Алтыншы бөлім.
Логистика тізбегініде маркетингтік жұмысты пайдалану амалдары
Автокөлік кәсіпорындағы нарықтық экономикалық кеңестікте ұдайы бәсекелестікте жұмыс істейді. Сол себептен кәсіпорындар кез келген өзгерістерге, тұтынушылар талаптарын сапалы орындауға, бағаның өзгеруіне тағы сол сияқты жағдайлар әсеріне дайын болуы тиіс. Қосымша тіркемеде жалпы өндірістік микрологистикалық жүйенің сүлбесі берілген. Келтірілген
микрологистикалық жүйеде тасымалдау жұмыстары өндірістік барлық технологиялық тізбегінде қатынасады. Сол себепті көлік секторында дұрыс әрі ұтымды жүргізілген маркетингтік ұйымдастыру жұмыстары тиімділіктің басты шарты болады.
Бүгінгі еліміздегі жүргізіліп отырған экономикалық реформа, соның ішінде Елбасының дүниедегі дамыған елу елдің санатына ену мақсаты, қандай да болмасын өндіріс саласына, кәсіпкерлерге үлкен ізденіс бергенін анық байқауға болады.Олай болар себебі жақын уақытта бүкіл дүниежүзіндегі болып жатқан жаһандану үрдістеріде бізгі келіп жетеді. Соған байланысты кәсіпкерлер мен өндіріс саласындағы, жалпы барлық іскерлер мен басшыларға басқару саясатын өзгеруге мәжбүр етті. Оның ең басты да шешуді рөл алатыны
маркетингтік жұмыстар. Маркетингтердің негізгі жұмыс бағыты, соғыс кезіндегі барлаушылар іспетті десе артық болмас. Бұл мамандар кәсіпорынның нарық кеңесіндегі алар орынын, болашақтағы іс-жоспарларының бағытын, заман талабына сәйкес түтынушылар мен тапсырушылардың, облыстар мен аймақтардың саяси-экономикалық дамуына байланысты нақты жоспарлар жасап, алдын-ала атқарылар іс-шараларды, олардын бағаларын, өзіндік құндарының өзгеру мүмкіндігін анықтап отырады. Маркетингтік жұмыстардың ғылыми-теориялық негіз- дерін дамыту жолында көптеген шет ел мамандары айналысты. Мысалы Филипп Котлер, Джоэл Эванс, Гельмут Шмален
және басқалары, ал Ресейден -Завьялов, Афанасьев, Голубков, Хруцкий тағы басқалары.
Жалпы бүгінгі Қазақстан Республикасы заңдары негізінде кәсіпорындардың бірнеше түрлері бар.Жеке шаруашылық немесе мекеме-нақты бір тұлғаның меншегі және мекеменің барлық іс-шараларын, жоспарын, инвестиция тарту, кредит алу, баға тағайындау және түскен пайданы бөлу сияқты шараларды
бір өзі ғана шешеді де басқарады. Келесі біріккен мекеме- иелері
бірнеше тұлғалар болады. Оның айырмашылығы жоғарыдағы аталған және басқада басқару мәселелерді ортақ шешімге келу арқылы бір адам қабылдайды және іске асырады, ал қалғандары мекемеге салған негізгі қаржыларын соның басқаруына береді. Акционерлік қоғам. Ол үшін мекеменің иелері бес адамнан кем болмауы тиіс және оның басқару жүйесі де ерекше. Өйткені негізгі басқару орыны акционерлік қоғамның басқармасы, ол күнделікті жедел басқару жұмыстарын іске асырады, ал акционерлік қоғамның кеңесі басқарма орынының жұмысына бақылау жасап қадағалап отырады және ең жоғарғы басқару орыны акционерлер жиналысына баяндап отырады.Жалпы кәсіпорынға үлкен қаржы салумақсатынан келгенде акционерлік қоғам құру тиімді, өйткені үлкен инвестиция тарту, бағалы қағаздар шығару жұмыстарын ұтымды пайдалануға болады. Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде нарық кеңестігінде өз жұмыстарын атқарады.
Кез келген кәсіпорынның тиімділігін арттыру әртүрлі іс-амалдармен атқарылады. Ғылыми-техникалық жұмыстарды пайдалану, яғни жаңа технлогиядлар мен техзникаларды пайдалану, солар арқылы еңбек өнімділігін өсіру, шығындарды азайту немесе жаңа деңгейдегі бұйымдар шығару. Келесі амал өндірісте озық құралдар мен өнімсиымдылығын кемітер кабдықтар пайдаланып, оған үлкен қаржы салу. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасын арттыру мен басқару жүйесін жетілдіру. Автокөлікпен жүк тасымалдау жұмыстарында осы аталған амалдардың барлығыда үлкен әсер береді.
Автокөлік кәсіпорынының тиімділігін арттырудағы маркетингтік жұмысты ұйымдастыру мен олардан келер ұтымды
жақтарын анықтадық. Маркетинг как инструмент повышения эффективности предприятия. Маркетингтік жұмыс жүргізу арқылы күн талабындағы өзгерістер, яғни нарық кеңестігіндегі тұтынушылардың талаптарын, елдегі экономикалық реформа бағытын қадағалап, олардың басты талаптарын анықтайды. Тасымалдау жұмыстарын нарықтағы күнделікті керек тауарлар
мен бұйымдардың қозғалысын зерттеп, олардығ жылжу бағытын анықтау керек. Ол үшін оның қаншалықты тиімді, көлемді екенін білу керек.
Келесі осы жұмыстармен айналысып отырған бәсекелестіктерді анықтап, олар туралы мәліметтер жинастыру. Демек бәсекелестердің ең осал және мықты тұстарын білу. Яғни олардың мүмкіндігін, тасымалдау бағасын, автокөліктерінің маркалары мен түрлері, сандары, жүргізушілерінің құрамы мен кәсіби дайындықтары, мекеменің техникалық күтім және жөндеу
жүмыстарын атқару мүмкіндігі, қаншама мезгіл тасымалдау жұмыстарымен айналысады, кәсіпорынның иелері туралы мәдліметтерді жинақтап, олардың негізгі тұтынушылары мен тапсырыс берушілерін біледі. Тапсырыс берушілер жөнінде тікелей тапсырыс берушілер мен қатар ортадағы делдалдарды да анықтаған дұрыс. Олай болар себебі сырттан келген кәсіпкерлер ортадағы делдалар арқылы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда негізгі жүк жіберетін орындар, қоймалар, базарлар осындай делдарлар арасында нақты бөліске түскен.
Сонымен қатар халық тұтынар тауарларды тасымалдау үшін олардың қайдан, қайда қалай келіп-кететінін толық білу керек. Егер бұл тауарларды тасымалдауды қолға алу болса оның қаншалықты көлемде болатынын анықтайды. Мысалы Батыс өңірге күнделікті халық тұтынар тауарлар легі өте төмен, өйткені бүл аймақтардағы халық саны аз. Егер Ресей бағытына болса,
онда тасымалдау жұмыстарын мықтап қорлға алуға болады.Яғни тасымалдау жұмыстарын алыс аймақтарға орындау үшін оның болашағын білу керек. Ол үшін нақты аймақтың халықтары санын, олардың тұрмыс ахуалын, даму ерекшеліктерін толықтай білу тиіс. Өйткені аймақтарға тасымалдаумен айналысу үшін сол бағыттағы жол жағдайына, жол бойғы қауіп-қатерлер мен
қызмет көрсетер инфрақұрылымдарға сәйкес автомобильдерді және жүргізушілерді дайындау оңай шаруа емес.
Кәсіпорынның жұмыс бағдарламасын атқару үшін төмендегідей көрсеткіштер мен мәліметтерді негізгі алу керек.
-автокөліктердің саны, олардың техникалық жағдайы және тасымалдау мүмкіндіктері;
-автокөліктерге техникалықкүтім және жөндеужұмыстарын атқару және дер кезінде көмек беру мүмкіндігі,
-кәсіпорынның иелерінің немесе иесінің бұдан бұрынғы жұмыс тәжірибесі мен нарықтағы орыны;
-автокөлік жүргізушілері мен мамандардың кәсіби дайындық деңгейі;
-ұжымдағы ішкі тәртіп пен жауапкершілік;
-кәсіпорынның қаржыдай тұрақтылығы мен мүмкіндіктері;
-басқару тиімділігі мен нақты шараларды іске асыру мүмкіндіктері .
Аталған мәліметтерге сәйкес маркетингтік жұмысты атқару жеңіл болады. Өйткені кәсіпорынның нарық сұраныстарындағы алар орынын анықтап алып, одан әрі нақты бағытта жұмыс атқарылады. Яғни жұмыс орындау тиімділігі артыра, атқарылар уақыты қысқарады. Мысалы кәсіпорында өзі аударғыш автокөліктер болмаса құрылыс жұмыстарында үлкен тапсырыс алу мүмкін емес, немесе үлкен сиымдылықтары жоқ автокөліктерсіз алыс жолдарға жүк тасымалдау тиімсіз болады. Яғни нақты автокөліктер түрлеріне қарай жұмыс
түрлері таңдалады және іздестіреледі. Егер нарық сұраныстары басқа автокөліктер түрлеріне талаптар көбейер болса, онда автокөліктерді жаңарту жұмыстарын іске асыру керек. Демек маркетингтер жұмыс арқылы нарық кеңестігіндегі алар бағыты мен автокөліктерді жаңарту жұмыстары қолға алынып іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |