Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Жүргiзушi:
Абайдың ағартушылық идеясы. «Ғылым таппай мақтанба» 
өлеңiнде айтылған «Адам болу» қағидасымен ұштасып 
жатыр.
Ғылым таппай мақтанба ... 
Адам болам десеңiз - деп келедi де ғылым тауып, адам 
болу үшiн не iстеу керек дегенде, Абай «Адам болу» 
қағидасын ұсынады.
«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының 
қылықтарын «Дос жылатып айтады» дегендей жерiне 
жеткiзiп, сүйегiнен өткiзiп айтып, олардың «ұятын, арын 
оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «бес 
асыл iсiн» өсиет етедi.
«Ғылым таппай мақтанба...» өлеңiнде
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой- 
Бес асыл iс көнсеңiз...» деп бес асыл iстi тұжырымдап 
бередi. Ал осы ғұламаның бес асыл iсiн бiздер қалай 
түсiнемiз. Кәне кiм айтады? 
Гүлназ: Абай өзінің 44 - қара сөзiнде «Адам баласының ең 
жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың түрлерi көп 
болатындығын баяндайды. Талаптың iшiндегi ең зоры – 
бiр өнердi таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық.
Керек iс бозбалаға талаптылық, 
Әр түрлi өнер, мiнез жақсы қылық.
Кейбiр жiгiт жүредi мақтан сөйлеп, 
Сыртқа пысық келедi, көзге сынық - деп Абай талаптың 
дарынды, ынтаны дамытатыны, сондықтан да халықтың 
«талапты ерге нұр жауар» деген сөздi бекерге айтпағаны 
туралы ой толғайды.
Баян:
«Еңбек» - бұл дүниедегi құдiреттi күш, дiни ұғымда құдай 
болса, ғылыми ұғымдағы бiрден-бiр жасампаз ұлы күш – 


105 
еңбек. «Адамшылықтың парызы үшiн - еңбек қылсаң, 
Алланың сүйген құлының бiрi боласың» - дейдi ақын. 
Еңбектi «бес асыл iстiң негiзгiсi» деп бағалаған - Абай:
Бақпен асқан патшадан, 
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәрiден, 
Еңбегiн сатқан бала артық... деп адамды дүние жүзiндегi 
тiршiлiктiң жасампаз күшi етiп отырған оның еңбегi
адамның адамгершiлiгi тек адал еңбегiмен бағаланатыны 
туралы ой қорытады.
Лаура: 
«Терең ой» - адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек 
дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-
жануардан ерекше айырып тұрған екi қасиеттi Абай 
жоғары бағалады. Оның бiрiншiсi - ақыл-ой, екiншiсi - сөз. 
Абай «Жапырағы қураған ескi үмiтпен» өлеңiнде адам 
үнемi үздiксiз ойлауы керек, өйткенi тек тұрақты ақыл-ой 
әрекетi ғана кiсiнi алға бастайды, бiрақ ой күнделiктi 
өмiрмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп 
үйретедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет