үшін, бұл міндетті түрде солай болуы қажет» деген пікірі тер- мин қабылдаудың қай кезеңінде де құнын жоймаса керек. Кезінде А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, Н.Төреқұлұлы сияқты алаш зиялыларының бұл ұстанымдары арадағы 70-80 жылдарды есептемегенде бүгін де көптеген тілші-ғалымдар тара- пынан қолдау тауып отыр. Сондықтан өзге тілдегі терминдердің дәл баламасын табудың мүмкіндігі табылмаған немесе балама табуды қажет етпейтін баламасыз терминдер, эпонимдер (адам аттарымен аталған) мен таңба терминдерді, әлемнің көптеген тіл- дерінде қолданылып жүрген кейбір кең тараған терминдерді өз тіліміздің дыбыстық-құрылымдық табиғатына сәйкестендіріп қа- былдау – екінші қағидатты жүзеге асырудың негізгі шарты болуға тиіс. Терминология дамуының осыған дейінгі кезеңінде тілімізге қабылданып, арнаулы салалардың көпшілігінде орнығып, білім беру мен ғылым тілінде, мамандардың кәсіби қарым-қатынасын- да қолданылып жүрген мыңдаған кірме атаулардың бәріне балама табу, аудару мүмкін емес. Сондықтан ондай іске аспайтын мақсат қоюдың негізі бар деу қиын. Еш тілден сөз алмайтын, өзара сөз алмаспайтын тек төл сөздерден ғана тұратын тілдің болмайтынын әлем тілдерінің даму тарихы көрсетті. Біздің тіліміздің, сөздік қорымыздың ХХ ғасырға дейінгі даму тарихынан да соны анық көруге болады. Екі-үш ұрпақтың санасына сіңіп, сонау 30-жыл- дардан бастап осы уақытқа дейін жарық көрген кітап қорымыз- дың барлығында (оқулықтар мен оқу құралдарында, сөздіктер мен анықтамалықтарда, энциклопедияларда, танымдық, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттерде т.б.) орыс тіліндегі нұсқа- сымен бірдей қолданылып келген мыңдаған кірме терминдерді жаңаша жазып, оған көз үйретіп, құлаққа сіңісті ету де оп-оңай орындала салатын іс емес екендігін уақыт көрсетіп отыр. Мәсе- ленің әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық қырла- рын да ескерген дұрыс. Алайда кезінде ғалымдар мен әлеуметтің қарсылығына, алға тартқан ғылыми дәлелдеріне қарамастан, шет тілдерінің сөздерін орыс тіліндегідей жазуды күштеп заңдасты- рып, жаппай оқыту мен насихаттау нәтижесінде бүгін оларды
бөтенсімей қабылдайтын дәрежеге жеткеніміз сияқты, қазір де кірме атауларды тіліміздің өз табиғатына икемдеп жазып, оқыта бастасақ, біраз уақыт өткеннен соң өзіміздің де, келер ұрпақтар- дың да оларды жатсынбай қабылдайтынын ұмытпаған жөн. Әрине, қайта-қайта әліпби өзгерту, тұрақтай бастаған жазу ере- желерін жиі алмастыру қажетті де, құптарлық та іс емес. Бірақ сол әліпби мен орфография ережелері тіліміздің төл табиғатына негізделіп жасалуы қажеттігі еш дау туғызбайды. Қазіргідей жаңа әліпби мен емле ережелерін бекіту күн тәртібінде тұрған уақыт- та негізгі пікірталастардың дәл осы мәселе төңірегінде туындап жатуы да жайдан-жай емес. Сондықтан кірме терминдерді жазу да осы әліпби, орфография ережелерімен бірлікте, кешенді түрде шешуді қажет ететін мәселе екендігі күмәнсіз.