз олардың әрқайсысын жеке-жеке сөз етпей, тек осы құралдағы ең негізгі тірек терминдердің терминологиялық әдебиеттердегі қолданысына ғана арнайы тоқталамыз. Себебі бұл мәселені осы құралды пайдаланушылардың нақты білгені жөн деп санаймыз.
Терминологияны біріздендіру туралы сөз қозғағанда, ең ал- дымен, осы еңбекте біз пайдаланып отырған терминологиялық жұмыстарды жүргізуге қатысты терминдердің қолданысына мән беріп, олардың аражігін ашып алған жөн. Бұл тұрғыдан келген- де, терминологияны реттеуге, біріздендіруге қатысты қолданы- латын терминдердің өзінде әлі бірізділіктің жетіспейтінін айтуға тура келеді. Мәселен, реттеу, біріздендіру, жүйелеу, стандарт- тау, қалыптандыру (кодификациялау), үйлестіру сияқты тер- минологиялық жұмыс түрлерінің атауларын білдіретін атаулар бір-бірінің орнына қолданылып, әр ғалымның еңбегінде әртүрлі мағынада жұмсалып, түрліше түсіндіріліп жатады. Сол себепті осы терминдермен белгіленген ұғымдардың арасын ашып, әрқай- сысының мағынасын нақтылап, бұл жұмыстардың саты-саты бойынша атқарылу ретін дәл көрсетіп беру қажет. Бұл ұғымдар- дың қолданысындағы жарыспалылық пен мағыналық дәлдіктің болмауы осы ұғымдардың аражігінің ажыратылмауынан туындап отыр. Сондықтан жұртшылықты, мамандарды шатастырмау үшін бірінші кезекте аталған ұғымдардың аражігін ашып, орындалу ретін айқындап алу қажет.
Терминологиялық әдебиеттерде бұл терминдер қолданы- сындағы практик мамандарды жаңылыстыратын, реттеп, өзара келісіп алуды қажет ететін мәселелер, нақтылауды, түзетуді та- лап ететін кемшіліктер мыналар: 1. Бірқатар мамандар бірізден- діру, реттеу, жүйелеу терминдерін бірінің орнына бірін қолда- на береді. Термин қолданысында мағыналық дәлдік, ұғымдарды бір-бірінен айқын ажырату жетіспейді. 2. Кейбір зерттеушілер біріздендіру – реттеу, стандарттау, кодтау ұғымдарымен бір сатыда тұрған терминологиялық жұмыстардың бірі; 3. Тағы
бірқатар мамандар оларды түрлі деңгейде тұрған бір-бірінен кейін сатылап жүзеге асатын жұмыс түрлері деп түсіндіреді; 4. Бірқа- тар белгілі ғалымдар, сала мамандары көбінесе барлық термино- логиялық жұмыстардың басын қосатын мейлінше кең мағыналы, ауқымды жалпы ұғым атауы упорядочение (реттеу) десе, (мәсе- лен, Д.С. Лотте, В.П. Даниленко, Л.И. Скворцов, Т.Л. Кандела- ки); 5. Келесі ғалымдар мен сала мамандары бұл орынды уни- фикация (біріздендіру) ұғымы иеленіп тұр деп, бұл жұмыс түрін жоғарғы сатыға қояды. Бұл «унификация» терминін жалпы ұғым, тектік атау ретінде жиі қолданады (олар: А.А. Реформатский, Р.Ю. Кобрин, К.Я. Авербух, В.М Лейчик, Е.В. Карпинская, Л.Ю. Фомина, С.К. Магомедов, М.Е. Куприянова және т.б.).
Т.Кияк «нормализация» мен «упорядочения» мейлінше жалпы ұғымды білдіретін синоним терминдер [63] дейді.
Ал А.В. Суперанская бастаған Н.В. Подольская, Н.В. Василье- ва сияқты ғалымдар унификация мен упорядочение терминдерінің орнына «нормализация» (нормалау) терминін қолдануды ұсына- ды. Бұл ғалымдар «кодификация» мен «стандартизация» сино- ним атаулар дейді. [Общая терминология: Терминологическая деятельность. –М.,1993.]. А.В. Крыжановская терминологияны біріздендіруді ішкі және сыртқы біріздендіру (унификация) деп жіктей отырып, бұл ұғымды «межъязыковая интеграция» деп атаған жөн деп санайды.
Профессор К.Я. Авербух ретсіз, стихиялы түрде жинақталған терминдерді ретке келтіруге бағытталған мақсатты жұмыс терми- нологияны біріздендіру деп аталатынын айта келіп, бұл қызмет түрін «біріздендіру» деуден өзге, «упорядочение» (реттеу), «стан- дартизация» (стандарттау), «гармонизация» (үйлестіру), «нормали- зация» (нормалау) деп те атайды дейді. Ғалым: Терминологиялық бірізділікке – терминография, ғылыми терминологияны реттеу және стандарттау сияқты үш түрлі жұмыс нәтижесінде қол жет- кізуге болады деп санайды. Бұдан ғалымның біріздендіруді реттеу- ден жоғары деңгейдегі ұғым ретінде қарап, реттеуді бірізділікке жету үшін жасалатын жұмыс түрі деп танитынын көруге болады.
В.П. Даниленко мен Л.И. Скворцов өз еңбектерінде упоря- дочение, унификация және стандартизация деген үш терминді қолданады. Олар «упорядочение» осылардың ішіндегі ең жалпы ұғым деп таниды. Терминологиядағы реттілікке (упорядочение) қол жеткізу үшін оның біріздендірілуі қажет. Яғни біріздендіру (унификация) салалық терминологияны мазмұндық, логика- лық және лингвистикалық деңгейлерде барынша жүйелеуге бағытталған күрделі де көпаспектілі жұмыс. (Біз біріздендіру- дің орнын осы ғалымдар тұжырымына сәйкес белгілеу қажет деп санаймыз. Ш.Қ).
Осындай бір-бірімен қабыса бермейтін, тіпті бірі екіншісіне мүлде кереғар пікірлер терминологиялық жұмыстарды жүргізу- де қиындықтар туғызады. Терминдік келіспеушілік мамандар арасындағы кәсіби қарым-қатынаста түсініспеушілікке себеп бо- лады. Көпшілікті былай қойғанда, жұмыс барысында ғалымдар мен сала мамандарының өзін шатастырады. Ендеше, бізге ең ал- дымен осы терминдермен белгіленген ұғымдардың шекарасын ажыратып, терминдердің басын ашып, өзара келісіп алуға тура келеді. Әйтпесе, өзіміз бірізділікке ұмтылып отырып, іс жүзінде жарыспалыққа жол беріп аламыз.
Біз бұл пікірлерімізді негізінен Ресей ғалымдарының зерттеу- лері мен тұжырымдарына, солардың еңбектеріне сүйеніп айтып отырмыз. Себебі бізде терминологияның тарихы мен бірқатар ғылыми-теориялық мәселелері зерттелгенмен, дәл осы біз сөз етіп отырған терминтанудың қолданбалы, практикалық қыры, терминологиялық жұмыстарды жүргізудің әдістемесі ғылыми тұрғыдан арнайы қарастырылмаған. Ал көрші мемлекетте бұл өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап қарқынды түрде қолға алынған, едәуір зерттелген мәселе. Бізде сөз болып отырған
«біріздендіру», «реттеу» терминдерінің өзі кейінгі ширек ғасыр көлемінде ғана қолданысқа ене бастады. Терминологияны қалып- тастыру жұмыстары бізде негізінен салалық терминологиялық сөздіктер жасау, кейбір терминдердің жасалуы мен қолданысын талдау және терминдердің бір бөлігін терминком арқылы бекіту
арқылы жүзеге асып келді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғам өмірінің түрлі салаларында, ғылым мен техникада, ісқағаздарын жүргізуде оның қолданыс аясын кеңейту мақсаты қойылып отырғандықтан, терминдерге деген сұраныс артып, терминологиялық жұмыстарды кең ауқымда жүргізіп, бұл істі республикалық деңгейде жолға қою қажеттілігі туындап отыр. Осындай жағдайда біз аталған терминологиялық жұмыс түрлері ауқымды түрде жүргізілген, ғылыми тұрғыдан едәуір зерттелген елдің тәжірибесі мен ғалымдарының еңбектері- не жүгініп отырмыз. Әрине, А.Байтұрсынұлы бастаған алаш зия- лыларының ұстанымдары мен тәжірибесі, одан кейінгі кезеңдегі мамандардың еңбектері мен бұл мәселеге қатысты пікірлері де ескерусіз қалмады.
Біз сөз етіп отырған терминдердің жарыса жұмсалып, мағына- лары, орындалу реті айқын болмай жататындығына қарамастан кейінгі жылдары ғалымдар мен сала мамандары «унификация- ны» (біріздендіруді) негізгі терминологиялық жұмыс түрі ретінде танып, осы терминге басымдық беріп отырғаны, терминология- лық әдебиеттерде оның кеңінен қолданылатындығын байқауға болады. Осыны ескере отырып, сонымен қатар кейінгі жылдары қазақ тілінде де «біріздендіру» терминінің жиірек пайдаланылып, қолданысы орныға бастағанын да есепке ала келіп, біз де тер- минологиялық жұмыстардың өзегі болатын, басын біріктіретін негізгі атау ретінде осы терминге тоқталдық. Ал «реттеу» тер- минінің бастапқы мағынасын, оның терминологиялық әдебиет- терде жиі қолданылатындығын, бірқатар мамандардың пікірін ескере отырып, оны бүкіл терминологиялық жұмыстардың іске асырылуына, ұйымдастырылуына қатысты мейлінше жалпыла- ма атау ретінде қолданылғаны жөн деп санадық. Терминология- дағы реттілікке терминдерді, салалық терминологияны бірнеше деңгейде біріздендіру арқылы қол жеткізілетіндігі «біріздендіру» терминін терминологиялық жұмыстардың өзегі етіп алуға негіз болды. Әрине, бірқатар еңбектердегідей реттеу, біріздендіру, стандарттау ұғымдарын бір қатарға қойып, оларды бір деңгей-
дегі терминологиялық жұмыстар деп қарауға да болар еді. Алайда терминологиялық жұмыстардың бір уақытта, бір мезгілде қатар жүзеге асырылмай, бірінен соң екіншісі, саты-сатысымен, бір жұмыс аяқталғаннан кейін екіншісі оның заңды жалғасы ретінде жүргізілетінін ескерсек, логикалық тұрғыдан олардың иерархия- сын белгілеп, сатылай көрсеткен тиімді болар деген тұжырымға келдік. Оған қазіргі терминологиялық әдебиеттердегі «біріз- дендіру» терминінің кеңінен қолданылуы мен бірқатар жетекші терминтанушы ғалымдардың оны көпсатылы, күрделі термино- логиялық жұмыс түрі ретінде тануы да себеп болғанын айтқан орынды.
«Реттеу» терминіне: «Терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сәйкес келуін іздеуге бағытталған маман- дардың бірлескен жұмысы» деген анықтама беріліп келгенін де ұмытуға болмайды. Мұнда да мамандардың бірлескен жұмысы жалпы түрде айтылады. Біздіңше, терминнің ұғымға сәйкес ке- луін қамтамасыз ету мазмұны, шекарасы анықталған ұғымның басты белгілерін ескере отырып, сол ұғымға атау беру (яғни, терминжасам үдерісінде) барысында жүзеге асып, одан кейін ұғымдарды топтау, жіктеу мен терминдерді нормалау жұмыста- ры кезінде тиісті түзетулер, өзгерістер енгізіле алады. Ұғымның жаңа белгілерінің айқындалуы мен тілдік норма, терминге қойы- латын талаптар ескеріле келіп, ұғымға жаңа атау берілуі де мүм- кін. Сондай-ақ ұғымдардың арнаулы ұғымдар жүйесіндегі орнын нақтылау, оған ғылыми анықтама беру (дефиниция) сияқты жұ- мыстарды атқару кезінде де терминнің ұғымға сәйкес келуі ба- рынша сарапталады. Сонымен ұғымға терминнің барынша сай келуін қамтамасыз ету негізінен номинация үдерісінің еншісіне тиеді деуімізге болады. Оның үстіне белгілі ғалымдар «бірізден- діру терминологияны логикалық және лингвистикалық тұрғыдан жүйелейді» деп көрсетеді. Логика ұғымдарды жүйелеуде негізгі рөл атқарса, одан кейін лингвистика терминдерді тілдік талап- тарға сәйкес нормалау, сөздіктерге енгізіп қалыптау кезінде де ұғым мен оны белгілейтін терминнің сәйкестігі пысықталады.
Сондықтан «реттеу» терминін осы мағынасында қолданбай, оны жалпы ұғым ретінде пайдаланудан қолданбалы терминтанудың ұғымдар жүйесі көп зардап шеге қоймаса керек. Терминдер қол- данысындағы жарыспалылық пен кейбір сәйкессіздіктерді де ескеріп, ғалымдар пікірін саралай келіп, терминологиялық жұ- мыстар атауларын сол жұмыстардың орындалу реті мен әр ұғым- ның ұғымдар жүйесіндегі орналасу орнына қарай топтастыруға ұмтылыс жасадық. Сонымен ұлттық терминқорды реттеуде рет- ретімен жүргізілетін терминологиялық жұмыстар түрлерінің өзе- гі ретінде біріздендіруді тани отырып, оларды төмендегідей жік- теуді ұсынамыз (сызбаға қараңыз):
Достарыңызбен бөлісу: |