Ұғымдардыжүйелеу(систематизацияпонятии)– сала ұғымдарын категориялары бойынша жүйелеу және ұғымдардың классификациялық схемасын жасау. Яғни, белгілі бір арнаулы са- ланың (білім, ғылым, техника) құрылымына сәйкес оның ұғымда- рын орналастыру.
Терминологияныталдау(анализтерминологии)– терминологияның кемшіліктерін анықтау мақсатымен жүргізілетін талдау, сараптау жұмысы. Бұл жұмыс – семантикалық талдау, функционалдық талдау, диахронды талдау деп аталатын үш саты- дан тұрады.
Терминдердінормалау(нормализациятерминов)– мамандар- дың тілдік қолданысындағытерминдердіңішіненмейіліншеқолай-лыәрідәлнұсқаларды, терминдерді қолдану мен жасау ережелерін таңдау және соларға басымдық бере отырып, бекіту. Терминологи- ялық норма жалпытілдік нормаға негізделеді, алайда оған сәйкес келмейтін жағдайлар да болады. Терминологияны қалыптандыру- дың екі жағы бар. Біріншісі – терминдердің мазмұнын реттеуді көз- дейтін біріздендіру де, екіншісі – тұлғасы жағынан тиімді терминді таңдап алуды мақсат ететін оңтайландыру.
Кең мағынасында түсінер болсақ, терминологиядағы лингвис- тикалық нормативтілік деген – терминнің тілдік нормаларға сай жасалуы мен дұрыс қолданылуы.
Терминологиялық сараптама(терминологическая экспер-тиза) – құжаттардағы қолдануға ұсынылмаған терминдер нор- маланған терминдермен алмастырылады және құжаттағы барлық терминдердің жалпыға бірдей талаптарға сай келуіне баға беріліп, оларды жетілдіруге арналған ұсыныстар беріледі.
Терминологиялық аударма (терминологический перевод) – шет тілдері терминдерінің ұлт тіліндегі терминдерге сәйкестігі анықталады да, ұлт тілінде тиісті баламасы жоқ терминдер болса, соларға сәйкесетін жаңа терминдер жасалады. Жаңа терминдер
мен аударма сөздіктерге енбеген терминдерді аударуға қажетті дең- гейдегі білім мен машық керек болады. Сондықтан да терминоло- гиялық аударма кезінде жаңа терминдерді жиі жасауға тура келеді. Терминологиялықредакциялау(терминологическоередак-тирование)– белгілі бір арнаулы саладағы жеке авторлардың жасаған терминдері мен жалпыға бірдей терминдерді сәйкестен- діру, яғни авторлық қолданыстағы терминдерді алмастыру неме- се түсіндіру арқылы жүзеге асыру жұмысы. Бұл жұмыс әртүр- лі арнаулы салалар бойынша шығарылатын ғылыми, оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді редакциялау кезінде жүзеге асады. Бізде бұл істі ғылыми әдебиеттер мен терминологиялық сөздік- терді басатын баспаларда, салалық заңдар мен түрлі нормативтік құқықтық құжаттарды дайындайтын, оларды сараптаудан өткі- зетін мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мамандар, редак-
торлар атқарып жатады.