Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Гүлфайруз:
«Мақтаншақ» Абай сөзiмен айтқанда, мақтаншақтар 
бiреудi «демесiн» демейді, «дейiн» деп дейдi, азаптанып 
жүредi. «Бiреуi» жатқа мақтанарлық мақтанды iздейдi. Ол-


107 
надан, надан да болса адам. Екiншiсi -өз елiнiң iшiнде 
мақтанарлық мақтан iздейдi, оның надандығы толық, 
адамдығы толық емес. Үшiншiсi өз үйiне келiп айтпаса я 
аулына ғана келiп айтпаса, өзге кiсi қостамайтын мақтанды 
iздейдi. Ол наданның наданы.
Айгерiм:
«Ерiншек»: 
Адамдардың 
бойына 
бiткен 
жаман 
қылықтардың iшiндегi ең жағымсызы - ерiншектiк. 
Абайдың түсiндiруiнше ерiншектiк күллi дүниедегi 
өнердiң дұшпаны. 
Асылбек:
«Бекер мал шашу». Абай шығармаларында қолда бар 
қаржы мен мал-мүлкiн дұрыс пайдалана алмайтын, өз 
пайдасын бiлмейтiн, сырт көзге жомарт болып көрiнетiн 
мақтаншақ адамдарды өлтiре сынаған.
Жүргiзушi: 
Абай адамның адам болу қағидасымен шектелмей
адамтану туралы ойын әрi дамытып, тереңдете бердi. 
Ойшыл ақынды көп толғандыратын ендiгi бiр мәселе - 
адамның барлық жағынан жан-жақты жетiлiп, «толық 
адам» болу мәселесi. Толық адам болу үшiн адам 
бойындағы ең негiзгi қасиеттер - қайрат, ақыл, жүрек тең 
болуы қажет деп тоқтамға келедi.
Көрiнiс: «Жүрек, ақыл, қайрат». Абайдың жетiншi қара 
сөзi бойынша.
«Жүрек» - Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа 
елжiреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиренiп, тулап 
кететұғын- мен. Әдiлет, нысап, ұят рақым, мейiрбаншылық 
дейтұғын нәрселердiң бәрi менен таралады. Жүрек 
жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайрат» сөз сөйлейдi.
«Ақыл» - Ей, ақыл! Амал да, айла да - бәрi сенен шығады, 
жақсының, жаманның екеуiнiң де сүйенгенi - сен екеуiнiң 
де iздегеннiн тауып берiп жүресiң соның жаман.


108 
«Қайрат» - Ей Қайрат сен де жақсылықты берiк ұстап 
кетесiң - соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге 
әдiл төрелiкке «Бiлiм ата» келедi. Басына шалма ораған, 
ойлы қолында кiтап.
«Бiлiм» - Сенің үшеуiңнiң басыңды қоспақ менiң iсiм. 
Бiрақ сонда билеушi, әмiршi жүрек болса жарайды. Осы 
үшеуiнiң басыңды қос, соның iшiнде жүрекке билет.
Жүргiзушi: 
Абайдың айтуы бойынша үш-ақ нәрсе - адамның қасиетi: 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
Бiреуiнiң күнi жоқ бiреуiнсiз,
Ғылым сол үшеуiнiң жолын бiлмек. 
Қорытынды: 
Сонымен оқушылар «Қалың елiм, қазағым, қайран 
жұртым» деп тебiренген Абай халқына деген бар күйiнiш, 
сүйiнiшiн сыйғыза отырып, ақын шығармашылық 
кемелдену барысында бүкiл адамзатқа ақыл-ой бiлiм 
парасат, адамгершiлiк қасиеттердi саралап, аты алтын 
әрiппен жазылар нағыз адамға жылы жүректен тұрар 
мейiрiм, шапағат-нұрын егудi мақсат еттi. Баршаға ортақ 
ізгілiк ой-қазынасына ұқсас, адамзаттың Абайы бола бiлдi.


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет