Шетел әдебиеті



бет11/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
шетел (20)

Шаруалардың жағдайы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ежелгі Египет шаруалары егіншілікпен айналысты. Шаруаның азырақ жері, малы жəне жеміс ағаштары болды. Егіншілік кəсібі қыруар еңбекті керек етті.
Ніл аңғарында егін салу үшін жерді кұмнан, батпақ пен бұталардан тазартып алған. Олар бұталарды шауып, ол жерге қамыс пен сазбалшықты араластырып, бөгеттер жасаған. Бөгеттерге қақпалар орнатып, жеткілікті мөлшерде су жіберген. Ал бау-бақшаларды арнайы жасаған шадуфтардың (құдық) көмегімен суарған.
Қолөнершілердің еңбегі мен халі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ежелгі Египет суреттерінен қолөнердің барлық түрінің дамығанын көреміз. Олар өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген. Мысалы: мыс қорытушылар, тоқымашылар, балташылар, тері илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар жəне зеогерлер.


Мемлекет күшейіп , нығайған сайын қолөнершілерді қанау да күшейген. Олардың көпшілігі перғауындар мен бекзадалврдың шеберханаларында жұмыс жасаған. Көбінесе əскерге қажетті қару-жарақтар əзірленген. Қолөнершілер күндіз де, түнде де, жұмыс істеді. Олардың жұмыстарын бақылаушылар үнемі қадағалап отырған.
Тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Египеттің негізгі табиғи байлығы тас болды. Əсіресе, Ніл аңғарларының батыс жəне шығыс бъліктерінде неше түрлі тастардвң түрі болған. Египеттіктердің əктастар, қиыршықтар, гранит, диорит, базальт, порфир, малахит жəне бирюза тастарын қазып алған. Тау-кен жұмысшылары тасты қазып алып, оны өңдеп, ұқсату үшін əртүрлі аспаптарды (ағаш, тоқпақ, қайла, шапқы, бұрғы) қолданды. Бұл тастарды құрылыс матриалдары ретінде, мүсіндер жасауға, тастан бағалы ыдыстар, қымбат зергерлік бұйымдарды əшекейлеуге пайдаланды. Мұның өзі тас өңдеу қолөнерінің жоғары дəрежеде дамығандығын көрсетеді[1
16. Ежелгі Үнді жерінде туған «Рамаяна» жырының аударылуы негізгі мазмұны жайлы әңгімелеңіз.
Рамаяна”[1] — үндінің көне эпосы, қасиетті кітабы. Жырдың ауызша және жазбаша дамыған әдеби үлгілері сақталған. Жазба үлгінің авторы ретінде Вальмики аталғанымен, ғылымда бұл мәселе туралы екі ұдай пікір бар. Вальмики жыр оқиғаларын көзімен көрген куәгер ретінде баяндайды. Зерттеушілердің көбі Вальмики көне жырдың бір нұсқасын жазбаға түсірген адам деген пікірді қостайды. “Р.” шамамен 545 саргрис, яғни 24000 (екі жолдық) өлең жолдарынан құралған. Әр жырда 44 бәйіт, жиырма жырда 880 бәйіт бар, олар бір күнде орындалатын болған. “Р.” муз. мақаммен жырланған, Орт. және Оңт.-шығыс Азия елдеріне кең тараған. Негізгі кейіпкерлері Рама мен Сита, сондай-ақ РаванаУрмилаДжинакиДашаратхиБхаратеСугриваВалина, т.б. жаратушылардың аттары кездеседі. Оқиға Рама мен Ситаның ғашықтығы негізінде өрбиді. Одан әрі Сита сұлуды Равана патшаның ұрлауы, оны жұбайы Раманың іздеуі, қолды болған әйелін қайта қабылдаған Раманы халқының сөгуі, Ситаны орманға қуып жіберуі баяндалады. Рама Вишну аталатын Жаратушының жебірейілі, ол жерге Равана патша орнатқан әділетсіздікті жою үшін жіберілген. Жырда қайғы сарыны басым, кейіпкерлер бейнелері табиғат құбылыстарымен салыстырылып отырады: Сита — найзағай, Равана — вулкан, қара түсті піл, қою қара бұлт, т.б. “Р.” үнді халқының эстет. талғамының қалыптасуына әсер етті, жырда тарихи, мифол., ертегілік, діни, дидактик. және лирик. сарындар тоғысқан. Эпос карма, дхарма, мокша, бхакти секілді діни-филос. ұғымдардың қалыптасуымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет