ә)туыстықжақындығыжоқтілдердентерминқабылдау Әлем халықтарының бәрінен бірдей сөз ала бермейтініміз бел- гілі. Африка халықтарының тілдерінен, урду, пушту немесе Аме- рика үндістерінің тілі мен еуропаның неміс, француз, ағылшын тілдерін сыртқы көз ретінде осы уақытқа дейін бірдей пайда- ланған емеспіз және алдағы уақыттарда да олардың бәрін бірдей өнімді көз ретінде қажетімізге жаратамыз дей алмаймыз. Саяси- экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарымыз бен мемлекет- тердің ықпалдылығы тұрғысынан қарағанда осыған дейін еуропа халықтарының тілдерінен терминдерді көптеп қабылдап келген- біз, әлемдік ғылым мен технологияның даму деңгейінде өзгеріс, басқаша бетбұрыс болмаса, әзірге сол тілдер терминқорымызды толықтырудың сыртқы өнімді көзі ретінде қала берері анық. Тек бұрын бұл тілдерден терминалмасуды орыс тілі арқылы жүзеге асырып келсек, енді олармен тікелей байланыс орнатуға мүмкін- дік алдық. Алаш зиялылары бекіткен қағидатты таныстырғанда Е.Омарұлы «Иауропа халықтарының бәрінің де тіліне сіңіпкеткенжалпыжұртқаортақпәнсөздер,қазақтілініңзаңдары-накелтіріліп,бізгедепәнсөзболыпалынсын,–жалпыИауро-па сөзі мен қазақша сөз түбінде екеуі қатар жазылып отыра-тын болсын» десе, А.Байтұрсынұлы: «Жаппай қолданылатынәлемдіктерминдерқабылданаалады,бірақоларқазақтілініңтабиғатынасәйкесөзгертілуікерек.» деген болатын. Академик Ә.Қайдар да «интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау» (5-қағидат) қажет деп атап көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселедегі көзқараста- рының бір жерден шығып жатуы кездейсоқтық емес. Ахаңның
«кірме терминдер біздің қазақ тілінің айтылуына бағынуғатиіс, яғни оларға тілдің қалыпты артикуляциясынан бастауалатын біздің тіліміздің дыбыстық заңдылықтары үстемдікетуі(таратылуы)керек.Шеттілдерініңсөздерінөзіміздікіету