Терминологияны оқыту (терминологическое обучение) – ар- наулы ұғымдар жүйесін жақсы түсініп, олардың оқытылатын пән саласындағы орнын білу арқылы алдағы оқу барысында берілетін материалдарды меңгеру «Мамандыққа кіріспе» пәнінің құрамын- да терминдер жүйесімен таныстыратын терминологиялық қыз- меттің жаңа саласы.
Терминжүйені қалыптау(кодификация терминосистем) – жа- салған терминжүйені нормативтік сөздік түрінде рәсімдеу. Термин- жүйенің ерекшеліктеріне байланысты қалыптау терминдер мен олардың анықтамаларының стандарты түрінде немесе ұсынылған терминдер жинағы ретіндегі ұсыныстар түрінде де болуы мүмкін.
Терминологияны стандарттау(стандартизация термино-логии) – құжаттарда міндетті түрде қолданылуы тиіс терминдер мен олардың анықтамаларын стандарт ретінде бекіту. Стандарт- тау халықаралық деңгейде, тіларалық немесе тілішілік деңгейде жүргізілуі мүмкін.
Терминологияныұсыну (мақұлдау) (рекомендациятермино-логии) – шектен тыс нормалау (стандарт түрінде бекітіп тастау) шығармашылық ойлау мен термин шығармашылығын шектеуге
апаратын жағдайда терминге қойылатын талаптарды қанағаттан- дыратын, мейлінше дұрыс жасалған терминдерді қолдануға ұсы- ну. Оның нәтижесі ұсынылған терминдер жинағы ретінде жария- ланады. Қазақстанда терминологияны қалыптандыру жұмыстары негізінен ұсыныс түрінде жүзеге асады. Салалық мамандар мен тілшілердің сараптамасынан өткізілген терминдер Қазақстан Рес- публикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комис- сиясы арқылы бекітіліп, көпшілікке ұсынылады. Олар бекітілген терминдер жинағы ретінде жарияланып жүр. Бірақ олардың мүл- тіксіз қолданылуы стандарт сияқты қатаң талап етілмейді.
Терминологияны үйлестіру(гармонизация терминологий) – екі немесе одан да көп тілдердің терминологиясын салыстыру, яғни тіларалық, халықаралық реттеу жұмысы. Терминологияны бір тіл ішінде, жалпы терминдер жүйесі шеңберіндегі жекелеген терминологияларды үйлестіру жұмысы да жүргізіледі. Терми- нологияны үйлестірудің бұл түрін ішкі үйлестіру (координациятерминологий)деп бөлуге болады.