18)мың бір түн Мың бір түн – араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы. Бұл прозалық жинаққа үш жүздей аңыз-әңгімелер, новелла, ертегілер топтастырылған. “Мың Бір Түн” белгілі бір қаламгердің шығармасы емес, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған ауыз әдебиеті үлгілері. “Мың Бір Түн” жөнінде түрлі пікірлер бар. Солардың бірі парсының араб тіліне аударылған “Мың ертегісі”, “Мың Бір Түн” деп кейін аталған десе, зерттеуші Сильвестер де Саси ұлттық дәстүрдің қамтылуы мен оқиға орнының араб жерінде (Бағдат, Мосул, Дамаск, Каир) өтуіне байланысты, шығарма тілінің халық қолданысындағы араб тілі екенін айтып, оны араб халқының туындысы деп дәлелдейді. Шығарма әйелдер қауымын жазықсыз жазалаған Шаһрияр патша мен уәзір қызы Шаһризаданың мың бір түн бойы айтқан қызықты әңгімелері арқылы ажал сағатын ұзартқаны төңірегінде өрбиді. Мың бір хикаяны әсерлі жеткізген ақылды қыз өмірі үшін күресіп, патшаның жауыздық әрекеттерін хикая-мысалдармен астарлай көрсетеді, қатыгездіктен бойын аулақ салуға үндейді. Соңында ол өлімнен қорықпайтынын мәлімдейді. Шығарма билеушілерінің озбырлығын әшкерелеу, жаман әдеттерден тыйылуға шақыру мақсатында туған. Жинаққа Құран Кәрім, “Қисса-ул-әнбия” оқиғаларымен байланысты діни дастандар да енген. Жанрлық тұрғыдан мұнда сатирикалық, дидактикалық шығармалар қамтылған.
19) Ә.Фирдоусидің «Шахнамасы» негізінде нәзира дәстүрімен жырлаған парсы ақындарын атаңыз, нәзира дәстүрімен жазылған дастандарды сипаттаңыз.
Шығыстың әйгілі жеті шайырының бірі Фирдоуси жырлаған әлем әдебиетінің үздік туындысы саналатын «Шахнама» дастаны сол өзі жазылған дәуірдің көркем шежіресі іспетті. Парсы тілінде IV ғасырда жазылып, бүгінге дейін зерттеліп, зерделеніп келе жатуының сыры неде? - Атақты иран ақыны Әбілқасым Фирдоусидің теңдессіз және әлемдік туындысы «Шахнаманы» ұлттық дәстүрлердің шын сақтаушысы әрі ирандықтардың жеке куәлігі деп білу керек. Мүмкін, бұл үлкен туынды болмаған болса, Иран мәдениетінің көптеген жағымды элементтері тарихи оқиғалардың қойнауында жойылып кетер ме еді. Әбілқасым Фирдоусидің ұлы туындысы «Шахнама» шамамен 60 000 бәйіттен тұрады және әлемдегі ең үлкен әйгілі эпикалық өлеңдер жинағы болып есептеледі. Бұл туындыны жазып шығу және түзету - осы ұлы иран шешенінің отыз жылдық еңбегі мен қажырлы күш-жігерінің нәтижесі.