Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет10/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Шешендік сөздер

СӨЗ АНАСЫ НЕ?
                                                                                                                                        
Сырым Үргеніштің ханына барып жүз керіс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі»,— деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені:
—    Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? — деп сұрайды.
Сырым батыр:
—   Сөз анасы — құлақ,
Су анасы — бұлақ,
Жол анасы — тұяқ! — деп жауап береді.
Үргеніш шешені:
—   Дау мұрады не?
Сауда мұрады не?
Қыз мұрады не?
Жол мұрады не? — дейді.
Сырым батыр:
—   Дау мұрады — біту,
Сауда мұрады — ұту.
Қыз мұрады — кету,
Жол мұрады жету,— дейді.
Үргеніш шешені:
—   Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? — деп сұрайды.
—   Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? — дейді.
Үргеніш шешені:
—   Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? — Дейді.
Сырым батыр:
—   Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,— дейді.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет