Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ МАҚСАТЫ



бет12/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
терминология книга

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ МАҚСАТЫ


Негізінен біріздендіру ұғымы көппішінділіктен, яғни сино- нимдерден арылып, мағыналық біркелкілікке қол жеткізу, көп- мағыналылық пен семантикалық омонимдерді жою, ұғымдар жүйесі мен терминжүйе арасындағы бірізділікке қол жеткізу де- генді білдіреді.


Терминологияны біріздендіру бірнеше сатыдан тұратын ауқым- ды да күрделі жұмыс. Тілші-терминолог ғалымдар терминология- ны біріздендірудің бес сатысын атап көрсетеді. Олар: белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру; сала шеңберіндегі біріздендіру; нақты бір ұлт тілінің шеңберіндегі біріздендіру; тіларалық біріздендіру (туыстас тілдер шеңберінде де жүр-
гізіледі); бірнеше тілдер арасындағы халықаралық біріздендіру. Тіларалық біріздендіру жұмыстарын жүргізуде КСРО халықта- рының ортақ тілі орыс тілін үлгі етіп алу ұсынылды. Мәскеудегі Ғылыми-техникалық терминология комитеті (КНТТ – Комитет научно-технической терминологии) Одақ көлеміндегі термино- логиялық жұмыстарды үйлестіріп отырған басты мемлекеттік орган әрі ғылыми мекеме ретінде кеңес халқына ортақ терми- нологиялық қордың (общесоветский терминологический фонд) орыс тілі негізінде қалыптасуына үлкен ықпал етті. Халықаралық біріздендірудің түпкі мақсаты – екі немесе одан да көп тілдердің терминологиялық жүйесінің ортақтығы артып, жақындай түсуін көздейді. Сол себепті де кезінде бұл терминді А.В. Крыжановская
«терминологиялық интеграция» деп атауды ұсынған болатын. Алайда ғалымның бұл ұсынысы жаппай қолдау тауып кете алған жоқ. Ғылыми-техникалық әдебиеттерде бұрынғысынша көбінесе екі тілге қатысты тіларалық біріздендіру, екі немесе одан да көп тілдер арасындағы біріздендіру жөнінде сөз қозғалғанда халықа- ралық біріздендіру термині қолданылады. КСРО халықтары тіл- дерінің терминқорындағы ортақ терминдерді барынша молайту мақсатын көздеген тіл саясаты осы бағытқа барынша басымдық берді. Қазақ терминологиясында орыс тілі терминологиясымен ортақ терминдерінің өте көп болуы – осы жұмыстың қарқынды жүргізілгенінің көрінісі.
Терминологияны тіларалық немесе халықаралық біріздендіру

  • әртүрлі ұлттық тілдердегі терминдермен аталатын ғылыми және техникалық ұғымдардың сәйкес келуін қамтамасыз етуді мақ- сат етеді. Ғылым, мәдениет, экономика, өндіріс салаларындағы халықаралық ынтымақтастың артуы дамыған елдер тілдерінің терминологиясын үйлестіруді талап етеді. Ұлттық және халықа- ралық ұғымдар жүйесінің терминжүйесін үйлестіру ортақ техни- калық тілді, халықаралық стандарттарды жасауға бағытталады.


Терминологияны біріздендіруде қандай жұмыстар атқарылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет