Тақырыбы: Абайдың сөзі - ақылдың көзі.
Мақсаты:
Абайдың айтқан сөздерін талқылай
отырып ғылым, білім туралы ұғымдарды бойына сіңіру оқу
арқылы
адамгершілік,
имандылық
тәрбиесін
қалыптастыру.
99
Көрнекілігі: Абай портреті. Мұхтар, Абай елі (кітабы)
Абайдың нақыл сөздері.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Класты дөңгелек үстел түрінде дайындаймыз.
Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Абайдың сөзі -
ақылдың көзі» деген тақырыппен алып отырмыз. Абай
атамызды бәрің де білесіңдер, ұлы ақын, кеменгер,
данышпан.
Өмірбаяны. Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы,
Абай ауданында дүниеге келген. Оны әкесі әуелі ауылдағы
татар молдасына, кейін Семейдегі Ахмет - Ризаның
медресесіне оқуға береді. Медреседе оқып жүріп орыс
тілін үйрену мақсатында үш ай орыс мектебінде оқиды. 13
жасқа келгенде әкесі оқудан шығарып алып, ел басқару
ісіне араластырады. Осы жұмыста қазақтың білгір
шешендері, әнші-күйшілері, ақын-жыршылармен кеңірек
танысады.
а) Абай сонымен бірге аудармашылықпен айналысады.
- «Абай - аудармашы» деген тақырыбы бойынша
/Индираға сөз беріледі/
- Германияда Абайға арналған мұражай бар. Ол мұражайда
Абай, Лермонтов, Гете портреттері ілініп тұр.
Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні үш тілде бірдей
бейнетаспада қазақ, орыс, неміс тілдерінде бірдей ойнап
тұр. Осыдан Абайды неміс халқының қалай құрметтегенін
көруге болады.
ә) Абайдың оқу - ғылымға шақырған өлеңдері бар.
- «Әсемпаз болма әрнеге» (Айдана)
- «Ғылым таппай мақтанба» (Кенжегүл)
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (Марта)
- «Өлең сөздің патшасы» (Маусым)
б) Имандылық, адамгершілікке шақыратын өлеңдері.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» (Қызғалдақ).
100
в) Табиғат туралы өлеңдер (тақырыбын атайық)
- Абайдың жеке адамның дамуы мен қалыптасуы жайлы 45
қара сөзі бар.
Қара сөздеріне тоқталайық: Гүлмира 1-ші қара сөз.
Меруерт 7-ші қара сөз.
Нұрбол 19-шы қара сөз.
Қазбек 18-шы қара сөз.
Ақнұр 37-шы қара сөз.
Оқушылар, Абай адам мінезінің түрлерін жақсы, жаман
деп екіге бөлген екен. Жастардың белгілі бір өнер үйреніп,
пайдалы іспен шұғылдануын уағыздаған.
г) Абай сөзге шешен болған. Абай мен Жанқұтты
шешеннің кездесуін сахналау.
Автор сөзі - Ақмарал
Абай - Мейірбек
Жанқұтты шешен - Бектас
ж) Автор сөзі: 17 жасынан сөз өнеріне араласып, сырым
елінің даулы ауызды биі Шабанбайдан бата алған
Жанқұтты
жаман
мен
жақсыны,
адалдықпен
аяушылықтың, қысқа өмірдің мәнін, терең білген кісі еді.
Жолы түсіп Құнанбайдың үйіне ат басын тіреді. Ондайда
игі жақсы сәлем бермек, бір ауыз аталы сөзін естіп қалмақ
ел дәстүрі. Ауылдың үлкен - кішісі қоғадай жапырлап
келіп Жанқұттыға сәлем береді. Солардың ішінде Абайда
бар еді.
Жанқұтты: - Абай шырағым дүние неге сүйенеді?
Абай. - Дүние үмітке сүйінеді.
Жанқұтты: - Көздің көрмесі болама?
Абай. - Иә, көз қабағын көрмейді.
Жанқұтты: - Шам жарығы түспес жер болама?
Абай. - Шам жарығы түбіне түспейді.
Жанқұтты: - Болат пышақтың кеспесі болама?
Абай. - Болат пышақ өз сабын кеспейді.
Жанқұтты: -Тамағына тартпайтын мақұлқат болама?
101
Абай. - Өз тамағына тартпайтын мақұлқат болмайды - ата
сізден бір сауал сұрасам рұқсат етесізбе.
Жанқұтты: - Ата баладан, сұраған сұрақты бала атасына
қойған несі айып сұра шырағым.
Абай. - Ата сұрасам, арсыз өтірік, қымбат шындық, даусыз
кәрілік.
Жанқұтты: - Мұны сен текке сұрамадың-ау балам! Е,
шырағым - арсыз өтірік, қымбат шындық, даусыз кәрілік.
Абай. - Оныңыз рас ата. Артыңызда айта жүрер өсиет
болса соны естиін деп едім. Оны естіп көңілім жай тапты.
Жанқұтты: -Балам мен бүгін бір жасап қалдым. Құнанбай
мырзаның әкесінен оза туған - Өскенбай атасына жете
туған баласы бар естуші едім. Соған көзім жетіп қойған
жоқ, көріп, көңілім тасып отыр, жанарының оты бар екен-
ойлылығың шығар, сезімнің нәрі бар екен - елің сұрағанда
шөл қандырар бұлағы боларсың.
Батасын береді. Бір сөз айтсаң жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірде ұқпайды.
Надандықтың белгісі
Өзін - өзі мақтайды
Көкірегі соқырға
Өмірде тоқ айтпайды
Шешенің сөзі шын асыл
Қап түбінде жатпайды.
д) Қазақ халқының музыкалық творчествосы Абай
есімімен тығыз байланысты «Абай сазгер» деген тақырып
бойынша (Мерует)
«Желсіз түнде жарық ай» ән орындалады.
Абай атаның 500-ге тарта өлеңдері бар. Абайды әлемге
танытқан кім? (Мұхтар).
- Мұхтар Әуезов қандай роман жазды? (Абай жолы).
102
Мұхтардың жеке 20 томдық шығармалар жинағы бар.
Сонымен бүгінгі сабақта Абай асыл сөздерінің қай заманда
да алатын орны ерекше екендігін ескере отырып,
Абай әлемнің Абайы,
Абай - аудармашы,
Абай - табиғат жыршысы,
Абай - сазгер екендігін біліп таныстық.
Абайдан алдым сабақ бала жастан
Тең барма ойға терең одан асқан
Алды бейіш, арты ырыс болсын
Мен оның шәкірті едім ізін басқан - деп аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |