Шешендік сөздер Шешендік сын Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткен болар. І қадірсіз десең халқымнан сұра



бет8/19
Дата10.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#33937
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Шешендік сөздер

ЕР НАМЫСЫНА ҚАРАЙ ШАБАДЫ

Сырым  бір    жылы Орта жүзге барғанда Балаби шешенге кез келеді. Сырым мен Балаби екеуі көп әңгімелеседі.


Балаби: «Сіз ағайынды нешеу едіңіз?»—дейді. Сырым: «Мен ағайынды екеумін»,— дейді.
Балаби: — Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік»,— дейді.
Сырым: — «Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенмін рас, бірақ та олардың маған далада қанша керегі бар, менің ағайынды екеумін — біреуі өзім, екіншісі — көпшілік халқым еді»,— дейді.
Балаби: «Үгітті, ақылды қандай адамға айту керек?»— дейді.
Сырым: «Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айту керек»,— дейді.
Балаби: «Ат пен ер қандай жерде, не үшін шабады?»— дейді.
Сырым: «Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады»,— дейді.
Балаби: «Дүниеде не тәтті?» — дейді.
Сырым: «Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті»,— дейді.
 
* * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет