Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет91/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

1.Нақты гравитациялық беткейлер (склоны собственно гравитационные) еңістігі 30-40
0
-тан жоғары, ҥгілу 
процестерінің нәтижесінде тҥзілген борпылдақ тау жыныстардың ауырлық кҥші әсерінен беткейлердің 
табанына қарай домалап қҧлауы нәтижесінде қалыптасады. Бҧларға опырылмалар, қорымдар және қар кӛшкінді 
беткейлер жатады.
2.Блоктар қозғалыстарының беткейлері (склоны блоковых движений) әр аумақты таужыныстары 
блоктарының беткей бойымен тӛмен ауысып сырғуынан пайда болады. Блоктардың ауысуына жерасты 
суларының әсері 
маңызды роль атқарады. Мҧндай беткейлердің еңістігі 20-40º арасында. Бҧларға жылжымалар (оползни) және 
қалқымалы-жылжымалы беткейлер жатады. 
3. Борпылдақ жамылғысының жаппай төмен жылжу беткейлері (склоны массового смещения чехла рыхлого 
материала). Топырақтың тӛмен жылжу сипаты оның консистенциясына және оның ылғалдылық мӛлшеріне 
тікелей байланысты. Борпылдақ материалдың жаппай жылжуы беткейлердің әр тҥрлі еңістіктерінде (40º-тан 2-
3º дейін) ӛтеді. Беткейлердің осындай қатарына солифлюкциялық және дефлюкциялық баурайлар тән. 
4. Делювийлік (жазықтық шаю) беткейлер. Ерітінді сулар мен жаңбыр суларының борпылдақ материалды 
шайып кетуінен және олардың беткейдің жайпақтау келген тӛмен бӛлігінде немесе етегінде ҥйілуінен 
қалыптасқан беткейлер. Олар едәуір еңкіш және ӛте жайпақ келген (2-3º) беткейлерде де байқалады. 
Беткейлік процестер мен беткейлік бедер пішіндер 
Гравитациялық қозғалыстарының қандай да бір тҥрінің басымдығы бойынша және бедер тҥзуші 
процестердің сипатына байланысты, беткейлік бедер пішіндері арасынан опырылымдық, жылжымалы
солифлюкциялық, 
делювийлік, эрозиялық және т.б. бӛлінеді. Опырылмалы беткейлер (обвальные склоны). Опырылмалар деп 
біршама тік жарлы беткейлердің бір бӛлімі тау жыныстарының тҥпкі массивінен ілініс кҥшінің кенет кемуі 
салдарынан немесе уақытша таянышынан айырылып қалуы нәтижесінде ауырлық кҥші әсерінен тӛмен 
қарай қопарыла қҧлауынан туындаған шоғырларды атайды. Опырылмалардың тҥзілуі барысында алдымен 
беткей жиегіне параллель келген тік бағыттағы жарықтар немесе жарықтар жҥйесі пайда болады, кейінірек тау 
жынысы массивтерінің опырылып қопарыла қҧлауы сол жарықтар бойымен ӛтеді. Ӛте ірі опырылымдар 
қҧбылысы кӛбінесе сейсмикалық дҥмпулер әсерінен туындайды. Опырылымдардың морфологиялық нәтижесі – 
беткейдің жоғары бӛлігінде қҧлама қабырға (стенки срыва), баурай қуыстар (нишалар) тҥзілуі және етек 
тҧсында опырыла қҧлаған бӛлшектерінің ҥйінділері. Опырылма беткейлердің аккумуляциялық бӛлігі ретсіз 
келген ойлы-қырлы тӛбешікті пішіндермен сипатталады, мҧндай тӛбешіктердің биіктігі бірнеше метрден 30 
метрге дейін жетеді. Опырылмалы тҥзілімдер ірі кесек тасты материалдардан қҧралған. Кесек тастар кӛлемінің 
ауытқуы ондаған сантиметр-лерден ондаған метрге дейін жетеді. Опырылма қҧбылыстары биік таулы 
аймақтармен қатар жазықтардың аңғарларында және теңіз жағаларында да болып тҧрады. Бірақ аса зор және 
кҥрделі опырылымдар таулы аймақтарда жиі кездеседі. Мысалы, 1911 ж. Батыс Памирде Мҧрғаб ӛзенінің 
аңғарында опырылған тау жыныстарының кӛлемі 2 км3-ге жеткен, ал оның салмағы 7 млрд тонна шамасында. 
Егер бҧл массаны Еділ ӛзенінің қатты ағысымен салыстырсақ (жылына 25 млн.т. шамасында), онда бедер 
қҧратын процестің масштабымен алғанда Мҧрғаб аңғарындағы опырылу Еділдің 280 жыл бойына ағызып 
әкелген материалы кӛлеміне тепе-тең. Таулардағы опырылмалар ӛзен аңғарларын кӛлденең бӛліп сол ӛзеннің 
орнында бӛгетті кӛлдер пайда болуына себепкер болады. Кавказдағы Рица кӛлінің, Іле Алатауындағы бҧрынғы 
Есік кӛлінің және Памирдегі Сарез кӛлінің пайда болуы осы ірі кӛлемді кҥрделі опырылмалардың ӛзендер 
бойында бӛгет жасауы нәтижесінде қалыптасқан. 
Кӛлемі 1 м
3
-тен аспаған сынықтардан қҧралған тау жыныстарының кіші опырылмалары тасқҧлаулар 
(камнепады) деп аталады. Опырылмалар мен тасқҧлаулар және жылжымалар мен қорымдар тау беткейлерінің 
негізгі деңудация жҧмысын жҥзеге асырады. М.И.Иверанова зерттеген мәліметтер бойынша, Тянь-Шань 
тауының денудация жылдамдығы тек қана тасқҧлаулар себебінен жылына 0,17 мм-гe дейін жетеді. Қорымдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет