Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Әдістемелік нұсқау: Практика барысында студент-
практикант кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (дебат, 
дөңгелек үстел, кеш т.б.) және конспект -жоспарын құру, 
әдебиеттерді өңдеу.
 
ІV. Кластағы педагогикалық процеске қазіргі білім
беру технологияларын ендіру. 
Әдістемелік нұсқау: оқытудың жаңа технологияларын
оқыту процесінде ендірілу тиімділігіне көңіл аударып, 
портфолиоға жоспар конспектісін салу. 
 
 
 
 


19 
V. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
тапсырмалары. 
Педагогика (жетістіктер мен қорқыныштар 
мотивациясы) 
Әдістемелік нұсқау: Жетістіктер мен қорқыныштар 
мотивациясы. Жетістіктер мотивациясы сөзсіз жағымды 
сипатқа ие. Осындай мотивация бағыттары адам 
әрекетінде конструктивті жағымды нәтижелерге қол 
жеткізеді. Жеке белсенділік жетістікке жетуге деген 
қажеттілікке байланысты. Ал сәтсіздік мотивациясы 
негативті сфераға жатады. Қорқыныш мотивациясында 
адам жазалаудан, әңгімеге, сөзге қалудан қашады.  
Жетістіктер 
мен 
қорқыныштар 
мотивациясын 
анықтауға арналған А.Реанның әдістемесі. 
- Жетістіктер мен қорқыныштар мотивациясының тест
сұрақтары. 
Нұсқау: Төмендегі сұрақтарға «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деп 
жауап бересіз. Егер сіз жауап беруге қиналған жағдайда 
«ИЯ» мүмкін «Шынымен ИЯ» және «жоқтан гөрі, ИЯ-да 
болуы». Дәл солай «ЖОҚ» болуы мүмкін және нақты 
«ЖОҚ» және «ИЯ-дан гөрі тезірек ЖОҚ болуы». 
Сұрақтарға шапшаң тез жауап берілуі керек, ұзақ 
ойланудың қажеті жоқ. Ойыңа бірінші келген жауап 
дәлірек болады. 
1. Мен жұмысқа кіріскенде шынында мен, оптимистік 
көңіл-күймен жетістіктерге үміттенемін.
2. Мен белсенді әрекеттенемін. 
3. Мен инициатива көтеруге бейімдімін. 
4. Мен кез келген жауапкершілігі бар тапсырманы 
орындамауға сылтау тауып, сытылып кетемін. 
5. Жеңіл немесе қиын тапсырмаларды соңғы сәттерде 
аламын. 


20 
6. Кедергілер кездескенде, мен кейін шегінбеймін, оларды 
жоюдың жолдарын іздеймін. 
7. Жетістіктер мен сәтсіздіктердің кезектесуінде өзімнің 
жетістіктерімді қайта бағалауға бейіммін. 
8. 
Іс-әрекетімнің 
жемісті 
болуы 
басқа 
біреудің 
бақылауынан емес, негізінен маған байланысты. 
9. Қиын тапсырманы қолға алуға тура келсе уақыт аз 
болса, мен өте нашар жәй жұмыс жасаймын. 
10. Мақсатқа жетуде мен, әдетте тұрақтымын. 
11. Мен өз болашағымды бірнеше күнге емес, айға, жылға 
жоспарлаймын. 
12. Мен риск жасау үшін, әркезде ойланамын. 
13. Мені егер ешкім бақыламаса, мен әдетте мақсатқа 
жетуге талпынбаймын. 
14. Мақсатқа жету үшін алдыма қиындығы орташа немесе 
қиындығы аз ғана қол жетімді мақсаттарды қоямын. 
15. 
Егер 
мен 
сәтсіздікті 
басымнан 
өткізсем, 
тапсырмаларды орындауға қызығушылығым жойылады. 
16. Жетістіктер мен сәтсіздіктардың кезектесуінде өзімнің 
қорқыныштарымды қайта бағалауға бейіммін. 
17. Мен өзімнің болашағымды өте жақын уақытқа 
жоспарлаймын. 
18. Тіпті тапсырма жеткілікті қиын болса да, менің іс-
әрекетімнің нәтижесі қысқа уақыт аралығында жақсарады. 
19. Мен шынында да жетістіктерге жету жолында 
қорқыныштардан де қашпаймын. 
20. Мен өзіме тапсырма таңдайтын болсам, онда 
қорқыныштарға ұмтылу мен үшін өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет