Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет93/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125
Жылжыма беткейлер (оползневые склоны). Жылжымалар дегеніміз – тау- тӛбе беткейлерінен, ӛзен аңғарлары 
мен жыра жарқабаттарынан, теңіз, кӛл жиектерінен тау жыныстарының беткі бӛліктерінің ӛздерінің салмақ 
кҥші әсерінен етекке қарай сырғып орын ауыстыруы [Сурет-58]. Жылжыма қҧбылыстары әдетте әр тҥрлі 
топырақ массаларының қар, жаңбыр немесе грунт суларымен лай тәрізді кҥйге дейін қанығып
олардыңтҧтастығы кеміген және бӛлшектер байланысының ҥзілген жағдайларында ғана басталады. 
Жылжымалар гравитациялық қҧбылыстар тҥріне жатады. Жылжыма процестер әрдайым геологиялық және 
гидрогеологиялық жағдайларына тікелей байланысты, мысалы, су ӛткізгіш және су ӛткізбейтін тау жыныс-
тарының қабаттары кезектесіп және кӛлбеу орналасқан жағдайларда жҥзеге асады. Мҧнда су ӛткізбейтін қабат 
сырғанау бетінің ролін атқарады. Беткейден бӛлінген тау жыныстар блогы сырғанау бетімен баурайлар 
бойымен тӛмен қарай сырғиды. Еркін сырғанау нәтижесінде беткей етегінде жиналған тау жыныстардың 
ҥйінділерін "деляпсий" (сырғанап тҥскен) деп атайды. Жылжымалардың кӛлемі әр тҥрлі, жҥздеген мың 
кубометрмен ӛлшенетіндері де, ондаған кубометрден аспайтындары да бар. Жылжымалар қалыптасқан кезде 
тау жыныстардың жарым-жартысы уатылып, кейде қҧрылымсыз массаларға айналады. Жылжыма қҧбылыстары 
кӛбінесе еңістігі 15º-қа тең немесе одан да кӛлбеулеу беткейлерде пайда болады
Сурет-58.  Жылжыма беткейінің кескін-пішіні (Edward J. Tarbuk, Frederіck K.Lutdens, 1990). 
Жылжымалардың ӛздеріне тән ерекше пішіндері болады, олар: а) жоғарғы қҧлама қабырға және осы 
қабырғамен шектелген сырғыма циркі; б) сырғыма блоктары және алаңша тәрізді сырғыма терассалары. Кейбір 
жағдайларда сырғыма блоктарының ілгері жылжу салдарынан оның алдыңғы шегінде деформацияланған белес 
тәрізді ҥйінділер қалыптасады. Мҧндай алға итеру әрекетінен пайда болған жылжыма денелердің алдыңғы 
бӛлігін детрузивтік, 
яғни итермелік жылжымалар дейді. Сӛйтіп, жылжыма денелер негізінен екі бӛліктен тҧрады: ӛз салмағымен 
беткей бойымен сырғанап тҥскен ҥстіңгі деляпсивтік бӛлігі және итеру әрекетінен қалыптасқан тӛменгі 


116 
детрузивтік бӛлігі. Сырғанау бетінің орналасу тереңдігіне байланысты олар беткі (1 метрдей), тайыз (5 метрге 
дейін), терең (20 метр) және ӛте терең (20 метрден астам) сырғымаларға бӛлінеді. Жылжыма қҧбылыстары 
әдетте ылғалы мол, сазбалшықты тау жыныстарда қалыптасады. Су олардың табан шегін сабын жаққандай 
жҧмсартып, тӛмен сырғуына себепкер болады. Әсіресе беткей етегіндегі тіректен айрылса, тау жыныстарының 
жылжыма процесі одан әрі қарқындала тҥседі. Жер бетінде жоғарыда суреттелген топырақ блоктарының тӛмен 
қарай қҧлап кҥйреуінен басқа қалқымалы жылжымалар да жиі тараған. Қалқымалы жылжымалар әдетте беткі 
немесе тайыз жылжымаларға жатады, олардың тереңдігі 0,3 м-ден 1,5 м-ге дейінгі аралықта. Қалқыма 
жылжымалардың пайда болуы баурайлық қабаттардағы борпылдақ топырақтың шамадан тыс ылғалдануы және 
су ӛткізгіш топырақ қабаттарының жылжыма табанында жақсы жетілуіне байланысты. Жылжыма беткейлерді 
анықтау ҥшін олардың морфологиясын мҧқият зерттеу керек. Жылжыма процестер дамуының белгісі ретінде 
баурайлар шетіндегі әр тҥрлі дӛңестердің немесе ҥйінділердің ретсіз орналасуын және жылжымалардың қҧлама 
қабырғасына қарай кӛлбеу жатқан кӛптеген терраса тәрізді алаңшалардың пайда болуын алуға болады. Кейбір 
жағдайларда жылжымалардың сыртқы бейнесі ӛзендердің, кӛлдердің немесе мҧхиттардың террасаларына 
ҧқсайды. Мҧндай жылжымаларды жалғантерраса (псевдо-терраса) деп атайды. Солифлюкциялық беткейлер 
(лат. solum - топырақ, fluxus - ағын) жоғарғы ендіктерде мәңгі тондардың жер бетіне жақын орналасуынан және 
биік таулардың шымды беткейлерінде суға толық қаныққан жібіген топырақтың және жҧқа дисперсті 
грунттардың су ӛтпейтін мәңгі тондық қабатының ҥстімен тӛмен қарай баяу сырғып ағуы. Солифлюк-цияның 
дамуына жер бетіндегі топырақтың қатуы мен жібуі, жібіген қабаттардың аса ылғалдануы, су фазаларының 
алмасуы, топырақтың қату кезіндегі ҧлғаюы мен шӛгуі және т.б. криогендік процестер, ылғалды беткейлердегі 
топырақ салмағының артуы себепші болады. Нәтижесінде топырақ сҧйықтану қабілетіне ие болып, жҧқа 
қабатты қоймалжың тҥрінде тӛмен қарай сырғиды. Топырақтың солифлюкциялық ағысы әр тҥрлі қҧлама 
беткейлерден, тіпті 2-3º еңістіктен-ақбасталады. Солифлюкция қозғалысының жылдамдығы жылына бірнеше 
сантиметрден бірнеше метрге дейін, ол аса жылдам ӛтетін апатты жағдайларда сағатына жҥздеген метрге 
жетеді. Әдетте солифлюкцияның ағу жылдамдығы жылына 3-метрден 10 метрге дейін жетеді. Мҧндай 
солифлюкция баяу солифлюкция ағысымен салыстырғанда жылдам солифлюкция ағысына жатады. 
Солифлюкция ағысы қалың болмайды, не бары 10-60 см. Беткейлердің тӛменгі бӛлігінде, солифлюкциялды 
ағыны бәсеңдеп, қалыңдығы 1 метрге дейін және одан да астам солифлюкциялық террасалар және 
солифлюкциялық тілдер қҧрайды.
Олардың ені ондаған метрлерге жетуі мҥмкін, ал қҧрамы жағынан олар кӛбінесе лайдан, саздан, қҧмайттардан, 
қҧмдақтардан және қҧм тҥйірлерінен тҧрады. Ірі кесекті тҥйірлер солифлюкциялық террасалар мен солифлюк- 
циялық тілдердің тӛменгі және алдыңғы шегінде кездеседі. Биік ендіктерде солифлюкция - ӛзен аңғарларының 
және уақытша ағын сулардың негізгі тасымалдау материалының кӛзі болып табылады. Делювийлік беткейлер
Бҥкіл беткейлер бойымен болымсыз, жіңішке жырма-жылғалардың жиі тормен жапқан жаңбыр немесе қар 
суларының жылымдап аққан ағындарының әсерінен борпылдақ материалдың тӛмен қарай орын алмастыру 
нәтижесінде пайда болған еңісті жазықтықтарды делювийлік беткейлер деп атайды. Шайылған кішігірім 
сынықтар мен тҥйірлер тау-тӛбенің бӛктері мен етегінде жиналып делювий шӛгінділерін қҧрады. Тӛбе 
беткейлерінің қҧлама бҧрышы 2-4º-тан 10-12º-қа дейін. Сорғалап аққан таяз сулардың тереңдігі 2-3 см-ден 20-
25 см-ге дейін барады. Қатты нӛсер жауған кезде, тӛбе баурайлары микро-бедерінің тегіс еместігіне 
байланысты су ағындары біресе тарамдалып, біресе қайтадан қосылып эрозия жҧмысын жасайды. Мҧндай 
процесс алаңдық шаю (плоскостной смыв) деп аталады. Нәтижесінде беткейлерде кішігірім эрозиялық 
қазындылар (делли) қҧралады. Делювийлік шаю нәтижесінде бедер тегістеледі, яғни оның биігірек бӛліктері 
аласарады, ал ойдымдау келген бӛліктері шайылған борпылдақ материалмен толып биіктей тҥседі. Делювийлік 
шӛгінділер тау етегіне неғҧрлым жақындаған сайын, соғҧрлым қалыңдай береді. Кейде тау жыныстары 
арасында қат-қабаттылық тҥзілімін байқауға болады. Делювийдің жоғарғы бӛлігінде кӛбінесе іріктелмеген 
кесектастар, қабыршықтар және қҧмдар жиынтығы пайда болса, тӛменгі етегі майда ҥгінділерден, қҧмдақ, 
саздақ тау жыныстардан тҥзіледі. Жоғарыда айтылғандай жазықтық шаю себебінен тілімделген ойлы-қырлы 
бедер ӛлкесі ақырында тҥгел тегістеліп жазыққа айналады. 
Делювийлік шӛгінділердің шашылымдарды іздестіруде (поиски росыпей) едәуір практикалық мағынасы бар. 
Делювийлік шашылымдар беткейлік шоғырлануының нәтижесі болып табылады. Делювийлік шашылымдар 
пайдалы қазбалардың тҥпкі қазба орнынан шоғырлану орнына тасымалдап ауысу жолындағы бірінші қадамы. 
Шашылымдардың қҧрылуы беткейдің бойлық кескініне және морфологиясына, микропішіндер сипатына, 
қҧламалылығына және биіктігіне байланысты. 
Мҧнда шашылымды материалдың іріктелуі жазықтық шайылу әсерінің және гравитациялық әрекеттің ҥлес 
салмағына қарай жҥзеге асады. Ҥгілу процесі нәтижесінде тҥпкі тау жыныстардан босаған минералдар мен тау 
жыныстары беткей бойымен тӛмен жылжи отырып, жол-жӛнекей майдаланады. Салмағы жеңіл минералдар тез 
майдаланады да, шашылымдарды тҥзбестен тӛмен қарай кішігірім арналар бойымен шайылып кетеді. Ҥгілу 
қабатының одан әрі шайылу барысында және жҧқа топырақ бӛлшектерінің сҥзілуіне байланысты 
жалпы борпылдақ тау жыныстардың кӛлемі азайып, делювийдің пайдалы компоненттері молаяды. 
Жер бедерінде бҧл кластық шашылымдар делювийлік шлейфпен тығыз байланысты. Ӛзінің морфологиясына 
қарай олар баурай бетінде элювийлік шашылымдардың жоғарғы нҧсқасын қайталайды. Әдетте делювийлік 
шашылымдардың жоғарғы жағы пайдалы компоненттерге бай болады.


117 
Беткей бойымен тӛмен қарай жылжи келе металл тҥйірлері жеке-жеке жылғаларға бӛлініп шашылымды жҥйесін 
қҧрайды. Делювий класты шашылымдарға Якутия мен Африкадағы алмас, Якутиядағы тау хрустальдары және 
Қазақстанның корунд шашылымдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет