Кесте 39 -Мал өнімдерінің бағасының тасымалдаутүріне
сәйкес өзгеруі
кестееееееееееееее
Жоғарыдағы есептеулер ең тиімдісі үлкен көлемді жүк көтергішті тоңазытқыштар арқылы ет тасымалдау тиімді екенін көрсетіп тұр. Осыған байланысты, нарықтық қатынастағы санның ішінде бүгінгі таңда мал басының 70…80 пайызы жекеменшіктерде екенін еске ала отырып,жылжымалы мал
сойып,терісін өңдеп, қанын жинайтын механикаландырылған құрамалар жобасы өте тиімді болады. Арнаулы мамандар мал сойғанда ең күрделі жұмыс, ал мал терісін сыпыру және оны дер кезінде құрғақ қоспалармен консервілеу. Бұл жұмыстар үлкен кәсіби шеберлікті және ұқыптылықты керек етеді. Аталған технологиялық үрдістерді атқару үшін кеңес мезгілінде қазақ
ауылшаруашылық институты ғалымдары үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарды. Мал терісін сыпыратын бірнеше жаңалықтар, жабдықтар, механизмдер ойлап тауып арнаулы авторлық куәліктер мен Қазақстан Республикасы патент белгілер мен, ашқан жаңалықтарын дәлелдеген.
Жоғарыда аталып өткендей мал өнімдерін жинауды ықшамды әрі тиімді ұйымдастыру үшін арнаулы механикаландырылған жылжымалы тіркемелерге орнатылған мал сойып, өніміне алғашқы өңдеу жұмыстары технологиясымен қызмет көрсетіп, тұтынушыларға жеткізу. Тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру негізінде екі мәселеге көңіл беруі тиіс. Өйткені ет өнімдерін тұтынушыларға неғұрлым тезірек жеткізсесапасы және соған сәйкес бағасы жоғары болады. Соған байланысты тасымалдау жұмысында автокөліктің шығындарын азайту үшін оның жүккөтерімділігін толықтай пайдаланып, жол бойын тоқтаусыз, кедергісіз жүріп өтуі қажет.
Мал өнімдерін соның ішінде етін, ішкі мүшелерін тұтынушыға бүлінбей сапалы күйінде жеткізбесе ол өнімді ешқандай жер алмайтыны белгілі. Екінші бір мәселе тағам үшін пайдаланатын және бұзылуы сақталу температурасына
байланысты өнімдерді тасымалдау үшін дайындықты, ықшамылықты керек етеді. Өйткені сапалы әрі құнды ет өнімдерін тасымалдау кезінде температуралық режимі дұрыс болмаса, ол үсіп немесе суы ағып, иістеніп кетеді. Бұл екі жағдайда алғашқы ойлағандай бағамен өткізу мүмкін емес. Сол себепті
308
жылжымалы механикаландырылған мал сою орнынан, тұтынушыға тасымалдау жұмысын жоспарлау, оған керекті қораптар, автокөліктер таңдап, олардың өз ара үйлестігін сәйкестендіру үшін арнаулы логистикалық технологиялық жүйе жасап, оны басқару міндет. Осы сияқты тағамдарды, аса жауапты тасымалдауды ұйымдастыру үшін бірнеше мүмкіндіктерді қарастыра
отырып, ең тиімдісін таңдайды.
Логистика ғылымымен айналысып жүрген ғалымдар зерттеушілер «терек әдісі» деп атап жүрген амалды пайдалануға болады. «Терек әдісінің» негізгі қарастыратын шешімдер амалары үлкен ұзын, ірі бұтақты терек тәрізді барлық қарастыратын логстикалық технологиялық тізбектер бірдей көрсетіледі, яғни
барлық қарастыратын шешімдер түрлері. Осы әдістің негізінде аталған мәселені тиімді шешуге толық мүмкіндік бар.
Алматы облысынан осы қалаға, мал өнімдерін дайындап, тасымалдаумен айналысатын «Рай-Али» компаниясының келісім шарт арқылы атқарған қызметінің жұмыс жоспарын қарастыралық. Жалпы шарт құны 12,0 млн.тенге. Тасымалдау үшін фургон немесе рефижиратор автокөліктері және жай қораптар мен термоқораптарды таңдауымыз керек. Термоқораптар жай қораптарға қарағанда қымбаттырақ, олар келісім шартта қаралған қаржыны 5 пайызға кемітеді. Бірақ термоқораптарда ет 4-тен 6 күнге дейн сақталу мерзімі ұзарады, сонымен қатар келесі айырмашылықтары, тасымалданған
тағамның Алматы қаласына әкелген кездегі температурасында, солардың 60 пайызы 0-ден 15°С, ал қалғандары 40 пайызы 15°С- тен жоғарығы дейін және мал сойылып, ет өнімдерін автокөлікке тиегеннен кейін Аматы қаласындағы орталық қоймаға әкелуіне 2 күн уақыт керек. Бірақ жол ерекшеліктері мен ауа-райына, немесе басқа да себептерден оның осы 2 тәулікте келу мүмкіндігі 70 пайыз, ал 3 тәулікте 20 пайыз және төрт тулікте келу мүмкіндігі 5 пайыз деп қабылдайық. Осы келтірілген нақты мәндері негізінде жиналған ет өнімдерін тасымалдау амалдарының «терек үлгісіндегі» барлық мүмкіндіктерінің
жайылған келбетін төмендегіше суреттеллік (сурет 53).
Келтірілген бейнелеуде тасымалдау тек қана автомобильмен атқарылады және ол арнаулы рефрежератор немесе қарапайым фургон автокөлігі болуы мүмкін. Ал дайындалған ет өнімдері алдын ала салқындатылған және орауға ықшамдалып бөлінген, тек сол дайын бұйымдарды салар қораптардың түрін және автокөлікті таңдауымыз керек. Таңдаудағы негізгі қойылатын шарт тасымалдауға берілген тапсырысты дер мезгілінде сапалы түрде жеткізіп, сол үшін тапсырыс берушіден айып пүлсыз келісім шарттағы бағаны алу. Ол үшін тасымалдауды орындауға керек тәулік санын Т әрпімен белгілейміз және осы уақыт мөлшеріне сәйкес сақталу температурасының өзгеруін анықтаймыз, яғни бағалау немесе тасымалдауды сапалы орындау шарттары болып уақыт пен температура болады.
Сонымен қатар жоспарланған тасымалдау уақытының дер мезгілінде орындалуы (Т=0), бір күн кешігіп (Т=1) немесе екі күн кешігіп (Т=2) орындалу жағдайына және температуралық режимнің сақталуына сәйкес қарастырамыз (сурет 54). Бұл сүлбеден температураға байланысты мынандай кездейсоқтық
мөлшерлерін анықтауға болады.
Бірінші жағдай (t < 15) температура 15 градустан төмен болуы
60 пайыз.
Екінші жағдай (t > 15 ) температура 15 градустан жоғары
болуы 40 пайыз.
Ал тасымалдау мезгілінің өзгеруне келер болсақ.
Дәл мезгілінде орындалуы (Т=0) мүмкіндігі 75 пайыз.
Бір күнге кешігіп орындалуы (Т=1) мүмкіндігі 20 пайыз.
Екі күнге кешігіп орындалуы (Т=2) мүмкіндігі 5 пайыз.
Орындалған көрсеткіштермен осы тасымалдау жұмыстарының барлық амалдарын орындау үшін керекті шығындар мен содан түсер пайда мөлшері көрсетілген «терек үлгісі» сүлбесі келесі суретте (55) бейнеленген. Бұл шығындар мен табыс мөлшері экономиканың классикалық әдістемелері негізінде және келісім шартың талаптарына сәйкес орындалатыны белгілі. Енді суреттегі көрсеткіштерге назар салғанда ең тиімді логистикалық тібек «фургон автокөлігі - картон қорабы - сақталу температурасы 15 градустан аспайды - оның орындалу мүмкіндігі 60 пайыздар мезгілінде тасымалдануымүмкіндігі 75 пайыз» құрайтын, әрі ең көп(1.8 млн.тенге) табыс беретін тасымалдау амалын таңдауға болады.
313
Достарыңызбен бөлісу: |