Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет92/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

беткейлері (осыпные склоны). Қорымдық (сусымалы) беткейлердің пайда болуы кӛбінесе физикалық ҥгілу 
және гравитациялық процесіне байланысты. Сусымалы процестер әдетте мергельдер және сазды әктастардан 
қҧралған тік жарлы, қҧламалы беткейлерде кең дамыған [Сурет-57]. 


114 
 
Сурет-57. Гималай тауларының беткейлерінде дамыған қорымның ысырынды конустары 
(В.П.Бондарчук). 
Қорымдық беткейлерде жоғарыдан тӛмен қарай денудациялық беткейді сусымалы науаны (осыпной лоток) 
және қорымдық конусты (конус осыпи) даралауға болады. Жоғарыдағы денудациялық беткей ҥнемі физикалық 
ҥгілуге ҧшырайтын жалаңаштанған тҥпкі тау жыныстардан тҧрады. Ҥгілуден пайда болған жекеленген 
кесектастар мен қабыршықтар беткей бойымен ауырлық кҥші әсерінен тӛмен қарай домалағанда беткей ҥстінде 
тҥйіршіктердің механикалық әсер етуінен ені бірнеше метр, тереңдігі 1-2 метрлік кӛптеген науалар пайда 
болады. Беткейлердің тӛменгі бӛліктерінде науалар бірігіп, ені ондаған метрлерге жететін жыра-жылғаларға 
ауысады. Еріген су мен жаңбыр сулары науаларды тереңдете тҥсіп беткейдің денудациялық бӛлігін одан әрі 
бӛлшектеп, әр тҥрлі ҥшкіртістерге ҧқсаған кішігірім қырқаларды қҧрады. Кейде беткейдің осы денудациялық 
бӛлігінің бедері ӛте кҥрделі болып, неше тҥрлі тас мҧнаралар, бағаналар қалыптасады. Жекеленген 
кесектастардың беткей бойымен тӛмен қарай қозғалып ауысуы табиғи қҧлама бҧрышына сәйкес келгенше 
жалғаса береді. Осы мезеттен бастап тҥйіршікті тау жыныстардың шоғырлануы және конустың қалыптасуы 
одан әрі жалғасады. Кейін баурай етегіндегі жиналған ысырынды конустар бір-бірімен бірігуі ықтимал. 
Осының салдарынан беткей етегінде ірі және ҧсақ сынықты тау жыныстардан қҧрылған тҧтас ысырынды конус 
шлейфі (шлейф конусов выноса) қалыптасады. Әдетте қорымдық шӛгінділер іріктелмеген сынықты 
материалдармен сипатталады, дегенмен бҧл қҧрылымның бір ерекшелігі мынада: физикалық ҥгілуге ҧшыраған 
жекелеген кесектер неғҧрлым ірілеу болса, соғҧрлым олардың тӛмен домалау инерциясы артығырақ болып, әрі 
қарай жылжып ысырынды конусының шетін қҧрайды, ал ҧсақ кесектер беткейдің биігірек ӛңірлерінде 
жинақталады. Табиғаттың зауалды қҧбылысы болып есептелетін опырылмалар әрекетіне қарағанда сусымалы 
әрекеті зиянсыз деуге болады, себебі гравитациялық қозғалыстардың бҧл тҥрі физикалық ҥгілуге ҧшыраған 
жекелеген кесектердің беткейі бойымен тӛмен қарай бірте-бірте сусуымен сипатталады. Кейбір таулардың 
беткейлері мен жайпақ тӛбелерінің ҥстінде тау жыныстарының ірі сынықтарының алаңда жабын тәрізді 
жиналуы ″тас теңіздер″(каменные моря) деп атайды. Олар физикалық және аяздық ҥгілуі 
нәтижесінде және ауырлық кҥшінің әсерінен беткеймен тӛмен қарай біртіндеп сырғи отырып ″тас ӛзендерін″ 
(каменные реки) тҥзуі мҥмкінКесектастардың кӛлденең мӛлшері оншақты сантиметрден 1 м-ге дейін, және одан 
да ірі. Беткей бойымен ҧзыннан-ҧзақ созылып жатқан мҧндай тас ҥйінділерді "тасты ӛзендер" (каменные реки) 
дейді. Олардың ҧзындығы Орталық Сібірдің таулы ҥстіртінде 500 м-ге дейін, ал Байкал маңында және Шығыс 
Саян ӛлкелерде 1 км-ге жетеді, ені әр тҥрлі – оншақты м-ден жҥздеген м-ге дейін. Қорымның жылжу 
жылдамдығы жылына орта есеппен 0,2-0,3 м, кейде 1,5 м-ге дейін болады. Кең аумақты тас ҥйінділерін орыс 
қҧжаттарында "каменные моря" деп атайды. Қорым тҥзілімдері Памир, Қарақорым, Тянь-Шань, Алтай 
тауларының беткейлерінде де кең дамып тараған. 


115 
Қар көшкіндік бетке йлер таудың қҧлама беткейімен тӛмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар 
массасы. Қар кӛшкіні қалын қар жауынының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, қар қабаттарының 
тереңдігінде қар қылауларының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бҧзылғанда пайда 
болады. Қар кӛшкіндері тҧрақты қар жамылғысы қалыптасқан таулы беткейлерге тән. Қардың беткей бойымен 
жылжу сипатына қарай Г.К.Тушинский (1971) қар кӛшкіндерін ҥш тҥрге бӛледі: алқапты, науалы және 
секірмелі қар кӛшкіндері. Алқапты тҥрлі қар кӛшкіндері деп кең ауқымды тҧтас жылжитын қарды атайды. Бҧл 
кезде қалыңдығы 30-40 см қар қабаты қозғалысқа ҧшырайды. Мҧндай қар кӛшкінінің геоморфологиялық ролі 
шамалы. Тек кейбір кездерде баурайлардың етегінде, таулы беткейлерден сырғытып алып келген топырақты 
материалдан тҧратын кішігірім тізбек тӛбелер қалыптасады. Науалы қар кӛшкіндері кӛбінесе уақытша ағын 
сулар аққан__астау тәрізді бедердің теріс пішіндері бойымен сырғиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет