Алтыншы кезеңде, оқушыларға жағдаяттар беріледі. Сол арқылы немесе соған байланысты диалог құрады. Біз осындай әдіс-тәсілді қолдана отырып сөз әрекетінің барлық түрін де қамтимыз. Бір жағынан өткен тақырыпты, грамматиканы қайталаймыз және сабақ жоспарындағы мақсаттарға жете аламыз. Тыңдап-түсіну, оқу, жазу, диалогтық және монологтық сөйлеу сөз әрекетінің түрлерін дерлік алып шығуға болады. Бұл орайда қай топ көп бал жинайды, сол топ жеңімпаз болады.
Сабақ жоспарының үлгілері.
Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырудың, шығармашылыққа бағыттай оқытудың шетел тілі сабағына арналған сабақ жоспарының үлгісін төменде көрсетілген жоспардан қарауға болады. Бұл сабақ жоспары бейдәстүрлі, ойын түрінде өткізілген сабақтың өту барысындағы сабақ жоспары. Біз жоспарда көрсетілгендей сабақты өткізетін болсақ, онда біз сабағымызды қызықты, өткен материалдардың бәрін қайталап, оқушылардың ынтасын оята, әсіресе сабақта белcенділігі төмен оқушылардың белсенді түрде сабаққа қатысуына ықпал жасаймыз.
phonetische Vorübung:
die Sprichwörter: Von aussen fix und innen nix.
Kleider machen Leute.
4
3
Kontrolle der Hausaufgaben: Übung 6, Text „ Meine Einkäufe“ Seite 135.
5
4
Wiederholung: im Form des Spiels.
1. Buchstabensalat
2.die Sätze verbinden lassen
3. Hörverstehen
4. Wortsalat
5. Stellt die Verben in der richtigen Form
6. einen Dialog machen
7. Bildbeschreibung
Didaktische Gliederung Қорытынды Қорыта келгенде, біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға тоқтала кетуіміз керек. Сабақ нақты талаптарға сай болу керек. Бұл осы пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету өнерін (стратегиясын) анықтайды.