Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология


ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ – ҰҒЫМДАР ЖҮЙЕСІН ДӘЛ БЕЙНЕЛЕЙТІН ТЕРМИНЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет17/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
терминология книга

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ – ҰҒЫМДАР ЖҮЙЕСІН ДӘЛ БЕЙНЕЛЕЙТІН ТЕРМИНЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Әрбір салалық терминология ретсіз, кездейсоқ жинақтала са- лынған сөздердің жиынтығы емес, ол – бір-бірімен өзара тығыз байланысты элементтердің логикалық жүйесі. Ал терминдер сол логикалық жүйені, ұғымдар жүйесін дәл бейнелейтін терминжүйе- нің мүшесі. Сондықтан да терминжүйе сол өзі таңбалап отырған ғылым мен техника саласын дамытудың маңызды құралы саналады. Терминдер ең алдымен сөздер мен сөз тіркестері болғандықтан терминтану сияқты кешенді ғылым саласының негізгі бастауы лингвистика болып саналады. Екінші терминтануда логикалық категориялар, негізінен ұғым маңызды рөл атқаратындықтан, лингвистикадан кейін логиканың алатын орны айрықша. Соған


сәйкес терминологияны біріздендіру мазмұндық, логикалық және лингвистикалық үш деңгейде жүргізіледі. Жалпы терминологияны біріздендіру негізі осы үш деңгейде бірдей жүргізілуіне қарамастан әр арнаулы саланың терминологиясын біріздендірудің кейбір өзін- дік ерекшеліктері болады. Бұл – сол салалық терминологияның та- биғатына, ұғымдар жүйесі мен терминжүйенің айырмашылықта- рына байланысты туындайтын ерекшеліктер. Тұтастай алғанда терминологияны біріздендірудің тәртібі барлық салаға ортақ.
А.А. Реформатский салалық терминологияны біріздендіру мына мәселелерден тұрады дейді. Олар: 1. біртұтас салалық тер- минологияны жоспарлы түрде жасау жұмысы ретінде қолданыс- тағы терминологияны әлеуметтік-саяси, өндірістік және линг- вистикалық өлшемшарттар тұрғысынан тексеру; 2) стандарттау арқылы терминдерді іріктеп алу мен синонимдерді біріздендіру;

  1. омонимдерді арнайыландыру (спецификация); 4) терминоло- гияның анықталған бос кеңістіктерін толықтыру.

Өткен ғасырдың 30-жылдары ертеректе айтылған пікір болса да, ғалым көрсеткен мәселелердің бірқатары әлі де өзекті. Терминта- ну ғылымының одан бері бір ғасырға жуық дамуына байланысты алдыңғы тәжірибелерді ескере отырып, кейінгі кезеңдерде жүр- гізілген терминологиялық жұмыстарды әр қырынан қарастырған зерттеулерге жүгінген де орынды. Бұл тұрғыдан келгенде қазіргі терминтанушы ғалымдардың көпшілігі терминологияны бірізден- діруді алдымен сала ұғымдарын реттеп, олардың ұғымдар жүйе- сіндегі орындарын анықтап алудан бастауды ұсынады.



Ұғымдар жүйесі қалай түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет