Шет тілі сабағының құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары


Шығармашылық сабақтардың ерекшеліктері



бет4/7
Дата19.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95076
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация 2 (1)

Шығармашылық сабақтардың ерекшеліктері 
Шетел тілі сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

  •  Шетел тілі сабағын жақсы ұйымдастырып, оны жүргізу үшін нұсқауларға сүйену қажет. 
  • Сабақтың барлық аспектілеріне көңіл бөлуі керек. 
  • Жаңа лексиканы түсіндіргенде түрлі жолдарды қолданған дұрыс.
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде жеңілден қиынға қарай принципін қолдану керек.
  • Сабақты пысықтап бекіту кезінде жаттығуларды түрлендіріп жіберуге болады.
  • Үйге тапсырма бергенде көп үйіп - төгіп беруге болмайды.


  • Қорыта келгенде шетел тілі сабағына қойылатын нұсқаулар өз тарапымыздан қате жібермеуге, жүйелі білім беруге, мақсаттарға жетуге бағыт беріп, көмек болады.


Практикалық бөлім
 Шетел тілі сабағында қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер

Әдіс-тәсілдердің теория жүзінде жазылуы бір бөлек болса, практикада қолданылуы бір бөлек.

Оқушылар атақты адамдардың туған күндері немесе өздерінің сыныптарындағы оқушылардың туған күндерін айту арқылы тілдік дағдыларын ары қарай дамыта түседі.
Фонетикалық жаттығуларды орындау кезінде көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Соның ішінде магнитофоннан тыңдау, өлеңдер айту, тақпақ, мақал-мәтелдер айту. Есмағанбетова Гүлмира сабақ өткізгенде мақал-мәтелдер мен тақпақтарды айтқызды. Онда ол тақпақты тақтаға жазып, бірінші баяндауыштарды өшіріп, екінші бастауыштарды өшіріп, содан кейін сөйлемнің басқа тұрлаусыз мүшелерін өшіру арқылы жаттатқызды. әрбір сөйлем мүшесін өшіргеннен кейін оқушыларға хормен қайталатып айтқызып отырды. Бұл әдіс-тәсілді қолдану арқылы оқушылардың қысқа мерзім ішінде еске сақтау қабілетін дамытады. Екіншіден- қызықты, үшіншіден- уақытыт үнемдейді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру, мәтінді, қайталау сабақтарын өткізу кезінде ойын түрінде өткізіп тұрған тиімді. Оқушылардың қызығушылығын жоғалтып алмас үшін ойын тәсілдерін қолданған жөн. Бұл кезде оқушылардың қызығушылығы жоғары болады. Ойынды қолдану әсерлі болып келеді. З.Р.Шайзатованың пайымдауынша, ойын көбінде оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерінің дамуы олардың өздігінен жұмыс істеу белсенділіктеріне тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет