Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші


Мақсаты: Зерттеу жұмыстарын атқарудың негізінде топ,  ұжым ішіндегі лидерді анықтаумен  қатар жеке  оқушылардың қарым-қатынасын зерттеу



Pdf көрінісі
бет15/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Мақсаты: Зерттеу жұмыстарын атқарудың негізінде топ, 
ұжым ішіндегі лидерді анықтаумен 
қатар жеке 
оқушылардың қарым-қатынасын зерттеу. 
Дайындықтар: Зерттеуші педагог топ, ұжым мүшелерінің 
санына сәйкес арнайы карточкаларды дайындайды. 
Зерттеуді өткізетін күнді, уақытты белгілейді, алдын ала 
жария етпейді. Карточка өлшемдері сұрақ және үш 
адамның фамилиясы сиятын болу керек. 
Сұрақтар: 
1. Туған күніңе кластасыңнан кімді шақырасың? 
2. Саяхатқа қай кластасыңмен шығасың? 
3.Кіммен бір партада отырғың келеді? 
Атқару жұмысы: Топ, ұжым мүшелерін тәртіпке 
келтіреді және әрқайсысын отырғызғанда араларын алшақ 
отырғызады да келесі нұсқауды береді. 
Нұсқау: Мен әрқайсыңа жеке карточканы таратамын. Әр 
карточкада сұрақ бар, ешкіммен ақылдаспай, әңгімелеспей 
өзіңіз жауап жазып қайтарасыз. Жауаптарыңыз объективті 
нақты болу керек. Берілген жауаптарды ешкімге 
хабарламайсың және менде жария етпеймін. Нұсқауды екі 
рет айтуға болады, бірақ ешбір өзгерістер енгізуге 
болмайды. Зерттеуші әрбір жеке оқушыға жеке карточканы 
тарады, тәртіпті сақтауға шақырады. Зерттелінушілер өз 
жауаптарын жазып болған соң карточканы, зерттеушіге 
өңдеуге тапсырады. Зерттеуші талдайды және нәтижесін 
шығарады. 
Нәтижесін шығару жолы: Карточка №1 (осы әдіспен 
№2, №3 карточкалар үшін де таблицалар толтырылады 
және диаграммасын сызып лидерді анықтайды), мына 
таблица таңдау матрицасы 


23 
№ Класс 
тізімі 
Карточка №1 Таңдалған оқушылар саны 

Алдияров 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 10 

Аманбаев 1 1 1 1 1

«Таңдау матрицасындағы» мағұлматтарды өңдеп болған 
соң, социограмма жасалады. 
Социограмма. 
4 шеңберден тұрады. 
І. Дөңгелекке (орталыққа) ең көп рет таңдалған оқушылар 
кіреді.
ІІ. Дөңгелекке - орташа сан рет таңдалғандар. 
ІІІ. Дөңгелекке - елеусіз (менсінбейтін) балалар - орташа 
саннан төмен. 
ІV. Дөңгелекке - оқшау қалған, шеттелген балалар бірде-
бір таңдалынбаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет