Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Динара:
«Қанағат». 
Абай 
адамгершiлiк, 
иман 
туралы 
толғаныстарында «Қанағат» ұғымына ерекше мән бердi. 
Ақынның түсiнуiнше қанағат-барға риза болу, мiсе түту, 
нысаптан шықпа, нәпсiге ермеу. Қанағат қарын тойғызса, 
жалғыз атын созғызуға жеткiзетiн ақын: «Адам баласы 
қанағатсыздықпен хайуандардың тұқымын құртты...» деп 
мiнейдi.
Дина:
«Рақым» дегенiмiз ұғымды философиялық тұрғыдан 
алғанда адамның өзге кiсiлерге жасайтын жақсылығы
мейiрiм шапағаты мен көмегi. Абайдың пiкiрiнше, терең 
ойдың негiзгi ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негiзi - 
жүрек пен сезiм.


106 
Жүргiзушi:
«Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершiлiкке жат 
этикалық әдеп нормалары. Абай «Бес асыл iсiнде» нағыз 
адам болу үшiн бес нәрсеге асық болу керектiгiн айтса
«Бес дұшпанда»:
Адам болам десеңiз,
Оған қайғы жесеңiз,
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ - 
Бес дұшпанын бiлсеңiз... - деп адам бойындағы жағымсыз 
қасиеттi сынға алады. Осы жағымсыз қасиеттерден 
жұртшылықты сақтандырмақ болады.
Ерлан:
«Өсек». Абай заманында ел арасында көп тараған
адамгершiлiкке жат, жаман қылықтардың бiрi - өсек айту, 
өсекшiлдiк. Осы жайға ренiш бiлдiрген ақын 24-қара 
сөзiнде «Қазақ ортасынан ұрлық, өтiрiк, өсек, қастық 
қылып, өнердi, малды түздеп, бөтен жақтан түзу жол iздеп, 
өрiстетерлiк күн болар ма екен»? деп армандайды.
Жұмагүл :
«Өтiрiк» Ақын өтiрiктi «Бес дұшпанның» ең бiр 
жиiркенiштi түрi ретiнде сипаттап, өз халқын осындай бiр 
сұм кесапаттан тазартуды армандайды. Ақты қара деп, я 
қараны ақ деп, өтiрiктi шын деп ант ететiн кiсiлердi Абай 
имансыз, азған адамдарға жатқызады.
«Расы жоқ сөзiнiң, 
Ырысы жоқ өзiнiң.
Өңкей жалған мақтаумен,
Шынның бетiн бояды» -деп өтiрiк пен өтiрiкшiлердiң бет 
пердесiн ашады, сынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет