Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет96/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

тегістелу беттері (поверхности выравнивания) деп атайды. 
Таулы аймақтарда тегістелу беттері горизонтальды немесе тау ӛлкелерінің шет жағына қарай сәл еңістеле 
келген және осы ӛлкелерінің қатпарлы қҧрылымдарын шайып тегістеген тау ӛңіріндегі бел-белесті келген 
қыратты жазықтар. Ең биік және ең ежелгі тегістелу беттер тау жотаның ортаңғы бӛлігін алып, кӛбіне оның 
суайырығын қамтиды және жотаның бір беткейінен екіншісіне ауысып отырады. Басқалары тау ӛлкенің шетіне 
қарай саты тәрізді айнала тӛмендеп отырады. Тегістелу беттер таулы ӛлкелердің қарқынды 
тілімделінген беткейлеріне және жеке биік суайырық шыңдарына салыстырғанда ӛздерінің біршама тегістелген 
жазықтығымен ерекшеленеді. Әрбір тегістелу беттері тек кӛтеріліп қалған теп-тегіс алқап тҥрінде ғана 
емес, сонымен қатар еңістелу және айырылымды тектоникалық қозғалыстары нәтижесінде деформациялануы 
ықтимал [Сурет-62]. Әдетте деформацияланған денудациялық беттер таулы ӛлкелерде жиі дамыған, ал 
платформалы аймақтарда олар сирек кездеседі. Тегістелу беттері қҧрлықтың кӛп жерлерінде тараған, мысалы 
Бразилия қалқаны мен Африка платформасында Л.Кинг тегістелу беттерінің 5 деңгейін (ярусын) бӛліп 
кӛрсеткен. Олардың әрқайсысы сол аймақтың мол ауқымын алып жатыр. 
Соннымен, тегістелу беттер деп таулы және платформалық аймақтарда тектоникалық әректінің бәсеңдеу және 
ҧзақ уақыт бойы экзогендік кҥштер эндогендік кҥштерден басымдау болған жағдайларда, алғшқы тілімделген 
бедердің тегістелуі нәтижесінде әр биіктікте қалыптасқан жер бетінің біршама тегістелген ӛлкені атайды. 
Тегістелу беттер сатыларының тҥзілу ҥшін жоғары бағытталған ткктоникалық қозғалыстарының мерзім-мерэім 
жаңаруына байланысты. 


120 
Сурет-62Тегістелу беттер. Мезозой кезінде қалыптасқан, неотектоникалық қозғалыстар 
әсерінен әр биіктікте орын тепкен тегістелу бетінің аэрофотосуреттегі кӛрінісі. Мҧнда блоктардың 
орын ауысуына әкеп соққан денудацияланған кертпештер тҥрінде кӛрініс берген тектоникалық жары- 
лымдар (1 және 2) айқын кӛрінеді. Блоктардың тік бағыттағы орын ауысу амплитудасы 150-200 м 
(Аэрометоды при геологической съемке и поисках полезных ископаемых, т. І, 1964) 
Әр деңгейде жатқан деформацияланған тегістелу беттердің, мысалы – Ҥлкен Кавказдың орта плиоцендік 
кезінде қалыптасқан тегістелу беті. Ол Ҥлкен Кавказ тауының бел ортасы маңында 1000 м-ге дейін кӛтеріліп, 
таудың шеткі бӛліктерінде тӛмендеп 300-400 м. биіктікте орналасқан. Сондай-ақ тегістелу беттері Қазақстан 
аумағының әр ӛлкелерінде де дамыған. Мезозой кезінде қалыптасқан тегістелу жазықтығы Орталық Қазақстан 
мен Тянь-Шань тауының әр деңгейінде кездеседі. 
Қазақстан аумағында пенеплен мен педиплен аймақтарының таралуы 
Жер бетінде пенеплен дамыған аймақтардың нақтылы ҥлгісінің бірі Қазақстан жеріндегі кең байтақ Сарыарқа 
даласы. Бҥтіндей дерлік денудациялық жазыққа айналған, орташа биіктігі теңіз деңгейінен 600 м. 
шамасындағы қазақтың қатпарлы ӛлкесі Сарыарқа Орталық Қазақстанда орын тепкен. Сарыарқа даласы 
батысында Торғай ҥстіртімен және Тҧран ойпатымен жалғасады, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жҥйесімен 
ҧштасады, оңтҥстігінде Балқаш кӛлімен және Бетпақдаламен, солтҥстігінде Батыс Сібір ойпаңымен шектеседі. 
Сарыарқа даласы Ертіс пен Балқаш ішкі континенттік тҧйық алабының арасындағы суайрығы болып саналады. 
Геологиялық қҧрылымы жағынан Сарыарқа даласы Орта Қазақ калқанының шегінде палеозой дәуірінде 
тҥзілген граниттерден, кварциттерден, порфириттерден және әр тҥрлі метаморфтық таужыныстарынан 
қҧрылған. Палеозой дәуірінде бҧл жерде қатпарлы биік таулар болған, олар мезозой дәуірінде ҧзақ уақыт 
денудациялық тегістелуге ҧшырап, пенеплен қалпына келген. Бҥтіндей дерлік денудациялық жазыққа айналса 
да Сарыарқа геоморфологиялық қҧрылысы жағынан алуан тҥрлі. Мҧнда тегістелген денудациялық жазықтар 
мен бҧйра жазықтар оқшау тау массивтерімен және ҧсақ шоқылармен алмасып отырады. 
Сондықтан оны кейде қазақтың ҧсақ шоқылы ӛлкесі деп те атайды [Сурет-63]. 


121 
Сурет-63Сарыарқаның ҧсақ шоқылары 
Жалпы Сарыарқаның оқшау тауларына оның шығыс бӛлігіндегі Қызылрай (1559 м), Қарқаралы, Баянауыл, Қу 
тауы, Шыңғыстау, Жақсы Абралы мен Жаман Абралы таулары, солтҥстігіндегі - Кӛкшетау, оңтҥстігіндегі – 
Бектау-Ата таулары жатады. Бҧл таулар гранитті массивтерден қҧрылған. Олар ӛзен аңғарларымен және 
шатқалдармен тілімденген, ауа температурасының ӛзгеруіне байланысты ҧзақ уақыт физикалық ҥгілуге 
ҧшырап, бертін келе қопсып, әбден мҥжіліп, қираған тауларға айналған. Осы аталған аласа таулар 
мен ҧсақ шоқылар Орталық Қазақстан аймағының жалпы жазықтығын бҧзбайды. 
Қазақстан мен Орталық Азияның аридтік аймақтарында бедердің ерекше бір тҥрі ҥстірт (плато) деген кӛтеріңкі 
жазықтар кең дамыған. Бҧлар жазық бағытта жатқан палеоген-неоген кезеңдерінің теңіздік және континенттік 
қабаттарынан (қҧмтас, қҧм, саз, мергель, әктас және т.б.) қҧрылған, кӛбінесе тегіс бетті болып келеді, теңіз 
деңгейінен біршама кӛтеріңкі әрі қҧрлық ӛңірінің едәуір бӛлігін алып жатқан ауқымды алқап. Бедердің мҧндай 
тҥріне Ҥстірт жазығынан басқа Бетпақдала, Торғай ӛлкесі және Жем ҥстірті жатады. Олар жан-жағынан 
қҧламалы ернекттермен (кертпештермен) шектеледі. Мҧндай кертпештерді және биіктігі 50-100 метрге 
жететін дараланған тік тҧмсықтастарды шыңдар (чинки) деп атайды. Расында да тӛменгі жазықта мекеңдеген 
елге Ҥстір ӛлкесінің айналасын жиектеп тҧрған қҧламалы беткейлер мен олардың оқшау бӛліктері айдалада 
шың сияқты болып кӛрінген. Содан бері география қҧжаттарында ҥстірт немесе тӛрткіл ӛлкелерін шектеген 
қҧламалы немесе сатылы келген биік кертпештерді шыңдар деп атап кеткен. Мысалы, Ҥстірт жазығының 
шығыс жағын шектеген биік кертпештер Арал теңізінің жағасы болып саналады да, ал батыс жағасында осы 
Ҥстірт ӛлкесі, Каспий теңізінің Шығыс жағалауына ылдилап, сатыланып барып таусылады. 
Бетпақдаланың солтҥстік жағында ендік бағытта жҥздеген километрге дейін созылып жатқан Бас Бетпақдала 
кертпеші (Большой Бетпакдалинский чинк) дамыған. Бҧл Бетпақдаланы солтҥстік жақтан шектеп жатыр. Оның 
биіктігі 50-60 м-ге дейін жетеді. Осындай кӛтеріңкі жазықтардың бір шегін кӛмкерген тік қҧлайтын биік 
кертпештердің және тӛрткіл ӛлкелерінің оқшауланған кішігірім тегіс таулардың (столовые останцы) айналасын 
шектеген беткейлердің қалыптасуында уақытша ағын сулардың эрозиялық әрекеті мен әр тҥрлі гравитациялық 
процестер қатысады. Кейін осы жҧрнақтардың одан әрі жекеленуінде қуаңшылық жағдайларда физикалық ҥгілу 
мен дефляциялық процестер едәуір рӛл атқарады. Бҧл жағдайды келесі мысалмен дәлелдеуге болады. Кӛтеріңкі 
жазықтың бір шетін кӛмкерген тік қҧлайтын биік кертпештердің етегінде тас ҥйінділердің немесе пролювийлік 
шӛгінділердің кӛлемі және қалыңдығы айтарлықтай зор емес. Осындай беткейлер(шыңкемерлер) ӛз-ӛзіне 
параллельді шегіне бере, олардың алдында сәл еңкіш келген кішігірім алаңшалар (педименггер) пайда бола 
бастайды, кейін бҧл алаңшалар кеңейіп, бір-бірімен қосылып педиплен денудациялық жазыққа, яғни кәдімгі 
педипленге айналады. 
Флювийлік процестер және бедер пішіндері 
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған 
бедер пішіндері алуан тҥрлі. Сол себептен суды жер бетінің мҥсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен 
сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен тӛмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап 
жинақтауынан қҧралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің 
жиынтығын флювийлік (латынша fluvіus – ағын, тасқын) процестер деп атайды. 
Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар қҧрайтын бедер пішіндері 
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Олар 
делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. 


122 
Жылғалардың тереңдігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де тереңдігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір 
нӛсердің кезінде немесе кӛктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар 
ӛздерінің морфологиясын жоғалтып жайпақтала береді. Жылғалардың тереңдігі мен морфологиялық бейнесі 
беткейлерді қҧрған тау жыныстар қҧрамына және беткейлерден аққан судың мӛлшеріне байланысты. Әдетте 
жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды қҧрайды. 
Жыртылған және сирек ӛсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт ӛте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге, ені 2,0-2,5 м-гe 
жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, кӛлденең кескіні кӛбінесе V 
әрпін елестетеді. 
Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол ҥшін ағыс кҥштірек, жиналған судың 
кӛлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялық жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек 
кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады. 
Су қоры жеткілікті мӛлшерде жиналғанда жырмалардың бір бӛлігі тереңдей және кеңи келе, біртіңдеп 
жыраларға айналады [Сурет-64]. Жыралардың ені мен тереңдігі ондаған метрге дейін жетеді, кӛлденең 
қимасы кӛбінесе V – тәрізді болып келеді. 
Жыралардың екі жақ беткейлері кӛбінесе қҧламалы. Кейде жыралардың тҥбі жайпақ, ені бірнеше метрден 
аспайды. Жыра жырмадан тек ӛзінің кӛлемімен ғана емес, сонымен қатар ӛзіне тән жеке бойлық кескінімен 
ерекшеленеді, онысы ол тіліп ӛтетін беткейдің кескінінен ӛзгеше болады. Ал жырманың бойлық кескіні әдетте 
беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген тҥрін қайталайды [Сурет-65]. 
Сурет-64Жазық аймақтарындағы флювийлік пішіндердің генетикалық қатары. А - эрозиялық 
атыздар; Б - эрозиялық жырмалар; В - жыралар; Г - сайлар; Д - ӛзен аңғарлары; Т - уақытша ағынды 
сулардың атльвегі; Р - ӛзен арнасы; П - жайылма; НТП - жайылма ҥсті терраса; 1 - ӛзен аллювиі; 2 - 
сай аллювиі; 3 - опырылмалар; 4 - делювий шӛгінділері. (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988) 
Жыра жылдам ӛсіп-ӛршитін эрозиялық пішін. Оның бас бӛлігі регрессиялық эрозия нәтижесінде ӛзенаралық 
аймақтарға созылып ӛсуі ықтимал. Осы себептен жыралар жҥздеген метрге, тіпті километрлерге жетіп 
тарамдалалып кетеді. 


123 
Сурет-65. Жырмалардың (А) және жыралардың (Б) бойлық кескіні (О.К.Леонтьев, В.И.Рычагов, 
1988). 
Жыраның ӛсіп отыратын бас бӛлігі әр тҥрлі. Кӛптеген жағдайда жыралардың бастауы планда сопақша, эллипс 
пішіндес немесе дӛңгеленген кҥрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын кӛрінбейтін ойпауыттар 
тҥрінде байқалады. Бедердің мҧндай пішіндерін су жиналатын ойпауыттар (водосборные понижения) деп 
атайды. Кейде жыралардың бас бӛлігінен жоғарырақ, ӛзен аралығының ӛлкелеріне баяу ауысатын, терең емес 
(1,0-3,0 м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары шымтопырақты жайпақ ҧзыннан-ҧзақ созылған 
ойпауыттар орналасады. Бедердің мҧндай пішіндері қолат (лощина) деп аталады. Топографиялық карталарда, 
тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты әуе суреттерде, әсіресе егістер 
мен сирек ӛсімдікті жерлерде қолаттың бейнесі айқын кӛрінеді. Айтып кететін бір жайт, осы арнасы жоқ 
қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың тек пайда болуының себебі болып табылады. 
Сондықтан да бҧрыннан дамыған эрозиялық пішіндердің тҥбінде эрозиялық оралымның (циклдың) қайталану 
нәтижесінде пайда болған жыраларды тҥптік (донный) немесе екішіреттік (вторичный) жыралар дейді, ал ӛзен 
аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялық пішіндерден бірден тҥзіліп, дамыған жыраларды – жағалық 
немесе алғашқы жыралар деп атайды. Жыра ҧзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың 
эрозиялық кҥші азая береді. Жыраның екі жағалары тегістеліп, онда ӛсімдік жамылғысы пайда болады да, 
бҥйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға (балкаға) айналады. Сайдың жырадан 
айырмасы, оның беткейлері тайқы, тҥбі мен беткейлері шымды келеді де, шӛп және бҧта ӛсімдіктеріні ӛсуіне 
қолайлы болады. Бірақ жыраның бойлық қимасы бірден сайға айналмайды. Бҧл процесс жыраның тӛменгі, ең 
кӛне бӛлігінен, яғни сағасынан басталады да, бірте-бірте жоғары қарай тарайды. 
Кейбір жағдайларда қалыптасқан сайдың тҥбін жыра жаңадан жырып тілімдеуі ықтимал. Жыралардың қайта-
қайта тілініп жырылуымен сай тҥбінде аллювийлік материалдардан қҧрылған алаңша баспалдақтары – сай 
террасалары пайда болады. 
Жыралар мен сайлар тҥбінде шӛккен аллювийлік материал сҧрыпталмаған тҥйірлерден тҧрады. Әдетте 
бӛлшектенген материал жыра қимасының тӛменгі бӛлігінде, ал ҧсақтауы – жоғарғы бӛлігінде жиналады. 
Алайда олар шамалы сҧрапталған, қҧмды-қҧмдақты материалымен, ҥшкіртастармен және нашар 
жҧмырланған жҧмыртастармен араласқан. Егер жыралар мен сайлардан ысырылып шыққан борпылдақ 
материалын, ӛзен ағызып алып әкетпесе, онда олардың сағаларында ысырынды конустар жиналады. Осы 
ысырынды конустарды қҧрайтын материал пролювий деп аталады. Жалпы алғанда ысырынды конусты 
қҧрайтын борпылдақ материалының шамалы сҧрыпталуымен, кесек сынықтардың нашар жҧмырлануымен, 
ысырынды конустың басынан шетіне қарай бӛлшектердің мӛлшері кеми беруімен сипатталады. 
Сайып келгенде, жыраның дамуын С.С.Соболев (1948, 1960) мынадай тӛрт кезеңге бӛлген: 
- жырма-жылғалардың даму кезеңі;
- жыраның ӛз тҥбін тілімдеу кезеңі.
Бҧл кезең жыраның сағасында қҧлама тҥптің қҧрылғанынан басталады. Жыраның бойлық қимасындағы 
қҧламалы тҥбі ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да, тҥпкі эрозия мейлінше дамиды. Нӛсер жауған кезде 
немесе кӛктемде қар кҥрт еріген кездегі ағыны жыраның тҥбін әрі қарай жырып, қопарып кете береді. Бҧған 
қоса, кемердің биігінен қҧлап аққан судың энергиясы кҥшейіп, жыраның тҥбін тереңдетіп, оның іргетасын 
қопарады. Тӛніп тҧрған кемердің жоғары жар қабақ бӛлігі опырылып қҧлайды, соның салдарынан жыра жоғары 
қарай біртіндеп ӛсіп отырады. Сӛйтіп жыра бірте-бірте суайрыққа қарай ӛсе береді. Нәтижесінде жыраның 
тереңдігі 25-30 м-ге дейін жетіп, одан да терең болуы мҥмкін. Мҧндай жыралардың тҥбінде әдетте шӛгінділер 
болмайды;
- жыраның бойлық тепе-теңдік кесіндісінің қалыптасуы. Бҧл кезде жыраның сағасы тӛмен қарай ӛсіп, жергілікті 
эрозия базисіне дейін - ӛзен жайылмасына, немесе террасаның деңгейіне дейін жетеді. Жыраның екі жақ беткейі 
кӛлбеуленеді де, олардың тӛменгі жағында беткей шӛгінділері қалыптасады. 
- басылу (шӛгу) кезеңі. Жыраның бас жағы неғҧрлым суайрыққа жақындаған сайын, соғҧрлым су жинағының 
аумағы кішірейіп, мҥлде тоқтағанша азая береді. 


124 
,Кейбір жағдайда жыраның тҥбі тереңдей бере, жер асты суларының деңгейіне жетіп, содан ҥздіксіз ағынды су, 
яғни ӛзен басталуы ықтимал. Бірақ жоғарыда суреттелген эрозиялық пішіндердің бір пішіннен екіншісіне ӛтуі, 
немесе бір кезеңнің келесі кезеңге ӛтуі – тіпті табиғаттың заңдылығы емес. Кез келген эрозиялық жылғалар 
жырмаға және жырма жыраға айнала бермейді. Кейде жыра, тереңдік эрозия кезеңінде-ақ жер асты суларының 
деңгейіне жетіп, сай кезеңінен ӛтпей тікелей тҧрақты су ағыны бар бҧлақ алабына айналуы да мҥмкін. Сол 
сияқты кез келген сай, ӛзен аңғарына айналмауы мҥмкін және кез келген сай ӛз дамуында жыра кезеңінен ӛткен 
емес. Мысалы, Гумидті климат жағдайында, орман ӛскен жерлерде, сай іспеттес кӛптеген эрозиялық пішіндер 
ешқашан жыраға ауыспаған, олар әуелден-ақ сай немесе қолат тҥрінде қалыптасып дамыған. 
Таудағы уақытша ағынды сулардың ӛздеріне тән белгілі бір морфологиялық ерекшелігі бар. Мҧнда су 
ағыстарының жоғарғы жағында айқын білінетін, амфитеатр тәрізді жырмалармен тілімденіп тармақталған су 
жинағыш шҧңқырлар (водосборные воронки) пайда болады. Осы жерден тау беткейімен тӛмен қарай созылған 
кӛлденең қимасы жыра іспеттес V-тәрізді терең, әрі тар ағыс каналы (канал стока) басталады. Ағыс каналының 
тӛменгі__сағасы шетінде ысырынды конус қалыптасады. Жыраның бастауынан сағасына дейін бойлық 
қималарының едеуір қҧламалы болуы ағып жатқан тау суларының мейлінше бҧзу әрекетіне себеп болады. 
Сонымен, жыралардың морфологиялық қҧрылымы және дамуы тау жыныстарының қҧрылымына, жер бедеріне, 
климат жағдайларына байланысты. Бҧлардың пайда болуына эрозиялық процестерімен қатар топырақтың 
шӛгу қҧбылыстары, сілтісіздендіру, ылғалдандыру, суффозия және т.б. 
қҧбылыстары әсер етеді. 
Оңтҥстік Қазақстанның тау етектеріндегі дамыған жыраларды М.Жандаев (1961) тӛрт тҥрге бӛледі: 1) алмҧрт 
тәрізді; 2) тегіс тҥпті жыра; 3) сай тәрізді; 4) ернеу (карниз) типті [Сурет-66]. 
Сурет-66. Оңтҥстік Қазақстандағы жыралар типтері. (М.Ж.Жандаев бойынша): а) алмҧрт тәрізді; б) сай 
тәрізді; в) тегіс тҥпті; г) ернеу (карниз) тәрізді жыра Алмұрт тәрізді жыралар ӛзіндік пішінімен және


125 
қҧрылысымен ерекшеленеді.
Жыраның бас бӛлігі оның ортаңғы бӛлігімен салыстырғанда кең және дӛңгелектеу келіп тік кемермен 
басталады. Кертпештің ірге тҧсынан 10-12 м тереңдікке жеткен қҧдық тәрізді шҧңқыр қалыптасады. 
Шҧңқырдың тҥбі жалпы жыраның деңгейінен әлдеқайда тӛмен. Жыраның ортаңғы бӛлігі жіңішкеріп, екі жағы 
тіп-тік болып, тҥбі ірі кесекті тау жыныстарымен бітеледі. Жыраның ҧзындығы 50-100 м-ден аспайды. 
Жыраның қалыптасуы жер беті суларының мерзімдік ағуына байланысты. Әдетте жол жиегін бойлап аққан су 
лесс қабатына сіңіп, оны едәуір ылғалдандырады. Ылғалды лесс жынысының ҧсақ тҧз бӛлшектері еріп, сумен 
шайылып әкетіліп жерасты суын қалыптастырады. Соның нәтижесінде лесс шӛге бастайды. 
Алғашқы кезде беткейдің ҥстінде кішкене ағыны бар эрозиялық қазынды пайда болады. Ол 1,5-2 м тереңдікке 
жеткенде оның жағасында қҧлап тҥскен топырақ массасы арнаның жолын бекітіп тастап, одан жыра ағысы 
тоқталады. Бҧл кезде жыраның бас бӛлігінде қҧйылатын су шҧңқыр арқылы жерге сіңіп, жер асты 
ағысын қҧрайды. Сонымен, бҧл жерде эрозиялық-суффозиялық процесс дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет