107
надан, надан да болса адам.
Екiншiсi -өз елiнiң iшiнде
мақтанарлық мақтан iздейдi, оның надандығы толық,
адамдығы толық емес. Үшiншiсi өз үйiне келiп айтпаса я
аулына ғана келiп айтпаса, өзге кiсi қостамайтын мақтанды
iздейдi. Ол наданның наданы.
Айгерiм:
«Ерiншек»:
Адамдардың
бойына
бiткен
жаман
қылықтардың iшiндегi ең жағымсызы - ерiншектiк.
Абайдың түсiндiруiнше ерiншектiк күллi дүниедегi
өнердiң дұшпаны.
Асылбек:
«Бекер мал шашу». Абай
шығармаларында қолда бар
қаржы мен мал-мүлкiн дұрыс пайдалана алмайтын, өз
пайдасын бiлмейтiн, сырт көзге жомарт болып көрiнетiн
мақтаншақ адамдарды өлтiре сынаған.
Жүргiзушi:
Абай адамның адам
болу қағидасымен шектелмей,
адамтану туралы ойын әрi дамытып, тереңдете бердi.
Ойшыл ақынды көп толғандыратын ендiгi бiр мәселе -
адамның барлық жағынан жан-жақты жетiлiп, «толық
адам» болу мәселесi. Толық адам болу үшiн адам
бойындағы
ең негiзгi қасиеттер - қайрат, ақыл, жүрек тең
болуы қажет деп тоқтамға келедi.
Көрiнiс: «Жүрек, ақыл, қайрат». Абайдың жетiншi қара
сөзi бойынша.
«Жүрек» - Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа
елжiреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиренiп, тулап
кететұғын- мен. Әдiлет, нысап, ұят рақым, мейiрбаншылық
дейтұғын нәрселердiң бәрi менен таралады. Жүрек
жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайрат» сөз сөйлейдi.
«Ақыл» - Ей, ақыл! Амал да, айла да - бәрi сенен шығады,
жақсының, жаманның екеуiнiң де сүйенгенi - сен екеуiнiң
де iздегеннiн тауып берiп жүресiң соның жаман.
108
«Қайрат» - Ей Қайрат сен де
жақсылықты берiк ұстап
кетесiң - соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге
әдiл төрелiкке «Бiлiм ата» келедi. Басына шалма ораған,
ойлы қолында кiтап.
«Бiлiм» - Сенің үшеуiңнiң басыңды қоспақ менiң iсiм.
Бiрақ сонда билеушi, әмiршi жүрек болса жарайды. Осы
үшеуiнiң басыңды қос, соның iшiнде жүрекке билет.
Жүргiзушi:
Абайдың айтуы бойынша үш-ақ нәрсе - адамның қасиетi:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Бiреуiнiң күнi
жоқ бiреуiнсiз,
Ғылым сол үшеуiнiң жолын бiлмек.
Қорытынды:
Сонымен оқушылар «Қалың елiм, қазағым, қайран
жұртым» деп тебiренген Абай халқына деген бар күйiнiш,
сүйiнiшiн сыйғыза отырып, ақын шығармашылық
кемелдену барысында бүкiл
адамзатқа ақыл-ой бiлiм
парасат, адамгершiлiк қасиеттердi саралап, аты алтын
әрiппен жазылар нағыз адамға жылы жүректен тұрар
мейiрiм, шапағат-нұрын егудi мақсат еттi.
Баршаға ортақ
ізгілiк ой-қазынасына ұқсас, адамзаттың Абайы бола бiлдi.