Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

«Наурыз» әні орындалады. 
Осы кезде сахнаға Алдар көсе шығады, көрерменге 
қарап: осы маңда бір той бар-ау, шырқатып ән салып 
жатыр ма деймін. Барып асқа (асылған етке) тойып 
қайтайын. 
Оқушы: 
 
бетінен бес шыбын тайып жығылатындай, жылтыр қара 
мынауың кім тағы? 
Алдар:
Мен Алдармын, Алдармын 
Сақалымды талдармын, 
Шығайбайды алдағам, 
Сендерді де алдармын. 
Оқушы:
Атың да Алдар, 
Затың да Алдар 
Өне бойың тұнып тұрған алдағыш 
Алдап көрші ал! 
Алдар фокус көрсетеді. 
2-ші жүргізуші: 
Уа, халқым, сіздерді Ұлыс тойымен құттықтауға, Ақ 
есегіне шашу қоржынын артып, Қожанасыр келеді, қол 
шапалақтап қарсы алайық. 
Қожа:
Ұлыс бақты болсын, 
Төрт түлік ақты болсын. 
Ұлыс береке берсін, 
Пәле-жала жерге енсін. 
 


122 
1-оқушы:
Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, 
әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп 
келе жатқан мейрам! «Наурыз» парсы сөзі, қысқаша 
айтқанда «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн Наурыздың
22-жұлдызында мерекеленген. Яғни бұл күн мен түннің 
теңеліп, көктің шыға бастайтын кезі, Наурызда жеті түрлі 
заттан жасалатын Наурыз көже пісіріліп, дастарғханға жеті 
түрлі дәм қойылады.
2-оқушы: 
Халқымыздың рухани мұраларының бірі салт-дәстүрлер 
арқылы ұрпаққа адалдық, имандылық, ақыл, еңбек, отбасы 
тәрбиесіне байланысты тәлім берілетіні ежелден белгілі.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, 
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем, 
Жарығыңмен, шуағыңмен күн анам 
Алып келдің жер бетіне гүл көктем. 
3-оқушы: 
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік қадіріңді білдік те, 
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған, 
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет