Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет11/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
терминология книга

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ








«Біріздендіру» термині қалай жасалған?


«БІРІЗДЕНДІРУ» ТЕРМИНІНІҢ ТҮПМАҒЫНАСЫ, ЖАСАЛУЫ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ

90-жылдарға дейін терминдерді біріздендіру жөнінде бізде көп сөз бола қоймады. Себебі терминологияны біріздендіру, рет- теу, стандарттау жұмыстарының негізгі бағыты мен басшылыққа алынатын критерийлерін Одақ көлемінде «совет халқына» ортақ терминдер қорын қалыптастыру мақсатын көздеген КСРО ор- талығы Мәскеу белгілеп отырды. Сол кезеңнің талабына сәйкес бұл ұғым атауы да біздің тілімізде көбінесе орыс тіліндегі қал- пын сақтап «унификация» (немесе «унификациялау») түрінде қолданылды. «Унификация» термині – о баста латынның unus – бір, facio – «жасау»; «дайындау» деген сөздерінің негізінде жа- салған атау. Негізгі мағынасы – бір ізге түсіру, біркелкілендіру, біркелкі пішінге немесе бір жүйеге келтіру. Терминнің түпнұсқа тілдегі (латын) бастапқы мағынасын ескере отырып, 90-жылдар- дан кейін бұл ұғымның қазақша балама атауы ретінде «бірізден- діру» сөзін ұсындық. Қазір осы «біріздендіру» атауының қолда- нысы орнықты деуге болады. «Біріздендіру» сөзі өзге ғылымдар мен арнаулы салалардағы зат, ұғым атауларын бір жүйеге келтіру


мағынасында да қолданылатындықтан, терминге қатысты жұм- салғанда нақтылық үшін көбінесе «терминологияны бірізден- діру», «терминдерді біріздендіру» түрінде жиі қолданылады.
«Біріздендіру» термині «бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» берілуі керек және «бір ұғымға – бір ғана атау» сәйкес келуі тиіс деген қағидаттарды қамтамасыз етуге бағытталған терминологиялық жұмыс түрі деген мағынада жұмсалып келгені де белгілі. Шындап келгенде бұлар – термин- дерді нормалау жұмысының ауқымында атқарылатын іс. Дәлірек айтқанда бұл шарт терминнің бірмағыналылығы мен терминнің синонимі болмауы қажет деген терминге қойылатын негізгі та- лаптар шеңберінде реттеле алады. Терминге қойылатын осы екі тілдік талап орындалса, онда ол тұлғалық жағынан да, мағына- лық жағынан да бір ізге түседі. Сондықтан да «біріздендіру» тер- минін барлық терминологиялық жұмыстардың өзегі ретінде кең мағынада қолдануға негіз бар. Сол себепті бұл термин осы еңбек- те солай қолданылып та отыр.



Біріздендіруде қандай мақсат көзделеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет