ТАБАЛДЫРЫҚТАН БИІК ТАУ ЖОҚ
Нұралыны шаппақ болғанда ағайыны бөгет жасай беріпті, сонда Сырым:
«Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ»,— деген екен.
* * * * * * * * * * * *
ОТЫН ОЛЖА СУ НҰРЛЫҚ
Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
— Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?! —дейді.
— Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,— деп жөніне жүре береді.
* * * * * * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |