Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің


Пенеплен, педимент, педиплен және тегістелу беттері туралы түсініктер



Pdf көрінісі
бет94/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125
Пенеплен, педимент, педиплен және тегістелу беттері туралы түсініктер 
Беткейлік процестер беткейлердің жазықталуына және тегістелуіне, бедердің бір пішіндерінен басқа пішіндерге 
ауысуына әкеліп соқтырады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988). Егер қандай да бір жер бетінің бӛлікшесі кӛп 
немесе аз уақыт тектоникалық тыныштықта болса, онда ертерек пайда болған беткейлер денудация 
агенттерімен жазықталып суайрық аймақтары жан- жақтан, әсіресе ҥстінен ҥгілу процесі нәтижесінде жойылып, 
"желініп" тӛмендеп отырады да, бҧрынғы кӛтеріңкі және тілімденген таулы ӛлкелер орнында В.Дэвис атаған 
"пенеплен" ( лат. рaene – дерлік, ағыл, - plain - жазық) деген кең бел-белесті жазық қалыпттасады. Сӛйтіп, 
пенеплен – бҧл тектоникалық тыныштық жағдайда экзогендік процестер әсерінен бҧрынғы таулы ӛлкелердің 
ҥгіліп аласаруы нәтижесінде қалыптасқан, (кейбір аңғар бастауларының аралығында сақталған тӛбелер 
болмаса) негізінен тегістелген жазықтықтармен сипатталатын аумақты жазық. Мҧндай жоғарғы жағынан 
тегістелген денудациялық жазықтардың тҥзілуі ықтимал және олар табиғатта бар [Сурет-58, А]. Пенеплен кейде 
қалындығы 100 м-ден жоғары ҥгілу қабығымен кӛмкеріледі. Пенеплен Қазақстанның Сарыарқа даласында 
кеңінен кездеседі, ал таулы аймақтарда олар неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде едәуір биіктікке 
кӛтерілуі мҥмкін . Мәселен, Орталық Тянь-Шаньдағы “сырт″деген қыратты жазықтар 3000 м-ге дейін 
биіктікте кездеседі. 
Пенепленнің қалыптасу процесі пенеплендену деп аталады. 
Алайда кӛбінесе беткейлердің дамуы және денудациялық жазықтардың пайда болуы басқа жолмен, яғни 
беткейлердің бір-бірінен параллель шегінуінен де қалыптасуы ықтимал. Мҧндай табиғат қҧбылысын 
"педиплендену" процесі дейді, ал осы жолмен қалыптасқан жазықтар "педиплен" ( лат. pedis – баурай, plain – 
жазық) деп аталады [Сурет-58, Б].
Сурет-58. Пенеплендену және педиплендену процестері: (А) - В.Дэвис бойынша, (Б) - В. Пенк 
бойынша. 
Суайрықтардың жойылу бағыты жебелермен кӛрсетілген; 1, 2, 3, 4, 5, 6 - пенеплен және 
педиплен дамуының кезеңдері. 
Педиплендену процесінің алғашқы қалыптасқан жай тҥрі шегінген беткей етегінде тҥпкі тау жыныстардың 
ҥстінде пайда болған кӛлбеу алаңшаның, яғни "педименттің" дамуы. Алғашқыда беткейлердің етегі осы баурай 
шӛгінділерінен қҧрылған шлейфпен кӛмкеріледі. Беткей неғҧрлым шегінген сайын, соғҧрлым олардың ӛз-
ӛзінен шегінген баурайлар бӛлігі ҥгілу әсерінен жойылып тӛмендей береді, сонымен қатар, шӛккен шлейф 
материалы тау бӛктерінен алыстаған сайын шайылып, азайып кетеді де, нәтижесінде шегінген беткей етегіндегі 
байырғы тау жыныстары жалаңаштана бастайды. Осы айтылған процесс нәтижесінде беткей етегінде кӛлбеу 
жазықтық, яғни "педименттер" пайда болады [Сурет-59]. Сойтіп, таулар мен қыраттардың қҧлама беткйлерінің 
етегінде, тҥпкі тау жыныстарының ҥстінде қалывтасқан сәл еңісті келген жазықтарды педименттер ( ағылш. 
рediment – баурай) дейді. 
Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарында, денудациялық цикл тектоникалық кӛтерулермен ҥзілген 
жағдайларда, таулы аймақтарының бӛктерлерінде баспалдақты педименттер қалыптасады. 


118 
Сурет-59Тҥпкі тау жыныстардың ҥстінде қалыптасқан тау етегіндегі кӛлбеу жазықтық 
(педимент) 
Педименттер жҥйелерінің "тау бӛктеріндегі баспалдақтар" тҥрінде қалыптасуын алғаш рет В.Пенк, ал жазықтар 
ӛлкесінде Л.Кинг зерттеген. Мҧндай кӛлбеу жазықтар ҥстірт ӛлкесінің айналасында да кездеседі. Әдетте әр 
тӛбешік баурайларының бір-біріне параллель шегінгенін – бҧлардың бір-біріне қарай жақындап қосылуы деген 
мағынада тҥсінуге болады. Осындай тӛбешіктердің жан-жағынан шайылып-жойылуы есебінен таулы 
ӛлкелердің аумағы біртіндеп азаяды да, жайпақталып тӛмендейді. Нәтижесінде педименттер бір-бірімен 
қосылып, біртҧтас тегістелген жазыққа – педипленге айналады [Сурет-60]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет