Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
терминология книга

Терминологиялық редакциялау
(терминологическое редак-
тирование)
– белгілі бір арнаулы саладағы жеке авторлардың 
жасаған терминдері мен жалпыға бірдей терминдерді сәйкестен-
діру, яғни авторлық қолданыстағы терминдерді алмастыру неме-
се түсіндіру арқылы жүзеге асыру жұмысы. Бұл жұмыс әртүр-
лі арнаулы салалар бойынша шығарылатын ғылыми, оқулық, 
оқу-әдістемелік әдебиеттерді редакциялау кезінде жүзеге асады. 
Бізде бұл істі ғылыми әдебиеттер мен терминологиялық сөздік-
терді басатын баспаларда, салалық заңдар мен түрлі нормативтік 
құқықтық құжаттарды дайындайтын, оларды сараптаудан өткі-
зетін мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мамандар, редак-
торлар атқарып жатады. 
Терминологияны оқыту
 (терминологическое обучение)
– ар-
наулы ұғымдар жүйесін жақсы түсініп, олардың оқытылатын пән 
саласындағы орнын білу арқылы алдағы оқу барысында берілетін 
материалдарды меңгеру «Мамандыққа кіріспе» пәнінің құрамын-
да терминдер жүйесімен таныстыратын терминологиялық қыз-
меттің жаңа саласы. 
Терминжүйені қалыптау
 (кодификация терминосистем)
– жа-
салған терминжүйені нормативтік сөздік түрінде рәсімдеу. Термин-
жүйенің ерекшеліктеріне байланысты қалыптау терминдер мен 
олардың анықтамаларының стандарты түрінде немесе ұсынылған 
терминдер жинағы ретіндегі ұсыныстар түрінде де болуы мүмкін.
Терминологияны стандарттау
(стандартизация термино-
логии)
– құжаттарда міндетті түрде қолданылуы тиіс терминдер 
мен олардың анықтамаларын стандарт ретінде бекіту. Стандарт-
тау халықаралық деңгейде, тіларалық немесе тілішілік деңгейде 
жүргізілуі мүмкін. 
Терминологияны ұсыну 
(мақұлдау)
 (рекомендация термино-
логии)
– шектен тыс нормалау (стандарт түрінде бекітіп тастау) 
шығармашылық ойлау мен термин шығармашылығын шектеуге 


32
апаратын жағдайда терминге қойылатын талаптарды қанағаттан-
дыратын, мейлінше дұрыс жасалған терминдерді қолдануға ұсы-
ну. Оның нәтижесі ұсынылған терминдер жинағы ретінде жария-
ланады. Қазақстанда терминологияны қалыптандыру жұмыстары 
негізінен ұсыныс түрінде жүзеге асады. Салалық мамандар мен 
тілшілердің сараптамасынан өткізілген терминдер Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комис-
сиясы арқылы бекітіліп, көпшілікке ұсынылады. Олар бекітілген 
терминдер жинағы ретінде жарияланып жүр. Бірақ олардың мүл-
тіксіз қолданылуы стандарт сияқты қатаң талап етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет