Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет90/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
Субарктикалық белдеуінің және көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының климаты. Қысы қатал, 
әрі ҧзақ поляр аймағының климаты. Кҥн радиациясы аз, жазы қысқа, әрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташа 
температура 0º-тан тӛмен болады. Қыста ауа райы ашық, жазда – тҧманды, әрі бҧлтты. Жауын-шашыны аз – 
жылына 200-300 мм-ден аспайды. Осындай климат бҧрын қалыптасқан мәңгі тоң топырақтың ерімей 
сақталуына және солифлюкциялық процестердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бҧл суға әбден қаныққан 
топырақтың және жҧқа дисперсиялық тау жыныстардың аяздан қатқан беттің ҥстімен тӛмен қарай баяу сырғып 
ағуы. Полярлық климат Еуразия және Солтҥстік Американың тундра белдеуіне және Шығыс Сібірдің кӛп 
бӛлігіне тән. Гумидтік климат – аса ылғалды климат. Мҧнда жыл бойы тҥсетін жауын-шашын топыраққа 
сіңетін және буланып кететін судың мӛлшерінен едәуір басым болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер 
бойымен сорғалап ағып, алаңдық шаюды қоздырады немесе тҧрақты және уақытша аққан судың нәтижесінде 
бедердің әр тҥрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды) қалыптастырады. Сондықтан эрозиялық 
пішіндер торы гумидты климат жағдайында жиі қалыптасады. Ылғалды және жылудың кӛп мӛлшерде болу 
себебінен гумидты климатты аймақтарда химиялық ҥгілу процесі мейлінше қарқынды жҥреді. Бҧған қоса карст 
процестері де дамиды. 


109 
Жер шарында гумидтік климат ҥш белдемге бӛлінеді: оның екеуі қоңыржай белдеулердің Солтҥстік және 
Оңтҥстік жартышар бӛлігінде дамыса, ҥшіншісі экваторлық белдеуге бейімделген. Климаттың бҧл тҥріне, яғни 
оның бедер тҥзетін ролінің сипатына сәйкес субтропиктердің және қоңыржай белдеулердің муссондық 
аймақтары (Еуразия және Солтҥстік Американың шығыс және оңтҥстік-шығыс аймақтары) жатады. 
Аридтық климат - қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы__жоғары, атмосфералық жауын-
шашыны аз, шӛл мен шӛлейттерге тән қҧрғақ климат. Жылдық жауын-шашын мӛлшері 150-200 мм-ден 
аспайды. Бҧл жағдайда булану қарқындылығы жауын-шашын мӛлшерінен әлдеқайда артық, ӛсімдік 
жамылғысы ӛте сирек, немесе мҥлде болмайды, физикалық ҥгілу, әсіресе температуралық ҥгілу басым. 
Аридтық климат жағдайларда эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі бедер қҧратын агент – жел әрекеті. Ҥгілген 
заттардың қҧрғақтығынан тек қана ашық беттерден ғана емес, сондай-ақ тау жыныстарының жарықшақтарынан 
ҧсақ тҥйірлердің желмен тез ҧшып кетуіне мҥмкіндік туғызады. Қорыта келгенде, қатты берік тау жыныстар 
қашалынады, соның нәтижесінде аридтық климатта геологиялық қҧрылымдар жер бетінде анық байқалады. 
Аридтық климат аймақтарының басым бӛлігі оңтҥстік және солтҥстік қоңыр салқын ендіктердің 20º және 30º 
аралығындағы материктерде дамыған. 
Аридтық климат осы айтылған ендіктерден тыс басқа жерлерде де байқалады, мҧндай жағдайда олардың 
қҧрылуы материктердің кӛлеміне және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Солтҥстік жарты 
шардағы Шығыс Азияның аридтық белдемі солтҥстік ендіктің 50º-на дейін тарап жатыр. Осында айта кететін 
бір мәселе, климаттың бір морфологиялық типінен екіншісіне баяу ауысып отыруы. Сол себептен экзогендік 
бедер тҥзуші процестер де климаттың ауысуына сәйкес біртіндеп ӛзгеріп тҧрады. Бірқатар аймақтарда 
экзогендік процестерден қалыптасқан бедер пішіндерінің қазіргі климаттық жағдайларға сәйкес еместігін 
байқауға болады. 
Мысалы, Еуропаның Солтҥстік жартысында қазіргі кезде ешқандай мҧздықтар жоқ болғанымен және бҧл аймақ 
қоңыржай белдеудегі гумидтік климатта орналасқанымен, мҧздық әрекетінен пайда болған бедер тҥрлері 
таралған. Бҧл ертеректе, мҧз басу кезеңінде Солтҥстік Еуропаның кӛп бӛлігін мҧз жамылғысы басқанын және 
соның нәтижесінде нивалдық климат белдеуінде орналасқандығынан деп тҥсіндіріледі. Бҧл жерде осы уақытқа 
дейін қазіргі климаттың жағдайларына тән емес мҧздықтар әрекетінен қҧрылған және сақталған бедер пішіндері 
бар. Мҧндай тҥрлерін реликті (лат. relіctus –қалдық) деп атайды. Осындай пішіндерді зерттеудің зор ғылыми 
мәні бар. 
Бедердің қалдық пішіндері шӛккен тау жыныстарымен қатар жеке аймақтардың палеоклиматы туралы кӛп 
мәлімет алуға мҥмкіндік туғызады. Бірақ бедер климаттың, әсіресе топырақ жамылғысының ӛзгеруімен 
салыстырғанда ӛзінің тҥрін баяу ӛзгертеді. Сондықтан, қазіргі кездегі экзогендік бедердің бейнесі бірқатар 
аймақтарда тек қазіргі климаттық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар ӛткен геологиялық кезеңдерге де 
байланысты қалыптасады деген қорытынды шығаруға болады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
 
3. Тау жыныстарының ҥгілуі. 
Тау жыныстарының ҥгілуі (морылуы) деп ауаның, су мен тірі организмдердің әсер ету нәтижесінде жер 
бетіндегі минералдар мен тау жыныстарының механикалық бҧзылып химиялық ыдырауын айтады. 
Тау жыныстарының ҥгілу қарқындылығы оның әр тҥрлі физика-механика- 
лық қасиеттеріне және химиялық тӛзімділігіне байланысты. Таужыныстарының негізгі қасиеттеріне олардың 
беріктілігі, тҥсі, еру қасиеті, қат-қабаттылығы және тағы басқа қасиеттері жатады. Тау жыныстарының 
беріктілігі олардың механикалық әсеріне тӛзімділік кӛрсетуі, мысалы, біртҧтас қатты порфирит немесе 
кварцитке ҧқсас жҧмырланған магмалық тау жыныстары баяу, бәсең ҥгіліп, жер бетінде дӛңес бедерлерді 
қҧрайды, ал икемді, жҧмсақ тау жыныстары керісінше сыртқы, экзогендік әсерінен жылдам бҧзылып шайылып 
кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін тҥзеді. Тҥсі ақшыл тау жыныстары кҥн сәулесін шағылтады, ал қара тҥсті тау 
жыныстары кҥн сәулесін ӛзіне тартып, кӛбірек қызып, ӛз аумағын ҧлғайтып жылдам ҥгіледі. 
Бҧған мысал ҥшін гранитті алайық. Ол ӛзінің беріктілігіне қарамастан шӛлді аймақтарда тез ҥгіледі, себебі оны 
қҧрайтын минералдар әр тҥсті болады. Әр минералдың тҥсі әр тҥрлі болғандықтан олардың кҥн сәулесін 
қабылдау қасиеті де біркелкі болмайды, ҧлғаю коэффициенті де әр тҥрлі. Сонда жылыну мен суыну кезі 
алмасқан кезде бірнеше минералдардан қҧралған тҧтас гранит тастар босап ҥгіле бастайды. Осы гранит 
тастарды қҧрайтын қызғылт дала шпат минералы химиялық ыдырау нәтижесінде сазды топыраққа айналып, 
кварц тҥйірлері кейін борпылдақ қҧм тҥйірлеріне ауысады. Табиғат факторларына байланысты ҥгілудің ҥш тҥрі 
бар. Олар: физикалық, химиялық және органикалық. Физикалық (механикалық) ҥгілуге температураның 
ӛзгеруі, тау жыныстарының жарықшақтарында судың қатуы мен еруі, жануарлар мен ӛсімдіктердің тіршілік 
әрекеті, булану, су қҧрамындағы тҧздардың кристалдану процестері жатады. Физикалық ҥгілу барысында тау 
жыныстарының кесек тастары температураның кҥрт ӛзгеруіне байланысты кӛлемін бірде ҥлкейтіп, бірде 
кішірейтіп тҧратындықтан шытынап сынады.Мҧндай жағдайлар шӛлді аймақтарда және биік таулы ӛлкелерде 
жиі кездеседі. Әсіресе кҥн мен тҥннің ауысуына байланысты ауа температурасының тәуліктік ауытқуынан тау 
жыныстарының кҥндіз қатты қызып, тҥнде сууының зор маңызы бар. Температура жоғарылаған сайын тау 
жыныстарының сыртқы бӛлігі кҥн сәулесінен, ішкі бӛліктерінен гӛрі молырақ қызып, кӛлемі ҧлғаяды да 
нәтижесінде жарылып бҧзылады. Тау жыныстарының жылу ӛткізгіштігі біршама тӛмен болғандықтан олардың 
сыртқы қабаттары қабыршақтанып, ішкі массадан бӛліне бастайды. Ал, температура тӛмендеуінен тау


110 
жыныстарының сыртқы қабаттары ішкі қабаттарға қарағанда жылдамырақ суиды. Сӛйтіп, алма-кезек жылыну 
мен суыну себебінен тіпті ең тӛзімді, берік тау жыныстарының ӛзін бҧзып ыдыратады. Тау жыныстарының 
механикалық ыдырау нәтижесінде олардың ауамен, сумен шектесуі әлдеқайда арта тҥсіп, химиялық ҥгілудің 
дамуын жеңілдете тҥседі. Су және әр тҥрлі еріткіштер әрекетінен тау жыныстары еріп, сілтілену 
(выщелачивание), гидратация (су жҧту), дегидратация (судан арылу), гидролиз қҧбылыстарын тудырады да 
оттегі тотығуды кҥшейтеді, кӛмір қышқыл газы судың химиялық белсенділігін және сутегі иондарының 
шоғырлануын арттырады. Химиялық процесс нәтижесінде жаңа минералдар пайда болады. Мысалы, дала 
шпаттары мен слюдалар каолинитке, гидрослюдаларға айналады, ал ерітіндіге тҥскен заттар шайылып кетеді. 
Физикалық және химиялық ҥгілулер бір мезгілде ӛтеді, бірақ нақты физикалық-географиялық жағдайларға 
байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы, полярлық аймақтарда физикалық 
және механикалық ҥгілу басымдау, ал қоңыржай белдемдерде немесе ылғалды, субтропиктік белдеулерде 
химиялық ҥгілу басым. Химиялық қҧбылысқа кӛбірек ҧшырайтындар: әктастар, доломиттер, тас тҧздар, гипстер 
және тағы басқа карбонатты тау жыныстары. Бҧлар жеңіл еріп, сумен ерітіндіге шығады. Нәтижесінде жер 
бетінде әр тҥрлі қуыс бедер пішіндері – ҥңгірлер, карстық шҧңқырлар, қҧдықтар және т.б. пайда болады. 
Органикалық ҥгілуде механикалық және биохимиялық әрекеттер арқылы таужыныстарының бҧзылуы. 
Механикалық бҧзуды ӛсімдіктер ӛздерінің тамыр жҥйесі арқылы атқарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік 
қатты тҥпкі тау жыныстарының ӛзін сындырып едәуір бӛлшектеп жібереді. Мысалы, ӛсімдіктердің тамыры 
қаланың кӛшелеріндегі бетон, плитаны немесе асфальт қабатын тесіп ӛтетіні баршамызға аян. Механикалық 
әрекеттен басқа органикалық ҥгілу ӛсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бактериялардың, 
саңырауқҧлақтардың, балдырлардың, қыналардың, мҥктердің биохимиялық әрекеттеріне тығыз байланысты. 
Олар ӛздерінің тіршілік етуі ҥшін, не болмаса ӛзі солғаннан соң бойынан кӛптеген кӛмірқышқыл газдарын және 
органикалық қышқылдарды шығарып тау жыныстарын бӛлшектеуге және ыдырау ҥшін едәуір әрекет жасайды. 
Сӛйтіп, химиялық және биохимиялық ыдырау процестері тоқталмастан ӛте береді. Ҥгілген тау жыныстарының 
кӛп бӛлігі ешқашанда ӛз орнында қалмайды, тасымалдау агенттері арқылы (салмақ кҥші, ағын сулар, жел кҥші, 
мҧздық әрекеті) бедердің тӛменгі ойпат аймақтарына және мҧхиттарға барып шӛгеді. Ҥгілу және ҥгіліске 
ҧшыраған бӛлшек заттардың тасымалдануының және шӛгуінің жинақтық процестерін денудация (лат. denudatіo 
– ашылу) деп атайды. Басқаша айтқанда, денудация – тау жыныстарының бҧзылуы, ҥгілуі және пайда болған 
ҥгінділердің кӛтеріңкі аймақтардан салмақ кҥші су, жел, мҧздық әрекетінен сырғып, ойыс ӛңірлерге шӛгуі. 
Ҥгілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдық массалар ӛзгеріп орнынан ауысып тҧрса, екінші 
жағынан шайылу әрекетінен тӛменде жатқан тҥпкі тау жыныстары ҥнемі жер бетіне ашылып шығып, ҥгілу 
процесі одан әрі тереңдей тҥседі. Сӛйтіп жер беті ҧдайы жаңарып, қҧрлықтың кӛтеріңкі ӛлкелері тӛмендейді, 
таулар бҧзылып, қҧлдырап жазыққа айналады, бедердің бір тҥрі жойылып басқа тҥрлер пайда болады. 
Ақырында жер бетінің кедір-бҧдыры тегістеліп денудациялық жазықтықтар (пенеплен) қалыптасады. 
4. Ҥгілу қыртысы (кора выветривания). 
Литосфераның беткі бӛлігінің аэрация зонасының ауқымында әр тҥрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) 
әсерінен ӛзгерістерге ҧшыраған магмалық, метаморфтық және шӛгінді тау жыныстары есебінен қалыптасқан 
және сол орнынан қозғалмай сақталып қалған ҥгілген тау жыныстарының жиынтығын үгілу қабығы дейді 
[Сурет-56]. Ҥгілу қыртысы тҥпкі тау жыныстарынан борпылдақ қҧрылымымен, кӛбінесе коңыр немесе қызыл 
тҥсті едәуір сазды минералдардың қоспасы бар химиялық және минералдық қҧрамымен ерекшеленеді. 


111 
Сурет-56. Ҥгілу қабығы. 
Ҥгілу қыртысының тҥрі және қалындығы кӛптеген табиғи факторларға байланысты. Оның қалыптасуына 
алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және тегіс бетті жазықтық қолайлы. Сонымен қатар тау 
жыныстарының тозу-ҥгілу мерзімі ҧзақ болуы шартты. Ҥгілу қыртысы ӛзінің қҧрамы мен қалыңдығына қарай 
бірнеше тҥрге бӛлі-неді, олар: а) химиялық аса ӛзгермеген, немесе аз мӛлшерде ӛзгерген, негізінде тҥпкі тау 
жыныстардан қҧралған кесек тасты ҥгілу қабығы; б) химиялық мӛлшерде ӛзгерген тҥпкі тау жыныстармен 
қатар дала шпат пен слюданың ӛзгеруі арқылы сазды-гидрослюда минералынан қҧрылған гидрослюдалық 
қабық; в) онтмориллониттық қабық –алғашқы минералдардан терең химиялық ӛзгерістен ӛтіп тҥзелген 
негізінен сазды минерал монтомориллониттен қҧралады; г) каолинит қабық; д) қызыл топырақты қабық; е) 
латеритты қабық. Ҥгілген қыртыстардың соңғы екі тҥрі ҧзақ уақыт бойы тҥгелімен ҥгіліп, алғашқы тау 
жыныстар қҧрамынан толық ажырауы нәтижесінде пайда болған. Жоғарыда атап айтылған ҥгілген қабаттар 
тҥрлерінің әрқайсысының ӛздерінің табиғат зоналық сипаттамасы бар. Мәселен, кесек тасты ҥгілу қабықтар 
полярлық биік таулы ӛлкелерде, сонымен қатар тасты шӛлдерде кездеседі. Гидрослюдалық қабық суық және 
қоңыржай зоналарда дамиды. Монтмориллониттық қабық дала және шӛлейт аймақтарда, каолинитті және 
қызыл топырақты қабықтар –субтропикалық зонада тҥзілген, ал латеритті қабық – алюмосиликаттардың әбден 
ӛршіген химиялық ҥгілудің әсерінен, ыстық және ылғалды экваториалдық зоналардың жазық ӛлкелерінде 
тҥзілген тау жыныстарының қызыл тҥсті ерекше тҥрі. 
Жоғарыда айтылған ҥгілу процестерінің бедер тҥзетін ролін ерекше айтып кетуге болады. Жалпы айтқанда 
ҥгілу процесінің ӛзі қандай даболсын ерекше бедер пішіндерін қҧрмайды. Бірақ тау жыныстары ыдырауының 
ҥнемі және маңызды факторы бола тҧрып, бҧл процесс басқа экзогендік агенттердің тасымалдауына қолайлы 
борпылдақ материалын дайындайды да, ауырлық кҥші әрекеті арқылы сол материалды гипсометриялық тӛмен 
жерге ығыстырып, ауыстырып әкелуге әсер етеді. Дәл осы жағдайда ҥгілу процесінің бедер тҥзілуінде 
атқаратын орны ӛте зор. 
Ҥгілу қыртысының елеулі практикалық маңызы да бар. Кӛптеген қымбат пайдалы қазбалар, мысалы, 
бокситтың, темір тотықтарының кені, никель, марганец, кобальт және хром кендерінің кейбір тҥрлері осы 
ҥгілу__қабығына байланысты. Тҥрлі-тҥсті минералдардың шашылымды кенорындарын іздестіруде ҥгілу 
қабығын зерттеудің келешегі ӛте зор.


112 
Дҥние жҥзінде әр геологиялық дәуірлерде қалыптасқан ҥгілу қыртысы кең таралған. ТМД елдер аумағында 
протерозой эрасының ҥгілу қабығы Карелия мен Украинада, девон кезеңінің қабығы Тиман қыратында, мезозой 
мен тӛменгі кайнозой дәуіріндегі ҥгілу қыртыстары Орал тауында және Қазақстанның Сарыарқа даласында 
кездеседі. Торғай облысындағы белгілі Аманкелді боксит кенорны осы мезозой кезіндегі кең жазық 
пенепленмен байланысты.
Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. 
"Беткей" туралы ҧғым 
Беткейлер−қҧрлықта (таулардың, қыраттардың аумағында, ӛзен аңғарларының бойында және т.б.), сонымен 
қатар теңіз бен мҧхит жағалауларында және олардың тҥбінде эндогендік және экзогендік процестер 
нәтижесінде қалыпттасқан жер бетінің еңісті бӛліктері. Беткейлердің сипаты оларды тҥзетін тау жыныстарының 
қҧрамына, қҧрылысына, жердің абсолюттік және салыстырмалы биіктігіне, беткейлік процестердің 
қарқындылығына, климат ерекшілігіне, ӛсімдік тҥрлеріне, беткейлер экспозициясына және табиғи ортаның 
басқа да қҧрамбӛліктеріне байланысты. Беткейлер дамыған аймақтарда ауырлық кҥш әсерінен топырақтың 
тӛмен қарай сырғып ауысуы ҥлкен рӛл атқарады. Жалпы қҧрлық бетінің 80%-ы беткейлер алып жатыр. 
Сондықтан беткейлер қалыптасуының және олардың ауқымында ӛтіп жатқан табиғи процестердің маңызы ӛте 
зор. Беткей етегіне қарай бағытталған ҥгілген материалдың ауырлық кҥш әрекетіне борпылдақ тау жыныстар 
бӛлшектерінің ӛзара тҧтасу кҥші және олардың астында жатқан тҥпкі тау жыныстарының ілініс кҥші кері әсер 
етеді. Осы ҥгілген материалдың ауырлық кҥші мен тҧтасу кҥштері арасындағы арақатынас беткейлер ҥстіндегі 
процестердің бағытын және қарқындылығын белгілейді. Бҧл процестер кӛптеген факторларға байланысты 
болып, олардың әрі қарай дамуына себепші болады. Беткейлердің ҥстінде болып жатқан процестер ҥгілген 
материалдың шайылып жойылуына, тасымалдануына немесе олардың жиналып шоғырлануына әкеп соғады. 
Соның нәтижесінде ӛңделген (выработанный) және аккумуляциялық бедер пішіндері пайда болады. Беткейлік 
денудация (склоновая денудация) бҧл бедер пішіндерін қалыптастыратын негізгі экзогендік факторлардың бірі 
болып саналады. Сонымен қатар, беткейлік денудация аллювийлік, мҧздық, теңіздік және басқа шӛгінділер 
тҥрлерінің (генетикалық типтерінің) кӛзі болып табылады. Тау жыныстарының ҥгілуі мен беткейлік процестер 
ӛзара тығыз байланысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі тҥпкі 
таужыныстарының жер бетіне шығуына мҥмкіндік береді де, оның тез ҥгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, 
беткейлердің баяу шайылуы ҥгінділердің жиналуына әкеледі, соның себебінен тҥпкі тау жыныстарының одан 
әрі ҥгілуіне кедергі жасалады. Сӛйтіп, беткейлік процестердің қарқындылығы ақырында денудация 
жылдамдығын белгілейді. Беткейлерді және беткейлік процестерді зерттеудің ғылыми мағынасы – бедер 
пішіндерінің жаратылу тегін және даму тарихын анықтау, сонымен қатар, беткейлердің ӛте зор практикалык 
маңызын кӛрсету. Себебі эрозиялық процестерге қарсы кҥрес жҥргізуде, гидротехникалық және тҧрғын ҥй 
қҧрылыстарын салуда, қазба байлықтарды іздестіру жолында беткейлердің қалыптасуы, олардың геологиялық 
қҧрылымы және беткей ҥстіндегі ӛтіп жатқан процестер едәуір мәліметтер береді. Беткейлердің морфологиясы, 
яғни сыртқы бейнесі әр тҥрлі. Олар еңістелу дәрежесіне қарай: тік қҧлайтын (35º-тан аса), қҧламалы (15-35º), 
орташа еңісті (8-15º), жайпақ (4-8º), ӛте жайпақ (2-4º) беткейлер болып бірнеше тҥрге бӛлінеді. Беткейлердің 
бҧлай бӛлінуінің кейбір генетикалық мәні бар, демек олардың ҥстінде жҥріп жатқан процестердің сипаты және 
қарқыны туралы сараптауына мҥмкіндік береді және олар халық шаруашылығына қажетті, инженерлік-
геоморфологиялық зерттеулерді жҥргізу кезінде қолданылады. Тік қҧлайтын беткейлердің бірі – жарлар. Олар 
неотектоникалық (жерсілкіну) қозғалыстар, абразия, эрозия т.с.с. 
процестердің әсерінен қалыптасады. Жарлар оларды тудырушы кҥштер толастамаған жағдайда ғана кӛрініс 
береді; бҧл кҥштер толастауы-ақ мҧң екен жарлардың ернеулері (жиектері) гравитациялық процестердің 
әсерінен бірте-бірте тілімденіп жайпақтала бастайды. Ҧзындығына қарай беткейлер ҧзын беткей (50-500 м), 
орташа ҧзын беткей (50-500 м) және қысқа беткей (50 м) болып жіктеледі. Беткейлер қима пішініне қарай тік 
беткей, дӛңестеле иілген беткей, ойыңқы еңістеле иілген беткей және кертпешті беткей болуы ықтимал. 
Дӛңестеле иілген беткейлердің табаны біршама айқын кӛрінеді, жоғары ернеуінде жайпақтау болып келеді, ал 
тӛменгі ӛңірінде біршама қҧламалы болады. Ойыңқы (еңістеле) иілген беткейлердің табаны айқын емес. 
Олардың жоғарғы бӛлігі тік, қҧламалы болады да, тӛменгі ӛңірінде бірте-бірте жайпақтала тҥседі. Неміс 
ғалымы В.Пенктің айтуынша, беткейлердің бойлық қимасы эндогендік және экзогендік кҥштердің ӛзара қарым- 
қатынасы әрекеттерінің сипатын білдіреді. Мысалы, жер қыртысының кӛтерілуі сыртқы кҥштердің әсеріне, 
яғни денудация процесіне теңбе-тең болса, онда тік беткейлер қалыптасады. Бірақ, табиғатта кӛбінесе дӛңестене 
иілген және ойыңқы иілген беткейлер жиі кездеседі. Жоғарыда айтылғандай, беткейлер негізінен экзогендік 
және эндогендік кҥштер әсерінен пайда болады. Осыған сәйкес жер бетіндегі барлық беткейлер жаратылу тегі 
(генезисі) жағынан эндогендік және экзогендік беткейлерге жіктеледі. Эндогендік беткейлер жер қыртысының 
тектоникалық қозғалыстары, магматизм және жерсілкіну әрекетінен қалыптасуы мҥмкін. Тектоникалық 
беткейлер жер қыртысының тік бағыттағы қозғалыстарынан, қатпарлы және тектоникалық ҥзілмелі әрекетінен 
тҥзілуі ықтимал. 
Экзогендік беткейлердің ішінде экзогендік агенттер әсерінен қалыптасқан, яғни ағынды сулар әрекеттен 
тҥзілген флювийлік беткейлерді және кӛлдер, мҧхиттар, мҧздықтар, жел, жерасты сулары әрекетінен 
қалыптасқан беткейлерді атап айтуға болады. Мҧндай беткейлерге адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде 


113 
пайда болған беткейлер де жатады. Беткейлер морфологиялық ӛзгешелігіне, ҥстінде жатқан борпылдақ 
шӛгінділерінің қалыңдығы мен қҧрамына және нақты физикалық-географиялық жағдайларына байланысты 
алуан тҥрлері болады. 
А.И.Спиридонов беткей процестерінің ерекшеліктеріне қарай келесі тҥрлерді даралаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет