Терминжүйеніқалыптау(кодификациятерминосистемы)– сала терминдерін нормативтік сөздік түрінде шығару.
Терминологиялық сөздік (терминологический словарь)
әртүрлі арнаулы сала ұғымдарының атаулары терминдерді қамтып, олардың мағыналарын түсіндіретін, жүйелік байланы- сын, аудармаларын, қолданылу ерекшеліктерін т.б. сипаттарын көрсететін сөздік түрі. Жасалу мақсатына, тілдерді қамтуы мен арналып отырған аудиториясына сәйкес терминологиялық сөздік- тер бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, энциклопедиялық,түсіндір-мелі,екітілді,көптілдітерминологиялықсөздікжәне т.б.
стандарттау құқығы берілген мемлекеттік орган ресми бекітіп, белгілі бір мерзім аралығында ұсынылған қалпында өзгеріссіз қолданылуы міндетті саналатын терминологиялық құжат.
Ұлттықтерминологиялықстандарт(Национальныйтерми-нологический стандарт) – бір ел көлемінде жаппай қолданылуы міндетті болып саналатын терминологиялық стандарт.
Мемлекеттіктерминологиялықстандарт(Государствен-ный терминологический стандарт) – өкілеттілігі бар Мемлекет- тік стандарттау органы ресми бекіткен, сол мемлекет көлемін- де біркелкі қолданылуға тиісті терминологиялық стандарт түрі. Әдетте терминологиялық стандарттардың қолданылу мерзімі (3-5 жыл) көрсетіледі.
Салалық терминологиялық стандарт(отраслевой терми-нологическийстандарт)– белгілі бір арнаулы сала көлемінде
бірізді қолданылуға тиіс терминдер қамтылып, сол сала маманда- рына ұсынылатын стандарт.
Республикалық терминологиялық стандарт(Республикан-скийтерминологическийстандарт)– республика көлемінде қол- данылу құқығы берілген стандарт.