Шерубай Құрманбайұлы мемлекеттік тілдегі терминология



бет16/34
Дата20.08.2023
өлшемі280,11 Kb.
#105419
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
терминология книга

Терминжүйені жобалау (проектирование терминосистем) – белгілі бір терминжасам үлгісі бойынша терминжүйе жасаумен қа- тар, терминжүйенің одан әрі дамуы да қарастырылып, сол ұғымдар жүйесінің дамуына байланысты жаңа терминдер жасаудың ереже- лері белгіленеді. Терминжүйені құрастыру (конструирование терми- носистем) – білім-ғылымның жаңа саласының терминжүйесін құрау. Терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру (организаци- онная терминологическая работа) – терминологиялық органдар- ды құрып, ұйымдастырудан бастап, олардың қызметін жоспарлау мен үйлестіру және терминтанушылар мен терминшілерді даяр- лау жұмыстарының жиынтығы. Терминологиялық бақылау (тер- минологический контроль) – әртүрлі мәтіндерде қолданылатын терминдердің өздері белгілейтін ұғымдарға барабар келуін, сол
ұғымдарды дәл білдіруін тексеру.
Термин таңдау (выбор термина) – мамандар тарапынан ұсы- нылып жүрген терминдердің арасынан терминге қойылатын талап- тарға мейлінше сай келетін нұсқаны сұрыптап, таңдап алу үдерісі.

Терминологияны біріздендіру не үшін қажет?


ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ




Терминологияның біріздендірілмеуі, жүйеленбеуі бірқатар қиын- дықтар туғызады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

    • Біріздендірілген терминжүйе жасалмайынша ғылыми және түрлі салалардағы кәсіби қарым-қатынас тиісті деңгейде жүзеге аспайды.

    • Кәсіби білім беру, мамандықты, ғылымды игеру, заң, меди- цина, техника, және басқа да арнаулы салалар бойынша қажетті ақпаратты алу, оны бүкіл қоғамға тарату мүмкін болмайды.

    • Ғылыми негізделген, орныққан терминологиясыз әлеуметтік қарым-қатынас жасау мүмкін емес.

    • Терминологияның тұрақсыздығы, орнықпағандығы ғылым- ның дамуын едәуір тежейді. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу, ғылыми ойды жеткізу, ғылыми ақпарат алмасу, ғылыми жетістік- тер мен болжамдарды ортаға салу, оларды ғылыми ортада, ма- мандар арасында талқылау тиісті дәрежеде жүзеге аса аламайды.

    • Терминдердің біріздендірілмеуі ғылыми-техникалық және басқа да арнаулы ұғымдардың дұрыс түсіндірілмеуіне, кейде бір-біріне қайшы түсініктердің берілуіне себеп болады.

    • Терминологиялық келіспеушілік (терминологическая несо- гласованность) белгілі дәрежеде пікірталасты қиындатады (О.П. Коршунов).

Жетілдірілген, біріздендірілген терминология болған жағдай- да ғана халықты әлемдік және отандық ғылым мен техниканың жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге, қоғам сұраны- сын өтеуге болады.
Адам қызметінің арнаулы салалары көп. Ғылым мен техниканың, өнер мен өндірістің бір ғана саласында ондаған, жүздеген термин- дер болады. Ал ұлт тілінің терминологиялық қорындағы термин- дер мыңдап саналады. Бұл терминдердің бірі ескіріп, қолданыстан
шығып жатса, екіншілері жаңадан жасалып, терминдер қатары үнемі артып, толығып отырады. Егер терминжасам стихиялық си- пат алып, әркім өз бетінше термин жасап қолдана берсе, терминоло- гияда шектен тыс көпмағыналылық, синонимділік пен омонимділік, жүйесіздік, жарыспалылық белең алады. Мұндай жағдайда сала ма- мандарының өзара түсінісуі мен кәсіби қарым-қатынасы қиындай- ды. Жалпы көпшіліктің де сол салаларға қатысты немесе арнаулы ұғымдар жөнінде білу, нақты мәлімет алу мүмкіндігі төмен болады. Терминологиядағы ретсіздік белгілі бір мамандықты оқып игеруге, арнаулы кәсіпті меңгеруге де кесірін тигізеді. Соған сәйкес сала тер- миндерін ұдайы қадағалап, терминологиялық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отыру қажеттілігі туындайды. Сондай терминологиялық жұмыс түрінің бірі – біріздендіру. Яғни, терминологияны бірізден- діру – терминжасам мен термин қолданысындағы жүйесіздікке жол бермей, терминқорды реттеп отыру үшін қажет.



Біріздендіру қалай жүзеге асырылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет