Шет тілі сабағының құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары


Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру



бет3/7
Дата19.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95076
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация 2 (1)

Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру

Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге жеткізетіні тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез - келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
А.Хуторский, В.Сластенин еңбектеріне талдау жасай келе, біз оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық сабақ түрлерін төмендегіше бөліп қарастырамыз: 1) танымдық; 2) эвристикалық; 3) әдіснамалық; 4) коммуникативтік.
Омарова Раушангүлдің ойынша, біз оқушылардың шығармашылық дербестігін ескере отырып, сабақ жоспарын құру ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала кетелік


1. Шығармашылық сабақ жоспары- мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы.
2. Оқушылардың шығармашылық әрекетін ескеру.
3.Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. 4.Сабақтың мәнін анықтау.
5.Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ идеясы жасалады.
6. Оқушының жеке өзінің білім мазмұнын «пайда ететін» ( дүниеге әкелетін) материал, құралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады.
7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келуі.
8.Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі сабақ мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады.
9.Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу
10.Сабақ жоспарын жасау.


Дәстүрлі сабақ 

Шығармашылық сабақ 

Сабақ мақсаты: 
а) мұғалім үшін: жаңа материалды беру
ә) оқушы үшін: жаңа білімді меңгеру. 

Сабақ мақсаты: 
а) мұғалім үшін:оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру; 
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу. 

Сабақтағы іс-әрекет түрі: 
а) мұғалім үшін: жаңа тақырыпты түсіндіру; 
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау. 

Сабақтағы іс-әрекет түрі: 
а) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау. 

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. 

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі. 

Сабақ тақырыбына көзқарас- кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. 

Сабақ тақырыбына көзқарас - мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы. 

Бақылау тақырыпты оқушылардың пысықтауы. 

Бақылау тақырып бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін ұсынуы және қорғауы. 

Сабақтың қорытынды кезеңі- тақырып бойынша қорытындылау 

Сабақтың қорытынды кезеңі- рефлексия өзінің іс-әрекетіне саналы көзқарас. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет